Тауарлар мен капиталдың халықаралық қозғалысы


 Экспорттық-импорттық операциялар мен капитал қозғалысын



Pdf көрінісі
бет13/36
Дата21.05.2022
өлшемі1,96 Mb.
#144391
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   36
Байланысты:
treatise25475

2. Экспорттық-импорттық операциялар мен капитал қозғалысын 
қамтамасыз ету шарттары 
Сыртқы сауда әлем шаруашылығының ұлттық шаруашылықтарын 
байланыстыратын халықаралық экономикалық қатынастардың негізін 
бастаушы болып тарихи түрде қалыптасқан. Сыртқы сауданың арқасында 
халықаралық еңбек бөлісі қалыптасады, ол сыртқы сауда мен басқа да 
халықаралық экономикалық операциялардың дамуымен тереңдейді және 
жетіле түседі. 
Қазіргі кезде барлық елдер әлем шаруашылығының қатысушысы болып 
табылады. Жекелеген елдердің әлемдік шаруашылыққа қатысушылығының 


30 
белсенділігі, интеграциялануы түрлі дәрежеде, бірақ та қоршаған әлеммен 
өзара экономикалық ынтымақтастық желілерімен белгілі бір дәрежеде 
байланыспаған 
ел 
болмайды. 
Елдің 
әріптестерімен 
жүргізетін 
сыртқыэкономикалық 
операциялары 
ұлттық 
экономикаларды 
әлем 
шаруашылығына айналдыратын әлемшаруашылық байланысы ретінде 
көрінеді. 
Әлемшаруашылық байланыстары өзінің дамуы барысында белгілі бір 
кезеңдерден 
өтеді, 
кезеңдердің 
ауысуы 
әлем 
шаруашылығының 
біртұтастығының күшеюінің, және де халықаралық экономикалық 
қатынастар - сауда мен қызмет көрсетулерден капитал өндіу мен одан әрі 
халықаралық өндіріске өтуі, одан әрі біртұтас әлемдік валюта, кредит, құнды 
қағаздар рыноктарын қалыптастыру сияқты жоғары деңгейінің сипатын 
береді. Әлем шаруашылығының негізін құрайтын әлемнің дамытан елдері 
әлемшаруашылық байланыстарының эволюциясының генераторы болып 
табылады. Туындаған жаңа кезең осы елдердің экономикалық қызметі 
бірлігінің күшеюімен сипатталады. Аталмыш кезең шаруашылық өмірінің 
интернационализациялануы мен жаһандануын, тауарлар, қызметтер
капиталдар, қаржы ресурстары ұлттық рыноктарының әлемдік рынокқа 
бірігуінің объективті тенденциясы қызметінің нәтижесі. 
Әрбір ел басқа елдермен белгілі бір сыртқыэкономикалық қарым-
қатынасқа ие болады. 
Мемлекетаралық экономикалық қатынастар негізгі екі бағыт - 
халықаралық сауда және қаржы бағыттары бойынша жүзеге асырылады. Ел 
тауарлар, қызметтер, ақша қаражаттары мен қаржы құралдарының импорты 
мен экспортын жүзеге асырады. Мемлекет алуан түрлі активтерді шығару 
мен енгізуді демеп отыруға мүдделі. Сондықтан да мемлекет өзінің 
резиденттері - жеке және заңды тұлғаларының (сол елде тіркелген), және де 
шетел мемлекеттерінің жеке және заңды тұлғаларының сыртқы 
экономикалық қызметін бақылап отырады. 
Сыртқы сауда байланысы - аталмыш елде өндірілген өнімнің бір бөлігі 
шетелге экспортталады, ал шетелде өндірілген тауарлар мен қызметтердің 
бір бөлігі аталмыш елге импортталып, тұтынылады немесе сол елде 
инвестицияланады деп болжанады. 
Қаржы саласында ұлттық экономикалардың өзара байланысы бойынша 
белгілі бір елдің азаматтары ұлттық активтермен бірге шетелдік активтерге 
де ие бола алады, соның ішінде ақша салымдарын шетелдік банкілерде ұстай 
алады, шетел компанияларын немесе үкіметтері шығарған құнды қағаздарды 
сатып ала алады, өз елінен тысқары аймақтардан қозғалмайтын мүлік сатып 
ала алады. 
Мұның нәтижесінде халықаралық тауарлар мен қызметтер рыногы, 
сонымен қатар қаржы рыноктары тығыз өріле отыра аталмыш елдің жалпы 
ішкі 
өнімінің 
көлеміне, 
инфляция 
деңгейіне 
және 
басқа 
да 
макроэкономикалық көрсеткіштерге әсер етеді. 
Қазақстанның экономикалық жағдайы Ресейдің экономикасы қандай 
кезеңде тұрғандығына тәуелді, және де сол елге қазақстандық экспорттаудың 


31 
көлеміне тікелей байланысты болады. Егер де Ресейде экономикалық өсу 
байқалатын болса, Ресейге экспорттауды өсіруі есебінен Қазақстандағы 
іскерлік белсенділіктің артуы бойынша, бір мемлекеттің экономикасының 
өсуі басқа елдің экономикасының өсуіне септеседі. 
Капиталдың халықаралық ағымдарының сипаттамасы мен бағыты, өз 
кезегінде белгілі бір елдің Орталық банкінің қандай кредиттік-ақшалық 
саясатты ұстанып отырғанына тәуелді болады. Сонымен, егер де РФ Орталық 
банкісі қатаң кредиттік-ақшалық саясатты жүзеге асырып отырса, оның 
салдары пайыздық ставканың көтерілуіне алып келеді, бұл жағдайда, егер де 
Ресейге капитал салу тиімді болатын болса, Қазақстаннан капиталдың кері 
ағынын күтуге болады. 
Жоғарыда айтылғандардың бәрі де әрбір елдің үкіметі экономикалық 
саясатын дайындаған кезде ашық экономикадағы макроэкономикалық 
көрсеткіштердің өзара байланысының механизмін есепке алмай қоймайтыны 
көрсетеді. Бұл жағдайда елдің халықаралық тауар, қызмет және капитал 
айырбасына қатысуын сипаттайтын негізгі макроэкономикалық өзгергіштер 
анықталуы және өлшенуі міндетті. 
Аталмыш ел мен басқа елдің арасындағы барлық мәмілелерге ағымдағы 
операциялар мен капиталмен жасалатын операциялар енеді. Бұған сәйкес 
төлем теңгеріміне үш құрамдас әлементтер енеді, бұлар: ағымдағы 
операциялар шоты; капитал қозғалысы шоты; ресми резервтердің өзгеруі. 
Ағымдағы операциялар шотына тауарлар мен қызметтер экспорты, 
импорт, инвестициялаудан түсетін таза кіріс және таза трансферттер жатады. 
Тауарлық белгі мен тауарлық импорттың арасындағы айырма сауда 
теңгерімін құрайды. Жалпы алғанда ағымдағы операциялар шоты 
кеңейтілген сауда теңгерімі ретінде жұмыс істейді. 
Капитал қозғалысы шотында активтермен атқарылатын барлық 
халықаралық мәмілелердің көрінісі беріледі, бұлар: шетелдіктерге активтер, 
облигациялар, қозғалмайтын мүлік және т.б., сатудан түсетін кірістер мен 
шетелден активтер сатып алу нәтижесінде пайда болатын шығындар. 
Шетелдіктерге активтер сату шетелдік валютаның қорын өсіреді, ал 
сатып алу, керісінше - азайтады. Сондықтан да капитал қозғалысы теңгерімі 
активтермен жасалатын барлық мәмілелерден таза шетел валютасының 
түсуін көрсетеді. 
Валюталық резервке ресми түрде алтын, шетел валютасын, ХВҚ-дағы 
елдің кредиттік үлесін плюс заимға алудың арнайы құқығы (ЗАҚ) және т. б. 
енгізіледі. Банкілік сектор активі көлемінің 2/3 жуығын елдің халықаралық 
резерві құрайды. Банкілік сектор активтерінің мұндай құрылымы дамушы 
елдер мен транзитивті экономикалы елдерге тән болып келеді. Дамыған 
елдерде резервтер активтердің 20%-нан аспайды, банкілік сектордағы шетел 
активтерінің басым бөлігін коммерциялық банкілердің активтері құрайды. 
Резервтік активтердің шотында орталық банкі мен үкімет органдары 
жүзеге асыратын шетел валютасын, алтын мен валютаны, алтын мен басқа 
активтерді сатып алу-сату операцияларының көрінісі беріледі. Мұндай 
операциялардың мақсаты пайда алу емес, төлем теңгерімінің бейтеңгерімін 


32 
реттеу, белгілі бір валюталардың курсын демеу және басқа да мақсаттар 
болып табылады. Ресми резервтер есебінен төлем теңгерімінің екі бабы - 
ағымдағы операциялар шоты мен капитал қозғалысы бойынша жетімсіздік 
немесе пассивтік сальдо жабылады. Бұл орталық банкінің жинақталған 
резервтік активтерді сату немесе мемлекеттің басқа банкілерден валюталық 
кредиттер алу жолы арқылы жүреді. Орталық банкі резервінің азаюы 
рынокта ақша ұсынысының өсуіне алып келеді және теңгерімде плюс 
белгісімен көрініс береді. Ағымдағы операциялар мен капитал қозғалысы 
шоттары бойынша белсенді сальдо ресми валюталық резервтердің өсуіне 
алып келеді және теңгерімде минус белгісімен көрініс береді. Ағымдағы 
шоттың, капитал қозғалысы шотының және резерв көлемінің өзгеруі 
сальдосының сомасы нөлді құрауы керек. 
Шынайы өмірде төлем теңгерімі оң немесе теріс сальдомен шығарылуы 
мүмкін. Бұл нәтиже екі шотқа ағымдағы операциялар мен капитал 
қозғалысына қатысты. Ол халықаралық сауда мен қаржы операцияларын 
жүргізудің нәтижесіндегі валюта қозғалысының (елге немесе елден сыртқа 
қарай) бағытын көрсетеді. Егер төлем теңгерімі жетімсіз болса, ел 
жұмсағанымен салыстырғанда, шетел валютасын аз алады. Жетімсіздіктің 
көлемі ресми резервтерді қысқартуға тең болады. Ал белсенді сальдо 
мемлекет жұмсағанымен салыстырғанда, шетел валютасын көп алып, мұның 
нәтижесінде валюталық резевтердің өсуі жүрді дегенді білдіреді. Әлемдік 
практикада тауарлар мен қызметтер импортын қаржыландыру үшін 
халықаралық резервтердің үш айлық көлем жеткіліктілігі ережеге 
қабылданған. 
Төлем теңгерімінің макроэкономикалық тағайындауы - аталмыш елдің 
шетелдік әріптестерімен халықаралық қатынасының жағдайын айқын 
формада көрсетуінде, ол мемлекеттік қарыздардың ақша-кредиттік, 
валюталық, бюджеттік-салықтық, сыртқы сауда саясаты мен басқаруын 
таңдаудың индикаторы болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет