Ескерту: Базалық құзыреттер 1кесте
Құзыреттер коды
|
Базалық құзыреттер (БҚ)
|
БҚ 1
|
Өзінің болашақ мамандығының мәні мен әлеуметтік маңыздылығын түсіну. Қазіргі әлем туралы ұғымға ие болу, қоғамда өзін және өз орнын жете түсіну.
|
БҚ 2
|
ҚР Конституциясыныңнегіздерін білу, экологиялық, құқықтық, ақпараттық жәнек оммуникациялық мәдениетке ие болу, мемлекеттік, орыс және шеттілдерінде қарапайым ептілікпен тілдесу.
|
БҚ 3
|
Тұрақты түрде жаңабілімдерді қалыптастыруға, кәсіби өсуге және жеке басының әлеуетін жүзеге асыруда қажеттілікке деген даярлығын білдіру.
|
БҚ 4
|
Қажетті ақпаратты іздестіруді жүзеге асыру және өзінің кәсіби іс-әрекетін іске асыру үшін оны пайдалана білу.
|
БҚ 5
|
Схемаларды және сызбаларды орындаудың тәжірибелік ептіліктері мен дағдыларына ие болу, техникалық құжаттаманы оқу, өлшеуіш құрал-саймандарды және аспаптарды пайдалану.
|
БҚ 6
|
Нәтиже сапасына жұмыс істеу, өз жұмысына, жабдықтарға, материалдар мен қорлардың шығынына жауапты болу.
|
БҚ 7
|
Технологиялық процестің бірізділігін ұстану, қойылған оқу және өндіріс міндеттерін орындау үшін барынша тиімді тәсілдер мен құралдарды таңдау.
|
БҚ 8
|
Өз денсаулығына жауапты болу, тәжірибелік жұмыстарды орындау барысында қауіпсіздік техникасы ережелерін ұстану.
|
Кәсіптік құзыреттер 2 кесте
ТжКБ деңгейі
|
Біліктілік
|
Кәсіптік құзыреттер(КҚ)
|
Белгіленген деңгей маманы
|
070512 1 – Шам жасаушы
|
КҚ 1.12.1 Өз жұмыс орнын дайындау.
КҚ 1.12.2 Әртүрлі жүйедегі шахталық шамдарға электролит құю және қуаттандыру.
КҚ 1.12.3 Қуаттандыру үстелдеріне аккумуляторлы батареяларды орнату және оларды қуаттандыру.
КҚ 1.12.4 Қуаттандыру агрегаттарына қызмет көрсету, өлшеуіш құралдарының көрсеткіштерін қадағалау, аспаптар көрсеткіштері бойынша қуаттандыру процесін реттеу.
КҚ 1.12.5 Аккумулятордың түйісу (контакт) бөліктерін тоттан, кірден, тұздардан және сілтіден тазалау.
КҚ 1.12.6 Шахта шамдарын тазалау, жарамдылығын және пломбылауынтексеру, оларды жөндеуге тапсыру және жөндеуден қабылдап алу.
КҚ 1.12.7 Шамдарды, өзіқұтқарғыштарды, газталдаушыларды тарату, қабылдау, тексеріп қарау мен есепке алу және олардың аздаған жөндеу жұмыстарын жүргізу.
КҚ 1.12.8 Еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі ережелерін ұстану.
|
070513 1 - Тиеуіш жүргізушісі
|
КҚ 1.13.1 Жұмыс орнын дайындау,
тежегіштерді және қорғаушы құрылғылар іс-әрекетін тексеру.
КҚ 1.13.2 Тиеуішті басқару.
КҚ 1.13.3 Тасымалдағышқа немесе вагонеткаларға кен массасын тиеу.
КҚ 1.13.4 Жанармайлар материалдарын машиналарға құю.
КҚ 1.13.5 Тиеуіш машинаның жұмысында ұсақ ақауларды табу және жою.
КҚ 1.13.6 Еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі ережелерін ұстану.
|
070514 1 - Үңгілеуші
|
КҚ 1.14.1 Өндірістік нарядты орындау үшін жұмыс орнын және жабдықтарды дайындау.
КҚ 1.14.2 Тиегіш, тиеп-жеткізу машиналары, қайта тиегіштер, суатқыштар, ысырма шығырлары және басқа да қолданылатын машиналар, механизмдер арқылы материалдар мен жабдықтарды тиеуді, түсіруді, жеткізуді жүзеге асыру және оларға қызмет көрсету.
КҚ 1.14.3 Көлденең, ылди және тік кен қазбаларын үңгілеу және кен қазбаларының опырылымы бойынша жұмыстарды орындау.
КҚ 1.14.4 Үңгілеу кешендерінмонтаждау және бөлшектеу.
КҚ 1.14.5 Ауысымды қабылдау және тапсыру, жұмыс орнын, керек-жарақтарды, құрал-саймандарды жинау бойынша жұмыстарды орындау, оларды тиісті күйге келтіру.
КҚ 1.14.6 Еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі ережелерін ұстану.
|
070515 1 - Скреперлік шығыр машинисі
|
КҚ 1.15.1 Белгіленген нарядты орындау үшін жұмыс орнын және жабдықтарды дайындау.
КҚ 1.15.2 Шығырды бекіту, жерге қосылуын тексеру, арқанды жалғау және ауыстыру.
КҚ 1.15.3 Желқайықты-аражабындар құрылғыларымен жабдықталған скреперлікшығырларды басқару.
КҚ 1.15.4 Байыту қалдықтарын және малта тас қалдықтарын ысырмалау.
КҚ 1.15.5 Пайдалы қазбаның қат төбесін тазарту және тегістеу.
КҚ 1.15.6 Қызмет көрсетілетін жабдықтарды монтаждауға, бөлшектеуге, жылжытуға және жөндеуге қатысу.
КҚ 1.15.7 Еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі ережелерін ұстану.
|
070516 1 - Өрттің алдын алу және оны сөндіру жөніндегі тау-кен жұмысшысы
|
КҚ 1.16.1 Белгіленген нарядты орындау үшін жұмыс орнын және жабдықтарды дайындау.
КҚ 1.16.2 Суатқышты құрастыру, бөлшектеу, жылжыту және орнату.
КҚ 1.16.3 Өрт сөндіру барысында суатқыш пен қойыртпақ ағынын басқару.
КҚ 1.16.4 Қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысындағы ақауларды табу және жою.
КҚ 1.16.5 Қойыртпақөткізгіш және суөткізгіш жырашықтарды, құдықтарды өткізу.
КҚ 1.16.6 Ауысымды қабылдау және тапсыру, жұмыс орнын, керек-жарақтарды, құрал-саймандарды жинау бойынша жұмыстарды орындау, оларды тиісті күйге келтіру.
КҚ 1.16.7 Еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі ережелерін ұстану.
|
Жоғары деңгей маманы
|
070501 2 - Тау-кен қазба машиналарының машинисі
|
КҚ 2.1.1 Тапсырмаларды орындау үшін жұмыс орнын,кен машиналары мен жабдықтарын дайындау.
КҚ 2.1.2 Өндіру және үңгілеу комбайндарын, қазып алу агрегаттары мен жоңқалау қондырғыларын басқару.
КҚ 2.1.3 Материалды-техникалық құралдармен қамтамасыз ету және өндірістік процестерді орындау барысында оларды жеткізу.
КҚ 2.1.4 Жұмыстар объектілері бойынша материалдарды, жаңа техниканы және автоматтандырылған басқару прициптерін зерделеу.
КҚ 2.1.5 Тау-кен жұмыстарын жүргізуге арналған тапсырмаға сай кен жабдықтарын ұйымдастыру және басқару.
КҚ 2.1.6 Қызмет көрсетілетін машиналардың монтаждау және бөлшектеу бойынша жоспарлы -алдын-ала ескерту жөндеу жұмыстарына қатысу.
КҚ 2.1.7 Тау-кен машиналары мен жабдықтарын сөндіру, жабдықтарды келесі ауысымға тапсыру.
КҚ 2.1.8 Еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі ережелерін ұстану.
|
070502 2 – Жер асты тау-кен жұмысшысы
|
КҚ 2.2.1 Тапсырманы орындау үшін жұмыс орнын дайындау.
КҚ 2.2.2 Өндірістік процесті орындау барысында материалды-техникалық қамтамасыз ету элементтерін қабылдау.
КҚ 2.2.3 Сутөкпе, құрғатым (дренаж) жырашықтарды және құдықтарды үңгілеу, бекіту, қалпына келтіру мен тазалау.
КҚ 2.2.4 Кен қазбаларының күйін қарап шығу, бүйірлері мен төбесін шабақтау және тарту.
КҚ 2.2.5 Жер асты құрылғыларын орнату және монтаждау бойынша жұмыстарды орындау.
КҚ 2.2.6 Машиналар, механизмдер, керек-жарақтарды жөндеу мен қызмет көрсетуде қатысу.
КҚ 2.2.7 Пайдалы қазбаларды үңгілеу және тазартым қазып алу барысында қосалқы жұмыстарды орындау.
КҚ 2.2.8 Еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі ережелерін ұстану.
|
070503 2 - Бекітуші
|
КҚ 2.3.1 Өндірістік нарядты орындау үшін жұмыс орнын және жабдықтарды дайындау.
КҚ 2.3.2 Материалды-техникалық қамтамасыз ету элементтерін жеткізу.
КҚ 2.3.3 Өндірістік тапсырмаға және кен жұмыстарының құжатына сай қажетті жұмыстарды орындау.
КҚ 2.3.4 Бекітпені алу, өтелген қазбаларды толтырмалау.
КҚ 2.3.5 Ауысымды қабылдау және тапсыру, жұмыс орнын, керек-жарақтарды, құрал-саймандарды жинау бойынша жұмыстарды орындау, оларды тиісті күйге келтіру.
КҚ 2.3.6 Еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі ережелерін ұстану.
|
070504 2 - Тазарту забойының тау-кен жұмысшысы
|
КҚ 2.4.1 Өндірістік нарядты орындау үшінжұмыс орнын,кен машиналары мен жабдықтарын дайындау.
КҚ 2.4.2 Забойды қарап шығу және оны қауіпсіз күйге келтіру.
КҚ 2.4.3 Уақытша және тұрақты бекітпені орнату, төбе жыныстарын нығайту.
КҚ 2.4.4 Жабдықтарды монтаждауға, бөлшектеуге, тасуға, жылжытуға және орнатуға қатысу.
КҚ 2.4.5 Пайдалы қазбаларды тазарта қазып алу бойынша жұмыстар кешенін орындау.
КҚ 2.4.6 Забойдан кен массасын ысырмалау және қазылынды кеңістікті толтырмалау.
КҚ 2.4.7 Суатқыштарды, тиеп-жеткізу, толтырмалау машиналарын, ысырма шығырларын, өзіжүргі төбе шабақтау сөрелерін және жұмыста қолданылатын басқа да машиналарды басқару.
КҚ 2.4.8 Кен массасы мен газдардың оқыс лақтырындыларын ескерту бойынша жұмыстарды орындау, еңбектің қауіпсіз жағдайларын ұстану.
|
070505 2 - Бұрғылау қондырғысының машинисі
|
КҚ 2.5.1 Өндірістік нарядты орындау үшін жұмыс орнын және жабдықтарды дайындау.
КҚ 2.5.2 Бұрғыларды, қашауларды және бұрғытәждерді таңдау, бұрғылау процесінде оларды ауыстыру, ұңғымаларды тазалау, жуу, науашықтау.
КҚ 2.5.3 Бұрғылау жабдықтарын құрастыру, бөлшектеу, жылжыту, жұмысқа дайындау, орнату және реттеу.
КҚ 2.5.4 Ұңғымаларды көміртектендіру, тығындау, шегенді құбырлармен бекіту, басқа да қосалқы жұмыстарды орындау.
КҚ 2.5.5 Әртүрлі типті бұрғылау станоктары мен қондырғыларын басқару.
КҚ 2.5.6 Геологиялық жағдайларға, кез келген қиындықтарға, бұрғылау жабдықтары мен құрал - саймандар күй-жәйіне қарай бұрғылау процесінің әдісін таңдау.
КҚ 2.5.7 Бұрғылау машиналары мен жабдықтарын сөндіру, жабдықтарды келесі ауысымға тапсыру.
КҚ 2.5.8 Еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі ережелерін ұстану.
|
070507 2 – Тау-кен қазбаларын жөндейтін тау-кен жұмысшысы
|
КҚ 2.7.1 Өндірістік нарядты орындау үшін жұмыс орнын және жабдықтарды дайындау.
КҚ 2.7.2 Кен қазбаларында уақытша және тұрақты рельс жолын төсеуді орындау, оны салудың дұрыстығын тексеру.
КҚ 2.7.3 Теспелерді бұрғылауды, оқпандарды, шурфтарды, зумпфтарды және сужиғыларды тазалауды орындау.
КҚ 2.7.4 Көлденең және ылди кен қазбаларын қайта бекіту.
КҚ 2.7.5 Қолданылатын машиналардың механизмдері мен керек-жарақтарына қызмет көрсету және ағымдағы жөндеуді жүргізу, аздаған ақауларын жою.
КҚ 2.7.6 Ауысымды қабылдау және тапсыру, жұмыс орнын, керек-жарақтарды, құрал-саймандарды жинау бойынша жұмыстарды орындау, оларды тиісті күйге келтіру.
КҚ 2.7.7 Еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі ережелерін ұстану.
|
070510 2 – Жер асты тау-кен монтажшысы
|
КҚ 2.10.1 Өндірістік нарядты орындау үшін жұмыс орнын,кен машиналары мен жабдықтарын дайындау.
КҚ 2.10.2 Өндірістік процесті орындау барысында материалды-техникалық қамтамасыз ету элементтерін жеткізу.
КҚ 2.10.3 Тау-кен жұмыстарының процесін орындау бойынша кен машиналары мен жабдықтарын тиімді басқаруға арналған қажетті жағдайларды жасау.
КҚ 2.10.4 Кен қазбаларында жабдықтардың орнын ауыстыру, жеткізу және орнату.
КҚ 2.10.5 Қазып алу және үңгілеу комбайндарының, тазартым забойындағы конвейерлердің механикалық бөліміне, май станциясына және басқа да забойлық жабдықтарға монтаждау мен бөлшектеуді жүргізу.
КҚ 2.10.6 Тұрақты (стационарлық) шахталық жабдықтарды, тежегішті арқандар мен парашютті құрылғыларды, шығырларды, монорельсті жолдарды монтаждауды, бөлшектеуді, баптауды және сынамалауды жүзеге асыру.
КҚ 2.10.7 Еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі ережелерін ұстану.
|
070517 2 - Толық қималы шахта оқпандарын бұрғылау жөніндегі құрылғы машинисі
|
КҚ 2.17.1 Өндірістік нарядты орындау үшін жұмыс орнын және жабдықтарды дайындау.
КҚ 2.17.2 Шахта оқпанын (шурфын) бұрғылау барысында бұрғылау қондырғысын басқару.
КҚ 2.17.3 Шахта оқпанын (шурфын) бекіту және арқаулау барысында крандарды, жылжыма арбашаларды, таль жүйесін, электртельферлерді басқару.
КҚ 2.17.4 Бақылау – өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін қадағалау.
КҚ 2.17.5 Бұрғылау тәртібін сақтау.
КҚ 2.17.6 Тюбингті бекітпелерді орнату және жинау, шахта оқпанына арқаулау элементтерін және т.б. жіберу.
КҚ 2.17.7 Қызмет көрсетілетін жабдықтардың жоспарлы-алдыналатын жөндеу жұмыстарына қатысу.
КҚ 2.17.8 Еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі ережелерін ұстану.
Ескерту: - Т және КБ оқыту мекемесінің бітірушілеріне шахта оқпандарын толық қимасымен бұрғылау қондырғысының машинисі құқығын алу мүмкіндігі шахта оқпандарын толық қимасымен бұрғылау қондырғысының машинист көмекшісі біліктілігі иесінде болады.
|
070518 2 - Көтергіш машинасының машинисі
|
КҚ 2.18.1 Тапсырмаларды орындау үшін жұмыс орнын және жабдықтарды дайындау.
КҚ 2.18.2 Тік, ылди оқпандарда, еңістерде және бремсбергтерде адамдарды, жүктерді, материалдар мен жабдықтарды көтеру мен түсіру ережелерін ұстана отырып көтергі машиналарын басқару.
КҚ 2.18.3 Көтергіш машинасының және тежегіш жүйесінің техникалық күйін бақылау.
КҚ 2.18.4 Көтергіштің жұмыс кестесін ұстану.
КҚ 2.18.5 Белгі беру мен шартты белгілер жүйесін білу, белгілерді беру және қабылдау.
КҚ 2.18.6 Көтергіш машинасы тұтынатын электрқуатының үнемді шығын режиміндегі жұмыс істеуі.
КҚ 2.18.7 Еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі ережелерін ұстану.
|
070519 2 - Жарушы
|
КҚ 2.19.1 Тапсырманы орындау үшін жұмыс орнын дайындау.
КҚ 2.19.2 Жарылғыш материалдарын жазғызып алу, қабылдап алу, тиеу, түсіру, базис және тарату қоймаларынан жұмыс орындарына жеткізу, қалғандарын қоймаларға тапсыру.
КҚ 2.19.3 Оталдырғыш оқшандарды дайындау.
КҚ 2.19.4 Қауіпсіз аймақтарды анықтау және қауіпті аймаққа күзет қою.
КҚ 2.19.5 Забойдағы метанның шоғырлануын алдын-ала өлшей отырып теспелерді, ұңғымалар мен камераларды оқтау, жарылыс желісін монтаждау, оның жарамдылығын тексеру.
КҚ 2.19.6 Жарылыс жұмыстарын өткізу туралы тағайындалған белгілерді беру.
КҚ 2.19.7 Ашық, жерасты кен және геофизикалық жұмыстарды жүргізу барысында жарылыс жұмыстарын орындау.
КҚ 2.19.8 Жарылыс жұмыстары орындарын қарап шығу, жарылмаған оқтамдарды жою.
КҚ 2.19.9 Жарылыс жұмыстары журналын жүргізу.
КҚ 2.19.10 Еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі ережелерін ұстану.
Ескерту: - сәйкес бағдарлама бойынша оқып білім алған, емтихандарды тапсырған және жарушының (жарушы-шебердің) Біріңғай кітапшасын алғандар, жарылыс жұмыстарын атқаруға жарушы (жарушы-шебер) ретінде жіберіледі;
- орта білімді, 22 жастан асқан, жерастында кем дегенде 2 жыл еңбек еткен уақыты (стажы) бар адам газ немесе шаң-тозаңның жарылысы бойынша қауіпті көмір шахтасына жарушы (жарушы-шебер) мамандығы бойынша арнаулы оқуға жіберіледі; 20 жастан асқан, өз кәсіпорны жұмыстарының профилі бойынша кем дегенде 1 жыл еңбек еткен уақыты (стажы) бар адам басқа жарылыс жұмыстары бойынша арнаулы оқуға жіберіледі.
|
|
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 15 маусымдағы
№ 384 бұйрығына 90-қосымша
|
Достарыңызбен бөлісу: |