Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік білім беретін оқу бағдарламаларын бекіту туралы



бет143/182
Дата14.04.2017
өлшемі21,55 Mb.
#13930
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   182

ЖКП 03

Этнопедагогика:

Қазақ этнопедагогикасы: теориясы және ғылыми-әдістемелік негізі. Этнопедагогикалық идеялардың қысқаша тарихы. Халық педагогикасындағы тәрбиенің түрлері: дене, еңбек, эстетикалық, ақыл-ой, елжандылық, экологиялық.


Халық педагогикасындағы отбасы тәрбиесі. Білім беру жүйесіндегі қазақ этнопедагогикасы.


Білімдер:

- этнопедагогиканың пәні, мақсаты, міндеттері, зерттеу әдістері;


- этнопедагогикалық идеялардың тарихы және қалыптасуы;


- ақыл-ой, еңбек, эстетикалық, елжандылық, экологиялық тәрбиенің мазмұны, құралдары.


Іскерліктер:


- қазақ халқының тәрбиесі туралы ақпараттар жинау;


- отандық педагогтардың этнопедагогикалық зерттеулерін оқу-тәрбие жұмысында қолдану;


- ұлттық тәрбиені жоспарлау.


БҚ 1,2,4,5,7,9

КҚ


1.5.2, 1.5.9,


1.6.2, 1.6.5,


1.7.2, 3.1.2,


3.1.4, 3.1.8, 3.1.11,


3.2.2, 3.2.4, 3.3.8, 3.2.11,


3.3.2, 3.3.4, 3.3.8, 3.3.11


3.4.2, 3.4.4, 3.4.8, 3.4.11


ЖКП 04

Тәрбие жұмысының әдістемесі:

Тәрбие жұмысының негізгі бағыттары, тәрбиенің әдістері, формалары, сынып жетекшісінің іс-әрекеті, сыныптан тыс тәрбие жұмысын жоспарлау. Сынып сағаттарын жоспарлау және өткізу. Жеке тұлғаны қалыптастыру моделі. Білім алушыларға ұлттық тәрбие беруегі халықтық педагогика.


Білімдер:

- мектептегі тәрбие жұмысының мақсаты, міндеттері, бағыттары;


- тәрбие әдістері, тәсілдері, құралдары;


- тәрбие жұмысын жоспарлау ерекшеліктері;


- сынып жетекшісінің міндеттері және функциялары;


- білім алушыларды тәрбиелеуде халықтық педагогиканы қолдану;


Іскерліктер:


- тәрбие жұмысын жоспарлау және өткізу;


- тәрбиенің алуан түрлі әдістерін, тәсілдерін, құралдарын қолдану;


- сыныптық, сыныптан тыс, мектептен тыс шаралардың алуан түрін қолдану;


- сынып жетекші жұмысын жүзеге асыру;


- ата-аналармен жұмыс жүргізу.


БҚ 1,2,4,5,6, 7,8,9

КҚ


1.5.2, 1.5.9,


1.6.5, 1.6.6,


1.7.1, 1.7.2,


1.7.8, 3.1.2, 3.1.4, 3.1.8, 3.1.11,


3.2.2, 3.2.4, 3.3.8, 3.2.11,


3.3.2, 3.3.4, 3.3.8, 3.3.11


3.4.2, 3.4.4, 3.4.8, 3.4.11


ЖКП 05

Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі:

Педагогикалық зерттеудің әдіснамасы. Зерттелетін мәселенің жағдайына талдау жасау. Зерттеу әдістері: бақылау, педагогикалық тәжірибе, педагогикалық эксперимент, сұрау әдістері.


Білім беру саласындағы алғашқы құжаттар: кітаптар, мақалалар, тезис-баяндамалар, энциклопедиялар, анықтамалық кітаптар, есептер мен диссертациялар, нормативті-техникалық құжаттар (стандарттар және т.б.), патенттер және басқа құқық қорғайтын құжаттар


Екіншілей құжаттар: аннотация, реферат және шолулар. Библиографиялық және реферативті басылымдар (реферативті журналдар).


Білім алушылардың зерттеу жұмыстарының логикасы және құрылымы, ғылыми жұмыстың нәтижелерін безендіру.


Білімдер:

- студенттердің ғылыми–зерттеу жұмыстары;


- педагогикалық зерттеу әдістері (бақылау, сұрау әдістері, эксперимент);


- зерттеудің логикасы және құрылымы;


- педагогикалық тәжірибені зерттеу және енгізу процесі;


Іскерліктер:


- зерттеу мақсатын, міндеттерін қою;


- бақылау жүргізу, сауалнама, шағын эксперимент өткізу;


- педагогикалық тәжірибені зерттеудің әдіс-тәсілдері;


- ғылыми жұмыс нәтижелерін безендіру.


БҚ 1,2,4,7,9

КҚ


1.5.1,


1.6.1,


1.7.1,


3.1.1, 3.1.5, 3.1.12,


3.2.1, 3.2.5, 3.2.12,


3.3.1, 3.3.5, 3.3.12


3.4.1, 3.4.5, 3.4.12


ЖКП 06

Анатомия, физиология және мектеп гигиенасы:

Кіріспе. Адам ағзасының морфофункциясы. Жүйке жүйесі және тірек қимыл жүйесінің құрылысы, қызметі, гигиенасы. Жоғары дәрежелі жүйке әрекеті. Жүрек –қан тамырлар жүйесі. Тыныс алу жүйесі. Ас қорыту жүйесі. Зат алмасу. Зәр шығару жүйесі. Тері. Ағзаны шынықтыру. Білім алушылардың қоршаған ортасына қойылатын гигиеналық талаптар.


Білімдер:

- ағзаның біртұтастығын қамтамасыз ететін негізгі механизмдер;


- ағза мен қоршаған орта, құрылысы және қызметі арасындағы байланыстар;


- жасуша мен ұлпалардың құрылысы, олардың қызмет ерекшеліктері;


- жүйке жүйесінің негізгі қасиеті, құрылысы, маңызы;


- жоғары дәрежелі жүйке әрекетінің типтері, тежелу түрлері;


- сезім мүшелерінің классификациясы, анықтамасы, олардың құрылысы, жалпы қасиеті;


- тірек–қимыл аппаратының құрылысы, қызметі, оның әрбір жас ерекшелік дамуындағы физиологиялық өзгерістері;


- ішкі секреция бездерінің құрылысы мен маңызы;


- зат алмасудың ағзадағы маңызы, түрлері;


- қан айналым жүйесі, жүректің құрылысы, қызметі, маңызы;


- тыныс алу жүйесінің маңызы, құрылысы;


- ас қорыту жүйесінің құрылысы, маңызы;


- терінің маңызы, құрылысы.


Іскерліктер:


- антопометриялық өлшемді өткізіп, оны орта статистикалық көрсеткіштермен салыстыру;


- ОЖЖ, және вегетативті жүйке жүйесі, сезім мүшерлері, зәр шығару жүйесі құрылысы туралы мылқау таблицамен жұмыс істеу;


- жоғары дәрежелі жүйке әрекетінің түрлері, жас ерекшеліктері;


- жас ерекшеліктеріне байланысты жұмыс қабілеттерін ескере отырып, сабақ кестесін құрып, талдау;


- сабақ бөлмесіндегі жылу мен жарыққа қойылатын гигиеналық талаптарды талдау;


- мектеп жасындағы балалардың негізгі зат алмасу көрсеткіштерін анықтау;


- балалар мен жасөспірімдерде туындайтын аурулар, олардың алын алу жолдарымен жұмыс;


- жүрек жұмысының ретін анықтау;


- бауырдың асқорытудағы маңызын анықтау;


- балалар мен жасөспірімдердің тамақтану тәртібін, гигиенасын сақтау;


- ауа, күн сумен шынығудың ережесін құру;


- күю, үсу кезінде алғашқы жәрдем көрсету.


БҚ 1,2,4,7,8,9

КҚ


1.5.1, 1.5.4, 1.5.8,


1.6.1, 1.6.4,


1.6.8,


1.7.1, 1.6.5, 1.6.9,


3.1.1,


3.1.4,


3.2.1, 3.2.4,


3.3.1,


3.3.4,


3.4.1,


3.4.4


ЖКП 07

Жаңа педагогикалық технологиялар:

Педагогикалық технология түсінігі, түрлері: дамытушылық ойындар технологиясы, педагогикалық қарым-қатынаста жеке тұлғаны ізгілендіру; демократияландыруға негізделген білім алушылардың іс-әрекетін белсендіру; күшейту негізіндегі әдістемелік білім жетілдіру; дидактикалық қайта құрастыру негізіндегі оқыту үрдісін басқару; ұйымдастыру  негізіндегі дамыта оқыту. Қазақстандағы авторлық мектептердегі педагогикалық технологиялар.


Компьютерлік технология. Мультимедиа технологиясы.


Желілік технология, Интернет-технология.


Қашықтықтан оқыту технологиясы.


Интерактивтік технология


Ақпараттық-коммуникациялық технология. Электрондық-әдістемелік жүйе жағдайында мұғалімнің әдістемелік жұмысқа дайындығы.


Білімдер:

- оқыту технологиясының мәні мен құрылымы;


- педагогикалық технология түрлері;


- мектеп жасына дейінгі балаларға арналған дамытушылық ойындардың түрлері;


- ынтымақтастық педагогикасы, жеке ізгілік, проблемалық оқыту, ойын дидактикалық бірліктерді ірілендіру, модульдік, компьютерлік, дамыту, деңгейлеп-саралап, оқытудың ұжымдық және топтық тәсілі, түсіндіре басқарып оза оқыту т.б. технологиялардың ерекшеліктері мен мазмұны;


- ақпараттық оқыту ортасын;


- компьютерлік технологияны;


- мультимедиа технологиясының принциптері;


- желілік және Интернет-технология мүмкіндіктері;


- қашықтықтан оқыту;


- АКТ, интерактивті оқыту технологиялары.


Іскерліктер:


- педагогикалық технологияларды жіктеу, талдау, жүйелеу;


- оқу ақпаратын модульдеу;


- сабақтарды жаңа педагогикалық технологиялар бойынша жоспарлау;


- мектеп жасына дейінгі балалармен ойындар өткізу;


- практикада педагогикалық технологияларды қолдану;


- компьютер, интерактивті тақта және қосымша құрылғыларын, мультимедия-технологияны пайдалану;


- оқу мақсатында электрондық қорларды, электрондық оқыту бағдарламаларын, Интернет мүмкіндіктерін қолдану.


БҚ 1,2,4,5,7,9

КҚ


1.5.2, 1.5.3, 1.5.5, 1.5.9,


1.6.2, 1.6.3, 1.6.5,


1.7.2,


3.1.2, 3.1.3, 3.1.4, 3.1.5, 3.1.6, 3.1.10, 3.1.11, 3.1.12,


3.2.2, 3.2.3, 3.2.4, 3.2.5, 3.2.6, 3.2.10, 3.2.11, 3.2.12


3.3.2, 3.3.3, 3.3.4, 3.3.5, 3.3.6, 3.3.10, 3.3.11, 3.3.12


3.4.2, 3.4.3, 3.4.4, 3.4.5, 3.4.6, 3.4.10, 3.4.11, 3.4.12


ЖКП 08

Педагогикалық шеберлік негіздері:

Педагогикалық техника, мұғалімнің сөйлеуі. Білім алушылар мен мұғалімнің қарым-қатынас мәдениеті.


Мұғалімнің оқу-тәрбие үрдісін басқарудағы шеберлігі.


Білімдер:

- педагогикалық шеберлік элементтері: ізгілендіру бағыты, кәсіптік білім, педагогикалық қабілет, педагогикалық техника;


- педагогикалық техника компоненттері;


- мұғалімнің дидактикалық, ұйымдастыру, коммуникативтік біліктері;


- педагогикалық қарым-қатынас ұғымы, қызметі, құрылымы, стильдері;


- сендіру мен әсер ету тәсілдері.


Іскерліктер:


- педагогикалық шеберлікті жетілдіру, өзін-өзі тануға қажеттілікті қалыптастыру;


- білім алушыларды танымдық жұмысқа жұмылдыру, ұжыммен және жеке тұлғамен қарым-қатынас орнату, бақылау жүргізу, ұжымды ұйымдастыру;


- білім алушылармен өзара әрекет орнату;


- ынтымақтастық педагогикасы негізінде білім алушылардың танымдық қызметін белсендіру.


БҚ 1,2,4,5,7,9

КҚ


1.5.2, 1.5.9,


1.6.2, 1.6.5,


1.7.2,


3.1.2, 3.1.4, 3.1.8, 3.1.11,


3.2.2, 3.2.4, 3.3.8, 3.2.11,


3.3.2, 3.3.4, 3.3.8, 3.3.11


3.4.2, 3.4.4, 3.4.8, 3.4.11


ЖКП 09

Менеджмент негіздері:

Менеджмент ғылым ретінде. Басқару ойлары теориясының дамуы. Менеджменттің ғылым ретінде дамуының бағыттары мен мектептері.


Басқару ғылымы.


Басқару мәдениеті.


Басқару әдістері. Менеджмент мазмұны, әдістері мен қызметі.


Ішкі және сыртқы ортаны басқарудың кешенді жүйесі.


Басқару қызметі.


Дәстүрден тыс ғылыми басқару.


Менеджмент деңгейлері.


Кәсіпорын менеджері және басқару тиімділігі.


Менеджер басқарушы ретінде. Қызметкерлерге жеке қарым-қатынас. Менеджер қызметінің кең ауқымдылығы. Жоспар құру. Жұмыстың жоғары нәтижелілігі.


Жоспарлау-кәсіпорынды басқару жүйесі ретінде.


Бизнес – жоспар. Бизнес – жоспар құрылымы.


Педагогикалық менеджмент теориясы, әдістемесі мен технологиясы.


Білімдер:

- менеджмент дамуының бағыттары мен мектептері;


- менеджмент жүйесі, мәні, функциялары, деңгейлері;


- педагогикалық менеджмент туралы;


- басқару және өзін-өзі басқару әдістері;


- микроәлеуметтік басқару принциптері;


- менеджер қызметінің спектрі;


- бизнес-жоспар құрылымы.


Іскерліктер:


- адами қарым-қатынастарды реттеу;


- басқару әдістерін қолдану;


- бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету;


- микроәлеуметтік басқару принциптерін қолдану;


- қызметкерлерге жеке қарым-қатынас табу;


- бизнес-жоспар жасақтау.


БҚ 1,2,4,7,9

КҚ


1.5.1,


1.6.1,


1.7.1,


3.1.1, 3.1.5, 3.1.12,


3.2.1, 3.2.5, 3.2.12,


3.3.1, 3.3.5, 3.3.12


3.4.1, 3.4.5, 3.4.12


ЖКП 10

Мемлекеттік тілде іс-қағаздарын жүргізу:

Іс жүргізу ұғымы, жүйесі және ұйымдастыру. Ұйымдастырушылық-өкімдік, нормативтік-құқықтық, анықтамалық құжаттар. Еңбек қатынастарын құжаттау. Істі безендіру, сақтау және мұрағатқа тапсыру. Қызметтік этикет.


Білімдер:

- іс-қағаздарын жүргізу негіздері;


- қызметтік құжаттар;


- кәсіптік терминдер;


- қызметтік этикет;


Іскерліктер:


- іс-қағаздарын жүргізу;


- істі безендіру, сақтау, мұрағатқа тапсыру;


- кәсіптік бағыттағы мәтінді, іскерлік құжаттарды өңдеу және жетілдіру.


БҚ 4,5,6,7,9

КҚ


1.5.2,


1.6.2,


1.7.2, 1.7.5,


1.7.9


3.1.4, 3.1.5, 3.1.9,


3.2.4, 3.2.5, 3.2.9,


3.3.4, 3.3.5, 3.3.12


3.4.4, 3.4.5,


3.4.9


АП 00

Арнайы пәндер






0105013 – Бастауыш білім беру мұғалімі











АП 01

Қазіргі қазақ тілі және қазақ тілін оқыту әдістемесі, каллиграфия:

Қазіргі қазақ тіл ғылымының қалыптасу және даму жолдары.


Фонетика. Графика. Орфоэпия. Лексика және фразеология. Сөзжасам. Сөз таптары.


Морфология.


Синтаксис. Жай сөйлем. Құрмалас сөйлем. Сөйлеу мәдениеті.


Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Сауат ашу әдістемесі.


Әліппеге дейінгі кезең. Әліппе кезеңі. Әліппеден кейінгі кезең. Жазуға үйретудің мақсаты, әріптердің топтасуы. Жазуға үйрету әдістері. Жазу үлгісі. Грамматиканы оқыту әдістемесі. Тіл дамыту әдістемесі. Кластан тыс жұмыстарды жүргізудің әдістемесі.


Білімдер:

- тіл заңдылықтары, ерекшеліктері;


- сөз мағыналары;


- қазақ тілінің лексикалық, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік құрылымы, сөзжасамдық жүйесі, сөйлем құрылысы және олардың өзге тілдермен ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыру;


- лингвистикалық талдау;


- бағдарламаға талдау жасау;


- оқытудың әдіс-тәсілдері;


- оқу құралы түрлері және қолдану әдістері;


- оқытудың жаңа технологиялары;


- жазуға үйрету әдістері;


Іскерліктер:


- тілдің лексикалық, сөз тудырушы, грамматикалық, стилистикалық нормаларын қодана білу; байланыстырып сөйлеу, тіл мәдениеті талаптарын орындау;


- ереже, анықтамаларды қолдану;


- тілді оқытудағы пәнаралық байланысын жүзеге асыру;


- ақпарат құралдарын қолдану;


- әріптерді топтастыру;


- жазу үлгісін пайдалану;


- әріп, буын, сөз, сөйлем, мәтін жазу;


- қазақ тіліне арналған бағдарламалардың мазмұны мен талаптарын пайдалана білу;


- оқу құралдарының әдістемелік ақпараты мен мазмұнын талдау;


- білім алушыларды сауаттылыққа, жазуға, оқуға, грамматикаға, сөйлеуге үйретудің негізгі әдістері мен тәсілдерін ажырата білу;


- көрнекі құралдар мен оқытудың техникалық құралдарын пайдалану.


БҚ 1,2,4,5,7,9

КҚ


3.1.2- 3.1.7, 3.1.9, 3.1.11, 3.1.12


АП 02

Математиканың теориялық негіздері және бастауыш класта математиканы оқыту әдістемесі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет