Қорытынды 1.
Дүниежүзілік
ипотекалық
дағдарыс
сыртқы
займдауға
қолжетімділіктің шектелуімен, шетелдік инвесторлардың Қазақстан қор
рыногынай коммерциялық банкілердегі ликвидтілік жетімсіздігіне алып
келуімен байланысты болып келетін сыртқы ағынының арасындағы тепе-
теңдіктің бұзылуына алып келді, мұның барлығы Қазақстан қаржы
рыногынан шетел инвесторларының қысқа мерзімді активтерін әкетуі
нәтижесінде коммерциялық банктерде ликвидтілікті тапшылығына әкеліп
соқты.
2.
Экономикасының әлемдік экономикаға жоғары интеграциялануына
байланысты Қазақстан әлемдік рыноктың қатысушысы және халықаралық
қаржыландыру
көздерінің
реципиенті
ретінде
сыртқы
факторлар
саласындағы өзгерістердің өте әлсіз буыны болуы болып табылды.
3.
Ликвидтілік дағдарысы әлемдік рынокта дамушы рыноктарды,
соның ішінде тартылған қаржы ресурстарының басым бөлігі банкілік жүйеде
шоғырланған Қазақстан рыногының да несиелеу шарттарын қатайтты.
4.
АҚШ-тың ипотекалық рыногындағы дағдарыстан кейін қалыптасқан
ғаламдық ликвидтілік ташылық салдары Қазақстанның банкілік секторын
қорландыруына тікелей әсер етті.
5.
Ғаламдық ликвидтіліктің төмендеуіне, қарыз алудың сыртқы
көздеріне қол жеткізудің шектелуіне және олардың бағасының қымбаттауына
байланысты Қазақстан коммерциялық банкілері өз кезегінде берілетін
кредиттер бойынша пайыздық ставкаларды өсіруге және кредиттеу
шарттарын қатайтуға мәжбүр болды, бұл нақты сектор мен тұрғындарға
кредиттер ұсынудың қысқаруына алып келді.
6.
Қаржы нарығы мен банк жүйесін тұрақтандыру үшін, мемлекет
4 млрд. долл. бөлді, аталмыш қаржы жүйе құрушы төрт банкті қосымша
капитализациялауға жұмсалды. Бірақ, ақшалық-несиелік, валюталық және
фискалды шаралары сыртқы экономика аласында макроэкономикалық тепе-
теңдікті сақтау үшін және экспорт пен импорт арасындағы сәйкессіздіктерді
жоюга жеткіліксіз болды. Қазақстанның сауда серіктестері – елдерінде орын
алған валюта девальвациясы ұлттық валюта бағамын айтарлықтай нығайтты,
бұл қазақстандық тауарлардың әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігінің
төмендеуіне ықпал етті.
7.
Макроэкономикалық үйлсімсіздіктерді жою мақсатында ұлттық
валютаға 25%-ға девальвация жүргізілді. Сыртқы қарыздардың шамадан тыс
көп болуы инфлияцияны жақындатты және нақтылы қарыз көлемін
төмендету үшін теңгенің девальвациялау қажет болды.
8.
Экономиканың өсуіне ықпал ететін стратегиялық маңызы бар ірі
инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін, тікелей инестициялау
әдісімен шетелдік капитал тарту және оны тиімді пайдалануды жүзеге асыру
жолдары шешілуде.