Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Рефлексияның атқаратын қызметтері



Pdf көрінісі
бет76/301
Дата13.09.2024
өлшемі2,62 Mb.
#204308
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   301
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1)

Рефлексияның атқаратын қызметтері
төмендегідей жіктеледі: 

тұлғаның эмоциялық көңіл
-
күй жағдайын рефлексиялауы; 

тұлғаның оқу материалы мазмұнын рефлексиялауы; 

тұлғаның коммуникативтік байланыстардың себеп
-
салдарын
рефлексиялауы;

тұлғаның ұйымдастырушылық, басқарушылық қабілеттерін 
рефлексиялауы.


65 
Уақыт тұрғысынан қарастырғанда 
рефлексияның 
интроспе-ктивті, 
ретроспективті, проспективті
түрлері 
ажыратылады.
-
Ретроспективті рефлексия
– 
адамның өткен шақтағы іс
-
әре
-
кеттерінің, тәжірибесінің әдіс
-
тәсілдерін қайта айқындауы, бағалауы.
-
Проспективті рефлексия
– 
болашақта жүргізілетін іс
-
әре
-
кеттің 
мүмкін болатын құралы мен
болжамын анықтауы.
-
Интроспективті рефлексия

іс
-
әрекетті жүзеге асыру бары
-
сында 
ойлау үдерістерін қиындату, бақылау және түзету. 
Мұғалімнің 
өз тәжірибесін зерттеуі
және оны 
рефлексиялауы 
Д.Познердің пікірі бойынша 
кәсіби шеберлікті дамытудың
кілті бо
-
лып 
есептеледі. Әрине, даму үшін ең алдымен адам өзінің неге қол жеткізгенін, 
бұрынғы өткен тәжірибесін зерттеп, нені дұрыс, нені бұрыс істегенін 
анықтап, алға жаңа мақсат пен даму міндеттерін қоя алады.
Егер 
рефлексияның нысаны педагогикалық мәселелер болатын болса, онда бұл 
педагогикалық рефлексия болып табылады. 
Педагогикалық рефлексия
– 
мұғалімнің өз іс
-
әрекет мазмұны мен құрылымын жетілдіру үшін өз 
тәжірибесін тереңдете зерттеп талдауы.
Педагогикалық рефлексияның психологиялық ерекшеліктерін 
А.А.Бизяева жан
-
жақты зерделей келе оны мұғалімнің өз іс
-
әрекетін 
жетілдіру үдерісін 
зерттей алу қабілеті деп анықтап, рефлексияны дамыту 
тәсілдерін, рефлексиялық практикумдарын ұсынады.
Рефлексияның маңыздылығын Абайдың қара сөздерімен үндес
-
тігінен 
көре аламыз. 
«Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күніне бір 
мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір өзіңнен өзің есеп 
ал!» - 
деген ақын сөздері әр адам үшін өз әрекеттері туралы ойланудың, өзін 
ойша зерттеудің, өзін
-
өздері бағалаудың ма
-
ңыздылығын
түсіндіреді. 
Әр
адамның өз өмір жолына көз жүгіртіп, өткен
-
кеткенді ой елегінен 
өткізіп, болашағына үңіліп көрген сәттері болған шығар. Өмі
-
ріндегі кейбір 
сәтсіздіктердің себебін анықтауға байланысты ойларға терең бойлап, өз 
мінез
-
құлқын, көзқарастарын өзгертуге ұмтылу әр адамның өмірінде 
кездесетін жайттар. 
Мұғалімнің педагогикалық рефлексия негіздерін меңгеруі оның кәсіби 
іс
-
әрекеттерінің мақсат және міндеттерімен байланысты өзін
-
өзі дамытуға, 
өзін
-
өзі тәрбиелеуге негізделеді. «
Адам өзін-өзі терең түсін-генде ғана оның 
ақыл-парасаты кемелдене түсетін болады» - 
деп Қаюм Насыри 
ескерткендей, педагогикалық шеберлік те адамның ең алдымен өзін 
өзгертуден басталмақ.
Сонымен, рефлексиялық үдерісте 
сыртқы талаптардың адамның өзіне 
қоятын ішкі талаптарға айналуы қажет екен, себебі өзін
-
өзі ба
-
ғалау
адам 
дамуының ішкі факторына жатады. Өзін
-
өзі бағалау қажет
-
тілігі 
– 
жеке тұлға 
дамуының негізгі формасы болып табылады.
Адамның ішкі қабілеттерінің, күш
-
жігерінің мүмкіндігі өте зор. 
Кейбір мұғалімдерде мектепті нашар бітірген балалар жоғары оқу 


66 
орындарында да орташа студенттер қатарынан аса алмайды деген теріс 
көзқарас қалыптасқан. Болашағын алдын ала болжап жастарға мұндай 
тұжырым айту, әрине, асығыстық, себебі 
нашар оқыған оқушылар да жеке 
басын жан
-
жақты өрістете алады. Жаңашыл
-
педагог Ш.А.Амонашвилидің 
«балалардан ештеңе шықпайды» дегеніміз оның жар
-
қын
болашағын 
«тірідей жерлегеніміз» деген сөздерін есте сақтаған жөн.
Адамның ішкі 
әлеуетінің, мүмкіндіктерінің ауқымы өте кең, өмір
-
де өзіне лайықты жұмыс 
таппайтын адам бар дегенге сенудің өзі қиын. Қоғамда қаншама кәсіп

өнер

еңбек
,
іс
-
әрекет түрлері бар болғанымен

солардың ішінен өзіне лайықты, 
жарасымды орныңды таба білу тіпті де оңай іс емес. Сондықтан «та
-
лантсыз 
адам жоқ, өз орнын таппайтын адамдар кездеседі» деген дұ
-
рысырақ болар. 
Жас маман санасында өз өміріне басқалардың емес, өзінің жауапты 
екенін түсінуі, ар
-
ұят, намыс, адамгершілік сезімдерінің ба
-
сым болуы, 
өмірлік мақсатына жетудегі табандылығы мен құлшынысы оның өзін
-
өзі 
тәрбиелеуіне демеу болатын негізгі тетіктер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет