Тауарлар мен капиталдың халықаралық қозғалысы



Pdf көрінісі
бет17/36
Дата21.05.2022
өлшемі1,96 Mb.
#144391
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   36
Байланысты:
treatise25475

Е - Z = NE

таза экспорты болып табылады. 
Ағымдағы операциялар есепшоты бойынша аталмыш кезеңде жүзеге 
асырылған мәмілелердің сомалық сальдосы тек қана кездейсоқ жағдайда 
нөлдік болып шығуы мүмкін. Бұл есепшот бойынша оң сальдо (
NE > 0

шетелдің ел алдындағы міндеттемелерінің өсуін білдіреді, ал теріс сальдо 
(
NE < 0
) елдің шетел алдында өзінің міндеттемелерін өсіргендігінің көрінісін 
беред. Бұл өзгерістер капитал мен қаржы құралдарымен операцияларды 
есепке алу кезінде ескеріледі. 
Бұл есепшотта сауда кредиттерін көрсетуден басқа, мұнда 
бейрезиденттердің елде және резиденттердің шетелдерде жүзеге асырылған 
инвестициялары, сонымен қатар капиталдық трансферттердің көрінісі 
беріледі. Бұл жағдайда инвестициялар қоржындық (құнды қағаздар сатып 
алу), тікелей және тағы басқалар деп бөлінеді. Қоржындық және тікелей 
инвестицияларды шектеу үшін практикада келесі критерийлерді қолданады: 
егер де инвестор кәсіпорынның кәдімгі акцияларының 10%-на ие болатын 
болса, онда ол салған қаражатты тікелей инвестициялауға жатқызылады. 
Тағы басқа инвестицияларға (прочим инвестициям) халықтың жинақтау 


39 
қаражаты, сауда кредиті, мерзімі асып кеткен қарыз ретінде қолдану үшін 
сатып алған шетелдік валютаны жатқызады. 
Капиталмен жүргізілетін операциялар сальдосының есепшоттары таза 
капитал экспорты (
NKE
) деп аталады. 
NKE > 0
болуы жағдайында елдің 
капиталы таза сыртқа ағады (шығарылады), ал 
NKE < 0
болуы жағдайында 
оны таза ішке құю (енгізу) жүреді. 
Ағымдағы операциялар мен капиталмен жүргізілетін операциялар 
есепшотының сомалық сальдосы төлем теңгерімінң сальдосы (
ZB
) болып 
табылады. Егер де 
NE > NKE
болса ел белсенді (артық) төлем теңгеріміне, ал 
NE < NKE
болса пассивті (жетімсіздік) төлем теңгеріміне ие болады. 
Сыртқыэкономикалық қызметте тепе-теңдікке қол жеткізу елдің төлем 
теңгерімінің тепе-теңдікте болуы түрінде көрінеді. Сыртқы тепе-теңдік 
ағымдағы есепшот теңгерімі плюс капитал қозғалысы теңгерімі нөлге тең 
болуы жағдайы шарты қанағаттандырылған жағдайда қамтамасыз етіледі. 
Төлем 
теңгерімінің 
жетімсіздігі 
(дефицит) 
аталмыш 
кезеңде 
шетелдіктерге олардан алғанмен (игіліктер экспортының түсімі плюс капитал 
импорты) салыстырғанда төлеуі (игіліктер импортына төлеу плюс капитал 
экспорты) көбірек болды дегенді білдіреді. Бұған сәйкес, шетелдіктер 
аталмыш елдің төлем теңгерімінің көлеміне тең ақша сомасына ие болады. 
Бұл ақша елдің орталық банкіне девиздерге (шетел ақшасына) айырбастау 
үшін ұсынылатын болады, мұның нәтижесінде орталық банкінің валюталық 
резерві қысқарады. Төлем теңгерімінің артықтығы жағдайында валюталық 
резерв оның көлемі шамасына өседі. 
Елдің валюталық резервінің өзгеруі өз мәнінде капитал мен қаржы 
құралдарымен жүргізілетін операциялар шотының құрамдас бөлігі болып 
табылады, алайда макроэкономикалық зерттеулер үшін бұл бапты жеке бөліп 
көрсетіп қоюға болады. 
Теория жүзінде төлем теңгерімінің кредиті мен дебеті бойынша сомалар 
сәйкес келуі керек. Алайда іс жүзінде теңгерімге ешқашан да қол 
жеткізілмейді. Бұл бір ғана операция жөніндегі сипаттамасын беретін 
мәліметтердің әр түрлі көздерден алынатындығымен түсіндіріледі. Мысалы, 
тауар экспорты жөніндегі мағлұмат кедендік статистикада сақталады, ал 
кәсіпорындардың шотына экспорттық жеткізулерден келетін шетел 
валютасының түсімі жөніндегі мағлұматтар әдетте банкілік статистикадан 
алынады. 
Төлем теңгерімінің сальдосы (ZB) келесі теңдеу түрінде көрінеді: 
ZB = (Е - Z) - (КЕ - KZ) = NE - NKE - ∆R
(25). 
Төлем теңгерімінің әртүрлі күйі 9-суретте көрсетілген. Оның жоғары 
бөлігінде төлем теңгерімінің ағымдағы операциялардың оң есепшоты 
жағдайындағы түрлі күй варианттары көрсетілген. Игіліктердің таза 
экспорты мен таза капитал экспортының көлемдері абсолютті көлем 
бойынша бір-біріне тең болатын болса, онда орталық банкінің валюталық 
резерві өзгермейтін болады (9 а-сурет). Егер де |NE| > |NKE| болса, онда олар 


40 
өседі (9 б-сурет), ал |NE| < |NKE| жағдайында (|NE| - |NKE|) айырымына 
азаяды (9 в-сурет). Ел ағымдағы операциялар мен таза капитал импорты 
есепшоты бойынша оң теңгерімге ие болған жағдайда, онда орталық банкінің 
валюталық резерві біріншісінің де, екіншісінің де сомасы көлеміне толығады 
(9 г-сурет). Аталмыш суреттің төменгі бөлігінде ағымдағы операциялар 
шотының пассивті сальдосы жағдайындағы түрлі күйі көрсетілген. Олар 
оның жоғарғы бөлігінің айналық көрінісін береді. 
Төлем теңгерімінің күйі Орталық банкінің активтерін өзгерте отыра 
елдегі ақша ұсынысының көлеміне әсер етеді. Мұны Халықаралық 
валюталық қор елге оның ұлттық валютасының тұрақтылығын демеп 
отыруына кредит ұсыну үшін шарттарын дайындау кезінде есепке алады. 
Әдетте, шарттардың ішінде Орталық банкінің үкімет пен коммерциялық 
банкілерге (бұларға ішкі кредитке) беретін кредиттерін өсірудің жоғарғы 
деңгейі келісіледі. Мұндай шектер келесі есептеулер арқылы анықталады. 
Ақшаға деген күтілетін сұраныс (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет