Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Мұғалімнің танымдық (гностикалық) іскерліктерін өздігінен



Pdf көрінісі
бет73/301
Дата13.09.2024
өлшемі2,62 Mb.
#204308
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   301
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1)

Мұғалімнің танымдық (гностикалық) іскерліктерін өздігінен 
тәрбиелеуі. 
Бұл іскерлікті өздігінен тәрбиелеу үшін мұғалім өзінің оқытатын 
пәні мен педагогикалық білімдерін жетілдіру мақсатында ой әрекеттерін 
дамытуға, қабылдау, есте сақтау, зейін қоя білу, түсіну үдерістерін 
жетілдіруге 
бағытталған 
арнайы 
психологиялық
-
педагоги
-
калық
әдебиеттердегі әдістемелермен танысуы қажет. Әсіресе педаго
-
гикалық 
жағдаяттарды
түсініп, оларды талдап, салыстырып және жалпылай алу 
дағдыларын дамыта алу өте маңызды. Сонымен қатар мұғалімнің танымдық 
іскерлігін дамытуда педагогикалық бақылағыш
-
тық қасиеті үлкен рөл 
атқарады. Мысалы, сабақ үстінде оқушылардың мінез
-
құлықтарын бақылай 
отырып, мұғалім олардың танымдық бел
-
сенділіктерін, қызығушылықтарын 
және өзінің қаншалықты ынталан
-
дыра алатынын танып, оыту әдістемесінің 
қай қырларын дамыту қа
-
жеттілігін айқындайды. 


63 
Мұғалімнің конструктивтік (кұрастыра білу) іскерліктерін 
өздігінен тәрбиелеуі.
Мұғалімнің конструктивтік іскерлігін өздігінен 
тәрбиелеу үшін ол педагогикалық үдерістен 
күтілетін нәтижені бағамдай 
алуы керек. Әр істі алдын ала болжай алу кез келген адамға беріле бермейтін 
қасиет, сондықтан өзін
-
өзі тәрбиелеу арқылы мұғалім осы ойлау 
ерекшеліктерін дамыту негізінде сабақтары мен сабақтан тыс іс
-
шаралардың 
мазмұнын, оларды өткізудегі
тиімді
құралдар, әдіс
-
тәсіл
-
дерді дұрыс таңдай 
білетін болады.
Педагогикалық іс
-
шарадан күтіле
-
тін соңғы нәтижеге 
жетудің тиімді жоспарын құрастыра алу мұғалім
-
нің конструктивтік 
іскерлігінің даму деңгейіне тәуелді. Бұл іскерлікті дамыту үшін өз ынтасы 
бойынша ашық сабақтар, ашық тәрбие сағат
-
тарын өткізіп көруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет