Негізгі түсініктер, терминдер:
Теңгерім, ағымдағы операциялар теңгерімі, төлем теңгерімі, фискалдық
саясат, ақша-кредиттік саясат, капитал мобильділігі, еуронарық, еурокапитал,
еуровалюта, синдикатталған (бірлестірілген) қарыздар, капитал ағыны.
Бақылау сұрақтары:
1.
Мемлекетаралық экономикалық қатынастар қандай бағыттар
бойынша жүзеге асырылады?
2.
IS-LM
моделі бойынша ұлттық шоттардың негізгі тепе-теңдігі
нені білдіреді?
3.
Ағымдағы операциялар теңгерімін жақсарту импортқа квоталар
енгізуге, импорттық салықтарды көтеруге немесе экспорттық субсидиялар
ұсынуға байланысты болады деген пікір дұрыс па?
4.
Жүзбелі валюталық курс жағдайында елдер арасындағы капитал
аударулары мобилді болған сайын фискалдық саясаттың нәтижелілігі қандай
себептерге байланысты соғұрлым төменірек болады?
5.
Неге көптеген елдер капитал ағынына тосқауылдар мен
шектеулер қоюға тырысады?
3. Тауар экспорты мен импортын жүргізү операциялары
Дүниежүзілік экономиканың қазіргі замандағы өзекті мәселелері
көптеген мемлекеттердің саясатында басымдылық орында болып отыр. Бұл
ұлттық экономиканың өзара тәуелсіздігімен түсіндіріледі.
Мемлекетаралық экономикалық байланыстар екі бағытта жүзеге асады -
халықаралық сауда және халықаралық қаржы алмасу.
60
Халықаралық саудада мемлекетте өндірілген өнімдердің бір бөлігі
шетелге (экспортқа) шығарылып, ал шетелде өндірілген тауарлар мен қызмет
түрлері импортқа жіберіліп, осы мемлекетте тұтынылады.
Қаржы саласында ұлттық экономиканың өзара байланысы көрсетіледі,
сонымен қатар резиденттер ұлттық активтерден басқа шетелдік активтерді де
пайдалана алады, атап айтқанда: шетелдік банктерде ақшалай салымдарды
ұстауға; шетел компаниялары мен үкімет шығарған құнды қағаздарды сатуға;
өз мемлекетінен басқа жерде жылжымайтын мүлік алуға құқылы.
Тауарлар мен қызмет түрлерінің халықаралық нарығы, сонымен қатар
қаржы нарықтары, бір-бірімен тығыз байланыста бола отырып, осы елдің
ұлттық кіріс көлеміне, инфляция деңгейі мен макроэкономикалық
көрсеткіштеріне тікелей әсер етеді.
Қазақстан резиденттері мен басқалар арасындағы экономикалық
мәмілелер сол кезең ішінде (1 жыл) елдің толемдік балансында айқындалады.
Қазақстанның сыртқы экономикалық қызметіне сандық (ақшалай) және
сапалық (құрылымдық) сипаттама бере отырып, оның дүниежүзілік
шаруашылығына қатысын көрсетеді.
Қазақстан Ұлттық Банкі қабылдаған төлем балансының схемасы жалпы
алғанда Халықаралық валюта қоры әдістемесіне негізделген.
Ағымдық операциялардың есебі бірнеше тараулардан тұрады: сыртқы
сауда балансы, қызмет балансы, инвестициялардан түскен кіріс балансы,
ағымдағы трансферттер балансы. Төлемдік баланстың бұл түрі көбінесе
баспа беттерінде жарияланады.
Ағымдық операциялардың есеп-шотының маңызды бөлігі - факторлық
кірістердің балансы болып табылады, өйткені бұл тарауда жалпы алғанда
шетелге салынған инвестициялардан түскен кірістер мен шетелдік
инвестициялар бойынша төлемдер жатады.
ХВҚ-дың Жарғысында арнайы VIII бап бар(2 (а), 3 және 4 тараулар).
Осы бап негізінде мемлекет ХВҚ келісімінсіз төлемдік операцияларды
жүргізүге, ағымдағы операциялар бойынша ақша аударымға шек қоюына
болмайды, валюталық бағамдар көп түрлілігін және кемсітушілік валюталық
шектеулер енгізе алмайды.
Көптеген елдер - ХВҚ мүшелері (152 мемлекет) осы бапты құптаған.
Қазақстан өзінің осы бапқа қосылуын 1995 жылы хабарлады.
Қазақстанның халықаралық экономикалық операциялары әртүрлі
алмасуды мына әрекеттер арқылы жүзеге асырады: тауарлар мен қызмет
түрлерін сату, бір қаржы активтерін басқа активтерге ауыстыру, халықаралық
аударымдар және т.б. Халықаралық мәмілелердің субъектілері болып түрлі
ұйымдар, фирмалар және жеке тұлғалар есептеледі, сондықтан олар
Қазақстан резиденттері немесе басқа елдердің резиденттері болуы мүмкін.
Қазақстанның ағымдық операциялары балансында резидент еместерге
тауарларды сату және оларға қызмет көрсетулерден түскен табыс және
резиденттердің шетелден тауарлар мен қызметтер алуға кеткен барлық
61
шығындары, сонымен қатар инвестициялардан түскен таза кірістер мен таза
ағымдық трансферттер көрсетілген.
Төмендегі 5-кестеден көріп отырғандай 2005 жылдан 2009 жылдар
аралығында 2005, 2006 және 2007 жылдарда ағымдағы операциялардың есеп
– шотында теріс қалдық (сальдо) болғандығын байқатады. Жалпы ішкі
өнімнің 2005 жылғы ағымдағы операциялар теріс сальдосы 0,9%, 2006 жылы
2,3% және 2007 жылы 7,8% құрды.
Осы жылдары таза экспорт көлемі (немесе экспорт – импорт сальдосы)
халықаралық қызмет бойынша шығындар мен резидент еместерге
инвестициялық кірістерді төлеуге жұмсалған.
2008 жылғы ағымдағы есеп – шот сальдосы оңтайлы болып, 2009 жылы
қайтадан теріске айналды. Теріс қалдық 2009 жылдың ЖІӨ 3,2% құрды.
Айта кететін мәселе, сырт елмен есеп айырысуда ағымдағы есеп-шоттың
теріс қалдықта болуы әрбір үш жыл сайын қайталанып отырады, мәселен,
2001-2003 жылдары, 2005-2007 жылдары.
Өсы 5-кестеде ағымдық шот балансының негізгі көрсеткіштерінің
динамикасы берілген, онда халықаралық капитал қозғалысының ағымдық
шоттар бойынша негізгі әлементтері айқындалған, оларға мыналар жатады:
тауар және қызмет саудасы, тартылған несиелер мен қарыздар бойынша
сыйақы төлеу, тікелей инвесторлардың кірісі, Ұлттық қордың негізгі қорлары
мен активтері бойынша сыйақы, ағымдық трансферттер.
Экспортқа тауар шығару 2009 жылы 2007 мен 2008 жылдармен
салыстырғанда күрт кеміді. Егер 2007 жылы экспорт 48,4 млрд. долл., 2008
жылы 72 млрд. долл. құраса, 2009 жылы төмендеп 44 млрд. долларға әрең
жетті.
Бұл жағдайды 2007 жылдың екінші жартысынан басталған қаржы-
экономикалық дағдарыспен түсіндірүге болады.
Өсыған байланысты импорт көлемі де 33,3-38,5 млрд. доллардан 28,8
млрд. долларға дейін кеміді. Сауда балансы бойынша 2009 жылғы кіріс 2008
жылмен салыстырғанда екі есе азайып, 2007 жылдың денгеиіне дейін
төмендеді.
Халықаралық қызмет көрсету экспортының қарқынды өсуі тоқтап,2008
жылдың көлемінен аса алмай тұрып қалғаны байқалады. Халықаралық
қызмет көрсету импорты да аздап төмендегені көрініп тур. Қызмет көрсету
балансының теріс қалдығы 6,6 млрд. доллардан 5,8 млрд. долларға азайған.
Солай болғанмен қызмет көрсету арқылы қаржының үлкен білігі сыртқа
кетіп жатқанын білдіреді.
Мұнай мен басқа да шикізат тауарларын экспортқа жіберушілердің
негізі шетелдік қатысушылармен құрылған кәсіпорындар болып табылады.
Шикізатты экспортқа шығарудан түскен түсім тікелей шетелдік
инвесторлардың салынған капиталынан түскен қомақты кірісті алып кетуіне
мүмкіндік туды. Егерде 2005 жылы шетелге кеткен кіріс көлемі 5,7 млрд.
доллар болса, 2007 жылдан 2008 жылға дейін ол 13,1 млрд. доллардан 18,9
62
млрд. долларға дейін өсіп, 2009 жылы ғана азайып, дегенмен 11,9 млрд. долл.
көлемін құрды.
Ағымдығы операциялардың жүргізуінен капиталдың сырттан келуі мен
сыртқа кетуі жайында және олардың құрымы туралы мәлімет 12-сүретте
көрсетілген.
63
5-кесте. Қазақстанның төлем балансының ағымдағы есеп-шоттары
АҚШ млн. долл
1999
2000
2001
2002
2003
2004
2005
2006
2007
2008
2009
А. Ағымдық шот
-235,97
366,31 -1389,52 -1024,34 -272,6
335,4
-1055,8 -1797,0 -8226,4
6978,1
-3404,5
Сауда балансы
340,28 2168,38 983,38
1987,14 13679,0 6785,4 10321,8 14641,7 15091,0 33518,9 15187,3
Экспорт
5988,53 9288,11 8927,811 10026,91 13232,6 20603,1 28300,6 38762,1 48351,1 71970,8 43961,1
Импорт
-5648,25 -7119,73 -7944,44 -8039,77 -9553,6 -13817,7 -17978,8 -24120,4 -33260,2 -38451,9 -28773,9
Қызмет балансы
-164,07 -797,02 -1374,39 -1997,86 -2040,4
098,7
-5267,3 -5912,0 -8071,8 -6615,8 -5800,2
Экспорт
927,46 1053,00 1260,21 1540,42 1712,3
2009,2
2228,4
2807,6
3555,0
4382,9
4265,8
Импорт
-1091,53 -1850,03 -2634,60 -3538,28 -3752,7 -5107,9 -7495,7 -8719,6 -11626,8 -10998,7 -10065,9
Кіріс балансы
-568,85 -1254,05 -1236,96 -1127,37 -1746,6 -2863,1 -5696,9 -9319,3 -13086,0 -18940,4 -11891,7
Несиелер мен займдары
бойынша төленетін
сыйақылар
-230,26 -232,18 -197,07 -213,07
-277,5
-413,4
-818,9
-1696,4 -3498,4 -3873,5 -2996,1
Тікелей инвесторлар кірісі
-329,57 -1045,90 -1147,23 -1014,80 -1448,3 -2376,4 -4795,5 -7823,7 -11245,1 -16623,9 -10224,3
Қорлар бойынша
сыйақылар
76,52
103,73
163,29
127,70
123,6
140,2
228,2
443,8
745,7
422,6
205,3
Ұлттық қор активтері
бойынша сыйақылар
30,30
72,58
68,1
112,3
181,8
378,6
715,5
766,5
615,6
Тағы басқа (нетто)
-85,55
-79,70
-86,24
-99,77
-212,5
-331,8
-493,5
-621,6
196,4
367,8
507,7
Ағымдық трансферттер
156,67
249,01
238,46
113,74
-164,7
-488,2
-413,5
-1207,4 -2159,5
-984,6
-900,1
Дереккөз: ҚҰБ мәліметтері бойынша құрылған
6
1
64
12-сурет. Ағымдық операциялардың балансының
құрылымы мен динамикасы
Ағымдығы операциялар бойынша түскен кірістердің жалпы сомасы 2005
жылғы 91,5% салыстырғанда 2009 жылы төмендеп 88,7% құрды. Балансты
аймақтық турғыдан бөліп таратса, онда шикізаттың көбі инвесторлар шыққан
мемлекеттерге кеткенін көруге болады, себебі пайдалы қазбалар шығару
саласындағы жобаларды олар қаржыландырады.
Тауар экспортында көбінесе мунай мен газ тасымалдау басым, олардың
көпшілік бөлігі ТМД-дан тыс елдерге бағытталған.
Ағымдығы операциялардың үлкен тапшылығы (2005-2007 және 2009
жылдары) ең алдымен халықаралық қызмет пен факторлық кірістер бойынша
үлкен пассивтік сальдоға қатысты болып, сыртқы сауда балансының өңтайлы
сальдосы тапшылықты жоя алмады. Бірақ қорытынды дисбаланс жыл сайын
тікелей инвестиция ретінде шетел капиталының келүімен, экспорттық
несиелермен, сауда қарыздарымен және басқа да қарыздар түрімен жабылып
отырды.
Ағымдағы есеп-шот тепе-теңдікті өлшеудің бір әдісі ретінде қолданған
өте дұрыс, сонымен қатар экономикалық саясатты жүргізудің ерекше
қажеттілігін керек етеді. Себебі ағымдағы есеп-шот тікелей мемлекеттің
нақты табысы мен адам өмірінің стандартты деңгейіне байланысты.
Ағымдағы есеп-шотта тапшылық пайда болған жағдайда оны
қаржыландыру проблемасы туындайды, ал бұл келешекте экономикалық
саясатты жүргізуге әсерін тигізбей қоймайды. Егер тапшылық кезінде төлем
балансы ағымдағы шоты ұлттық есеп-шотпен бірігетін болса, яғни елдің
шығындары кірістен асып кетсе, және де ұзақмерзімдік инвестиция келуі
арқылы тұрақты қаржыландырып тұрмаса, бұның түбі жақсылыққа
апармайды. Ал ақшалай активтерді шығару жолымен ағымдық есеп-шоттың
65
тапшылығын қаржыландырса, қарыздар өсіп кетеді және бұл қыйындықтарға
әкеледі.
Буны ұлттық кіріс теңдеуі бойынша анықтауға болады:
Достарыңызбен бөлісу: |