Негізгі түсініктер, терминдер:
Сыртқы тепе-теңдік, ссуда, тікелей инвестициялар, ұлттық валюта,
қоржындық инвестициялар, «Қателер мен өткізулер» бабы, алтын-валюта
резервтері, валюталық реттеу, интервенция, индикаторлар, жаһандану.
Бақылау сұрақтары:
1.
Сыртқы тепе-теңдік қандай факторлар арқылы жүзеге
асырылады?
2.
Халықаралық
капитал
қозғалысы
халықаралық
қаржы
қатынастарға қандай әсер етеді?
3.
Мемлекеттердің ұлттық мүдделерін қорғау үшін қандай
шараларды жүзеге асыру қажет?
4.
Сырттан келетін таза капитал ағының ұлттық валютаның
айырбастау бағамына қандай әсері бар?
5.
Қоржындық инвестициялар дегеніміз не?
6.
Елдің халықаралық ұстанымына валюталық реттеу қалай
жүргізіледі?
7.
Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына енуі елімізге қандай
жаңа мүмкіндіктер әкеледі?
8.
Дүниежүзілік сауда ұйымына кірер кезде Қазақстанның
дайындық деңгейін қандай индикаторлар көрсетеді?
126
6. Қазақстан экономикасының дағдарысқа үшрауы, одан шығуы
және даму жолына түсуі
Дамушы елдерде сыртқы экономикалық қызмет нәтижесінде талаптар
мен міндеттемелер арасында теңгерімсіздік болғандықтан сыртқы сауда
балансының теріс сальдосы пайда болады, соның салдарынан мемлекеттік
бюджетте үнемі тапшылық болады. Экспорттық және импорттық
операциялар арасындағы айырманы жабу сыртқы (борыштық қарыз алу және
сыртқы борышты өсіру қажеттілігін тудырады.
Қаржылық көмекті, оның үстіне коммерциялық шарттармен сырттан
қарыздарды, кредиттерді және несиелерді алу үшін төлеу қажет. Қарызды
дер кезінде төлемеу сыртқы экономикалық қызметте тепе-теңдіктің
бұзылуына алып келеді.
Сыртқы қарыз экономиканың тепе-теңдігін бұзбас үшін және ел
дефолттық күйге тап болмас үшін сыртқы борышты белсенді басқару талап
етіледі. Оның қатарына мынадай экономикалық: сыртқы қарыздың шамасын
барынша кішірейту, жиналған қарызды қайта құрылымдау тартылған
қаржылық ресурстардың тиімді пайдаланылуын арттыру, сыртқы борышқа
қызмет көрсету бойынша мемлекеттік бюджеттің мүмкіндіктерін арттыру;
саяси: елдегі саяси тұрақтылықты ұстап тұру және сыртқы кредиторлармен
жақсы қарым-қатынаста болу шаралары жатады.
Сыртқы борышты басқару саясатын жүргізу кезінде елдің сырттан
алынған қарызды елдің өзінің мақсаттарына жетуін қамтамасыз ететіндей,
сондай-ақ сыртқы борышын кемітетіндей етіп пайдалану мүмкіншілігі негізгі
шарт болып табылады.
Егер сыртқы көмекті пайдалану әдетте өзінің экономикалық саясатын
көмек көрсететіндердің кеңестерімен келісу қажеттілігімен, сондай-ак
сыртқы борыштың өсуімен байланысты болса, онда коммерциялық
шарттармен сырттан қаржылық құралдарды алу экономикалық кеңестермен
көп байланыспаған, бірақ сыртқы борыштың артуын тездетеді.
Сырттан қарыз алуға қарағанда, тікелей және қоржындық инвестициялар
тәрізді сырттан келіп түсетін қаржылық ресурстардың мұндай құрамдас
бөлігі алған елдің сыртқы тәуелділігін тудырмайды. Алайда оларда бұл елдер
үшін теріс эффектілерден бос емес.
Мысалы, шетелдік тікелей инвестициялар ішкі рыноктағы шетелдік
бәсекелестікті күшейтуі, ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеу
мүмкіншілігін әлсіретуі (шетелдік капиталы бар фирмалардың олардың
шетелдік бас (материнская) компанияларында бар мақсаттарға тәуелді
болғандықтан) мүмкін, ал қоржындық инвестициялар алыпсатарлық
операцияларға ұшыраған және егер мемлекеттік ішкі қарыз қағаздарына
салынған болса, оның өсуіне алып келеді.
Ұлттық кірістің сыртқы қарыздар бойынша пайыздар түрінде
жылыстауы экономикалық өсу қарқындарын кемітуге, инфляциялық
процестердің дамуына, демек қарыздық ауыртпалықтың тереңдеуіне алып
келеді. Сыртқы борыш проблемасы - әлемдік экономикадағы ең
127
маңыздысының біреуі. Іс жүзінде барлық елдер, оның ішінде АҚШ,
Ұлыбритания, Германия, Франция және басқалары борышкер болып
табылады.
Егер дамушы елдер әдетте төлемге толық қабілетті болса, алайда
көптеген дамушы елдер үшін сыртқы қарыздар үлкен проблемаға айналып
тұр. Олар тіпті пайыздарды да өтей алмаған жағдайда және борышқа қызмет
көрсету үшін қарызға ақша алғанда, «борыш тұзағына» түседі. Бұл ретте
борыштар тез өседі және оларды қайтару проблемаға айналады.
Сыртқы борыш проблемасы дамушы мемлекеттердің ішкі саясатындағы
қателермен тереңдей түседі. Бірқатар елдердегі саяси тұрақсыздық олардан
ұлттық капиталдың қашуына алып келеді, нәтижесінде сыртқы борыштардың
едәуір бөлігі бұл елдерді тастап кетіп ұлттық капиталды орналастыруға
жұмсалады.
Сыртқы экономикалық қызметте теңдікті ұстау мемлекеттік бюджеттің
тапшылық деңгейі ЖІӨ-нің 5% аспауын талап етеді, алтын-валюталық
резервтердің көлемі тауарлар импорты бойынша шығыстарды үш ай ішінде
жабу үшін жеткілікті болуы керек, сыртқы борышқа қызмет көрсету
жөніндегі ағымдық төлемдердің қатынасы экспорттан түсетін жылдық
кірістердің 20% аспауы тиіс, жұмыссыздықтың кризистік деңгейі еңбекке
қабілетті халықтың жалпы санының 15-20% аспауы тиіс және т.б.
Жоғарыда
келтірілген
параметрлердің
салыстырмалылығына
қарамастан, оларды мелекеттік реттеудің көмегімен белгілі шектерде ұстау
сыртқы нарықта тепе-теңдікті сақтайды және экономикалық өсудің
тұрақтылығын және динамизмін қамтамасыз етеді.
Мемлекеттің сыртқы борышын қалыптастырудың теориялық есебі
кейнсиандық модельмен негізделеді, ол мемлекеттік экономикалық саясат
құралдарын бюджеттік шығыстарды, ақша массасы мен валюталық бағамды
реттеу құралдарын бір мезгілде пайдалану жолымен қол жеткізілетін бір
мезгілде үш секторда - нақты, ақша және сыртқы - осы тепе-теңдікті
қамтамасыз ететін кіріс деңгейі мен пайыздық мөлшерлеме қатынасын
көрсетеді.
Ол: жинақ ақша қаржылары және импортқа кететін шығыстар түрінде
жүйеден қаржылардың жылыстауы инвестициялар және экспорттан түсетін
кірістер түріндегі түсімдерге тең болғанда, нақты секторда тепе-теңдікті
орнату тәсілдерін (23-сурет) көрсетеді.
128
23-сурет.
Достарыңызбен бөлісу: |