Негізгі түсініктер, терминдер:
Мемлекетаралық экономикалық байланыстар, халықаралық сауда,
халықаралық қаржы, төлем балансының ағымдағы есеп-шоттары, валюталық
түсім, Дүниежүзілік сауда ұйымы, сауда теңгерімі.
Бақылау сұрақтары:
1.
Егер тапшылық кезінде төлем балнсы ағымдағы шоты ұлттық
есеп-шотпен бірігетін болса, бұл қандай қиындықтарға әкеледі?
2.
Төлемдік операциялар бойынша ағымдағы есеп-шот балансы
қандай компоненттерден тұрады?
3.
Қазақстанда сауда теңгерімінің ағымдағы шотта үлесі бар ма?
4.
Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру Қазақстан үшін маңыздылығы
қандай?
4. Халықаралық қызмет көрсету мен кірістер операцияларының
тапшылығын төмендету проблемалары
Қазақстанның бейфакторлық қызметтер рыногы тұрақты түрде өсіп келе
жатқан сыртқы сауда айналымымен сипатталады. Алайда қызметтер
экспортының жеткіліксіз дамымаған инфрақұрылымына байланысты
халықаралық қызметтер саласында экспорттық-импорттық операциялар
бойынша тұрақты теріс сальдо байқалуда.
2000-2009 жылдар аралығы бойына қызметтер импорты экспорттан асып
түсуін жалғастырумен болды. Бейрезиденттер көрсеткен қызметтер көлемі
2005 жылмен салыстырғанда 2009 ж 25,5%-ға өсіп, 10,1 млрд. долл.
көрсеткіштен асып кетті, бұл халықаралық қызметтер саудасы айналымының
70,2%-ға жуығын құрады (18-сурет).
86
1850
2634
3538
3753
8720
4266
4383
3552
2708
2228
2009
1712
1540
1260
1053
10066
10999
11523
7496
5108
0
1000
2000
3000
4000
5000
6000
7000
8000
9000
10000
11000
12000
2000 ж. 2001 ж. 2002 ж. 2003 ж. 2004 ж. 2005 ж. 2006 ж. 2007 ж. 2008 ж. 2009 ж.
Қызметтер экспорты
Қызметтер импорты
18-сурет. Экспорттық-импорттық қызметтер динамикасы
Қазақстандық рыноктың негізгі позицияларының теңгерімделмегендігі
«Тасымалдар» бабы бойынша пассивті сальдо жағдайында және «Сапарлар»
және «Басқа да қызметтер» баптарының теріс сальдосы жағдайында
құралады.
Сауда теңгерімінің белсенді сальдосы жыл өткен сайын бейфакторлық
қызметтер пассивтеріне үлкен көлемде жұтылып кетуде. Бұл қызметтер
эксперты мен импорты бойынша халықаралық есептерде тепе-теңдікке қол
жеткізу үшін тауар экпортынан түсетін валюталық қаражат қосымша түрде
тартылады дегенді білдіреді.
Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі теріс сальдоның көлемі ЖІӨ-нің 0,6%-нан
аспауын талап етеді. Кері жағдайда бейфакторлық қызметтер бойынша
халықаралық есептерде мүмкін болатын тепе-теңдіктің бұзылуының
салдарынан айналып өту қиын болады.
Халықаралық қызметтер бойынша теріс сальдоның ЖІӨ-ге деген іс
жүзіндегі деңгейі 10-кестеде көрсетілген.
18-суреттен көріп тұрғанымыздай, қызметтер экспортының да,
импортының да жыл сайынғы өсімі қызметтердің сыртқы сауда
айналымының өрлеу динамикасын қамтамасыз етеді.
Халықаралық қызметтер құрылымы бойынша және оны ұсыну тәсілі
бойынша келесі түрлерге топтастыруға болады:
-
Сыртқы саудамен байланысты қызметтер, бұларга тауарлар, теңіз
және басқа да көлік қосымша шыгындары, сонымен қатар сақтандыру кіреді;
-
Технология алмасумен байланысты қызметтер, бұл түрдің ішінде
күрделі құрылыс, аяқтап өңдеу жүргізуге байланысты техникалық
ынтымақтастық, куәліктер мен технологиялық төлемдер, басқарушылық
қызметтерді атап көрсетуге болады;
87
10-кесте. Бейфакторлық қызметтер теріс сальдосының
ЖІӨ-ге қатысы, %
Жыл
Көрсеткіш
Теріс сальдо, млн. долл.
ЖІӨ, млн. долл.
Сальдоның ЖІӨ-ге
қатынасы, %
2000
797
18293
4,4
2001
1374,4
22125
6,2
2002
1997,9
24414
8,2
2003
2040,4
30847
6,6
2004
3098,7
43200
7,2
2005
5267,3
57100
9,2
2006
5912,0
81000
7,3
2007
7974,0
104200
7,7
2008
6616
133400
4,9
2009
5800
107400
5,4
Дерек көзі: ҚР Ұлттық банкі мәліметтері
-
Саяхаттар - Қазақстанның туризм және іскерлік сапарлар бойынша
түсімдері мен шығындарын біріктіреді;
-
Мүлде алуан түрлі операцияларды біріктіретін әр түрлі қызметтер
(банкілік шығындар, лизинг, киноматографиямен байланысты төлемдер және
т.б.);
-
Кірістер бойынша капиталға тиісті есептер, жинақталған капиталдан
түсетін пайыздар, дивиденттер мен басқа да кірістер;
-
Жалақы және басқа да еңбек кірістері (тікелей мәнінде - жалақы мен
зейнетақы). Бұл кредит бойынша - қазақстандық шекара маңындағы
еңбекшілері мен шетелдегі қазақстандық қызметтерлердің алатын
жалақылары. Ал дебетке - қазақстандық жалдаушылардың резидент емес
болып табылатын шетелдік жұмысқа төленетін жалақысы, сонымен қатар
Қазақстанда тұрып жатқан шетелдік жұмыскерлерді жалдаушылардың
немесе әлеуметтік ұйымдардың шетелге аударатын сыйақылары мен
әлеуметтік жәрдемақылары енеді;
-
Үкіметтік операциялар, бұған Қазақстандағы шетелдік үкіметтердің
және қазақстандық үкіметтің шетелдегі шығындары мен кірістері енеді.
Әкімшілік шығындарынан басқа, түсімдер қатарына (осы бап бойынша) -
ресми валюталық резервтен түсетін кірістер, ал шығындар қатарына -
мемлекеттік сектор міндеттемелері бойынша пайыздар енеді.
Өндіріс факторлары қозғалысы көзқарасынан алғанда қызметтер өндіріс
факторларының, соның ішінде ең алдымен капитал мен қызметтердің
халықаралық (еларалық) қозғалысына байланысты туындайтын факторлық
қызметтер (factor services) және қызметтердің қалған түрлері (көлік, саяхат
және басқа да қаржылық емес қызметтер) енетін бейфакторлық (non-factor
services) қызметтер түрлеріне бөлінеді.
88
Дегенмен де, қызметтер дәстүрлі түрде экономиканың «үшінші
секторы» түрінде қарастырылса да, қазіргі кезде оған әлемдік ЖІӨ-нің 2/3
бөлігі тиесілі болып табылады.
Қызметтер АҚШ экономикасында ЖІӨ-нің 75%-ы және басқа да
өндірістік дамыған елдерде ЖІӨ-нің 2/3-3/4 шегінде, сонымен қатар дамушы
елдердің көпшілігі мен көшпелі экономикалық елдердің көпшілігінде
абсолютті басымдылыққа ие. Ресейдің ЖІӨ-дегі қызметтердің үлес салмағы
50%-ды құрайды.
Қызметтер саны, олардың халықаралық экономика мен халықаралық
саудадағы рөлі тез дамуда, бұл ең алдымен ҒТП (ғылыми-техникалық
процесс), жалпы алғандағы халықаралық экономикалық байланыстардың
өсуі, әлемнің көптеген елдерінің халқының кірістері мен төлем
қабілеттілігінің өсуі салдарынан жүріп жатыр.
ХВҚ-ның төлем теңгерімін құруда қолданатын классификациялары
резиденттер мен бейрезиденттер арасындағы төлемдерге байланысты болып
келетін келесі түрлер жатқызылады: 1) көлік; 2) сапарлар; 3) байланыс;
4) құрылыс; 5) сақтандыру; 6) қаржылық қызметтер; 7) компьютерлік және
ақпараттық қызметтер; 8) роялти және лицензиялық төлемдер; 9) басқа да
бизнес-қызметтер; 10) жеке, мәдени және рекреациялық қызметтер;
11) үкіметтік қызметтер.
Қазақстанның қызметтер саласының айырмалық ерекшелігі ол саланың
дербес функциясымен қатар іс-әрекеттердің барлық саласымен іс жүзінде
тығыз байланыста болуында. Сондықтан да оның әрі қарайғы дамуы
экономиканың басқа да салалаларының жайы мен дамуына тікелей
тәуелділікте болады.
Мемлекеттің реформаларды жүзеге асыру жөніндегі бірізділік саясаты,
елдегі жүргізілген экономикалық қайта өзгертулер халықаралық қызметтер
саудасының тұрақты өсуіне және дамуына алып келді. Қазақстандағы
қызметтердің сыртқы сауда динамикасы оның біршама жоғары өсу қарқынын
көрсетеді.
Қазақстанның халықаралық қызметтер айналымының құрылымына
көліктік қызметтер (жолаушылар, жүк тасымалы, т.б.), сапарлар, байланыс
қызметтері, құрылыстық қызметтер, сақтандыру қызметтері, қаржылық
қызметтер, компьютерлік және ақпараттық қызметтер, роялти және
лицензиялық төлемдер, басқа да іскерлік қызметтер (шетелде таураларды
алып-сату және басқа да сыртқы сауда қызметтері, операциялық лизинг,
ттүрлі іскерлік, кәсіби және техникалық қызметтер, солардың ішінде
техникалық көмек көрсету), жеке тұлғаларға қызмет көрсету және мәдениет
пен демалыс саласында қызмет көрсету, мемлекеттік қызметтер енеді.
Республиканың экспорттайтын қызмет көлемінің 90%-ға жуығы көлік
қызметіне (тасымалға), мемлекеттік қызметтерге және сапармен байланысты
қызметтерге жатады.
Көлік қызметі Қазақстанның қызметтер экспортының негізі болып
қалуда. Бұл бап бойынша қазақстандық резиденттердің кірістері негізінен
жүк тасымалы қызметінен түсетін түсімдерден құралады.
89
Объективті фактор бойынша жүк ағындарының негізін теміржол көлігі
құрап, жүк көлігі қызметі экспортының 35,6%-ы үлесін иемденеді.
Бейрезидентердің Ресей мен Өзбекстаннан Қазақстан территориясы арқылы
жүк тасымалдауы және резиденттердің Қытайдағы әріптестерінен жүк
тасымалдау жөніндегі қызметтері «Тасымалдаулар» бабының қызмет
теңгерімінде үлкен үлеске ие болып тұр.
Сонымен
бірге,
бейрезиденттердің
Қазақстанға
импорттайтын
тауарларын тасымалдау қызметі 2000 жылмен салыстырғанда 2009 жылы 6,3
есеге (1509,6:241) дейін өсіп, тасымалдаулар бойынша 2000 жылы оң
сальдоға (+109,4), 2009 жылы да оң сальдоға (+180,5) алып келді (11-кесте).
11-кесте. Көлік түрлерімен жүк тасымалдау бойынша қызметтер
экспорты мен импорты, млн. АҚШ доллары *
Достарыңызбен бөлісу: |