«Театрлік хореографиялық өнер және кітапханатану» кафедрасы



бет111/148
Дата12.09.2020
өлшемі1,02 Mb.
#63838
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   148
Дәріс 30

Тақырыбы: Жаңа ақпарат тасушылардағы құжаттар.

Дәрістің мақсаты: Қазіргі кездегі құжаттанудың дамуын анықтау

Дәрістің мазмұны: Ақпарат тасымалдаушы құжаттар тасқыны ішінде бір немесе бірнеше микробейне сақталған микрографиялық құжаттардың алар орны ерекше. Микрографиялық құжат (грек. Mikros кіші, grapho- жазамын) – микрокөшірме немесе микроқұжаттың түпнұсқасы микротасы молдаушы түрінде орындалады. Құжаттың бұл түріне микрофильмдер (МФ), микрофишалар (ФЩ) және микрокарталар (МК) кіреді. Микрографиялық құжаттар мен микроқалыптар – фото, - кино, - магнит лентасы, - оптикалық диск тәрізді кішігірім түрде шығарылады.

Олардың өзге құжаттардан басты айырмашылығы: көлемінің физикалық көлемі мен салмағының аздығы, ақпарат сақтаудағы ыңғайлылығы, оны есептейтін арнайы аппараттың қажеттігі жатады. Микроформалардың қызмет ету мерзімі – 500 және одан да көп жылдар.

Микрографиялық құжаттар репрография, микрография, микрофильм жасаудың нәтижесінде пайда болған.

Репрография – құжатты көшіру процесінің жалпы атауы. Мұнда баспа түріндегі (фотография, жарық, электрофотокөшірме) әрекеттер қолданылмайды.

Микрография – репрографияның бір бағыты, онда дайындау, өңдеу, микроқалыпты пайдалану әрекеттерінен тұрады.

Микрофильмдеу – фотоға түсіру, микрофильмдер жасау үшін әртүрлі құжаттарды фотоға түсіру. Өзінің шығу белгісіне қарай микроқалыптарды екіге бөлеміз: микроқұжаттардың түпнұсқасы және микрокөшірмелер.

Құжаттану түріне қарай микроқалыптар фотографиялық және баспа түріндегі құжаттар болып бөлінеді.

Микроқалыптарды жүйелеу құжаттанудың қарама-қайшылықты жеткіліксіз дәрежеде зерттелген саласы.

Микроқалыптардың негізгі танымдық белгісіне олардың пайда болуы, құжаттың материалдық негізі, ақпарат тасымалдау түрі, ақпарат ыңғайлығы, т.б. жатады. Ең алғаш микрокопия немесе микрокөшірмелер пайда болды (қолжазба, кітап, газет, суреттер, сызулар т.б. ). Мұнда түпнұсқа құжат бірнеше есеге ( 10, 100 т.б.) кішірейтіліп береді.

Микрокөшірме қағазға жазылған құжат көшіріледі. Есептеуіш техниканың көмегімен бірден микрофиша микрофильмге түсіріледі, қағазға жазылмайды.

Микроқалыптар құжаттану түріне қарай фотографиялық және баспаханалық әдіспен жасалады. Бұның фотографиялық әдіспен шығарылған түрі мөлдір негізде (оралған микрофильм, қиынды, түссіз микрокарта-микрофиша), бұдан өзге, яғни түссіз емес негізде (қағазға жазылған микрокарточка,микролекс, микрострип) жазылған микроқалыптар. Сонымен қатар магниттік, лазерлік, оптикалық, голографиялық т.б. микроқалыптарда бар. Басылу түріне қарай ақпараттар екі түрлі микроқалыпқа жазылады: аналогтық, дискреттік.

Аналогтық микроқалыптардағы микробейнелер көлемі кішірейтілген, табиғи түрде бейнеленеді. Оларға микрофильмдер, микрофишалар, микропринтер т.б. фотографиялық, баспаханалық микроқалыптар жатады.

Дискреттік микроқалыптағы ақпарат кодталған түрде, (яғни табиғи емес) беріледі. Дискреттік микроқалыпқа лазерлік микроқалыптар (голографиялық микроқалып, оптикалық диск), магниттік микроқалыптар, магниттік бейнедискілер, классикалық магнитті қалыптар: магнит картасы, магнит лентасы, магнит дискі және электромеханикалық жазбаның микроқалыпты (аналогтық бейнеқалып, грампластикалар). Микроқалыптардың жүйеленуін бір қосымша арқылы көре аласыз. Материалдық негізіне байланысты микроқалыптарды түссіз (ақпараттық іздестіруді жеделдету үшін беттік микроқалып) және түссіз емес(миниатюрлық-оңтайлы) факсимим, микрокадр, микротейк және микрострик, микрокрит, микролено)

Материалдық құрылысына қарай орамалы микроцилип және тегіс тасымалдаушы болып екіге бөлінеді.

Орамалы микроқалыпта (рулондық) микробейнелеулер сызық түрінде орналастырылады, ал тегіс тасымалдаушы да микробейнелеулер екі өлшемді түрде орналастырылады. Сонымен бірге бұлардың үшінші түрі – құрамдас микроқалыптар («джекет») типті кляссерлік карта, Ақпаратты сыйдыра білуіне қарай, яғни сыйымдылығына қарай микроқалыптар үлкен. (орамалы микроқалыптағы катулеканың сыйымдылығы 44000 кадр), кіші сыйымдылықты (ФШ 60-100 кадрға дейін, 8 кадрға дейін апертуралық карта) болып екіге бөлінеді.

Микроқалыптар машинада оқылатын құжаттар қатарына жатады, оларды құру мен қолдану үшін арнайы құралдар қажет (оқитын құрал). Түссіз емес алғашқы микрокөшірмелі – қазіргі замандағы фотографияның туыстасын – 1839жылы Д.Даскер дайындаған. 1852жылы мөлдір негіздегі алғашқы микрокөшірмелі жасап шығарды. 1853 жылы А.Росминг газеттің баспа материалын микрокөшірме жасауға талпыныс жасады, 1854ж. Х.Даймонд қолжазбаның микрокөшірмесін жасады. 1860ж. Р.Дагрон кішігірім бейнелердің шолуы үшін ең алғаш құрал ойлап тапты, 1870ж. Г.Скамони түссіз, мөлдір емес негіздегі микрокөшірмелерді жасауды сынақтан өткізді.

1405жылдан бастап микрокөшірмелерді кітапханаларда пайдалану қолға алынды. 1919ж. Бродин А., Фискне (АҚШ) микрофильмдерді оқу үшін алғашқы құралын патенттеді. Ресейде микрофильмдер жазу, оны жасау 1929жылдан бастап ол Батыс Европа елдеріндеде тарала бастады. Микротасымалдаушылардың номенклатурасының аясы кеңи бастады. Ораулы микрофильмдер мен бірге қиынды микрофильмдер де пайда болды. 1939ж. Микрофишалар пайда болды.

Ф.Райдер (АҚШ) кітапхана қорындағы кітаптарды сақтау үшін микрокөшірмелерді пайдалануды ұсынды. Осы кезде алғашқы автоматтандырылған микрографиялық жүйелер пайда болды.

1848 жылы кішігірім горсеттік басылым (оның идеясын 1430ж. А.Бонни ұсынған еді) пайда болды.


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет