Техникалық және кәсіптік білім беру



бет12/101
Дата25.01.2022
өлшемі219,2 Kb.
#114106
түріКонспект
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   101
Байланысты:
тірек конспект мемлекеттік тілде іс қағаздар жүргізу
шешім 12.04.-19.04, Басқару стилінің қызметкерлердің қызмет жағдайларымен қанағаттануына әсері, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, Ағылшын тілі (2), нау3 лек, 8-наурыз Құттықтау, 9 дарис Аритмиялар. Кардиомиопатиялар. Кардионевроздар (1), 9 дарис Аритмиялар. Кардиомиопатиялар. Кардионевроздар, Документ Microsoft Word (6), ЕРИТИНДИЛЕР ТЕОРИЯСЫ-УМКД (1), 6В05101 биохим 2021, кәсіби
2.3-тақырып, ХХ ғасырдың бас кезіндегі ресми іс қағаздар тілі

Жоспары:

1 . 20 ғасырдың басындағы іс қағаздары

2. Қазіргі ресми іс қағаздар тілінде жиі кездесетін ұйымдасу етістігі

20 ғасырдың басындағы іс қағаздары, негізінен, аударма материалдар болып келеді. Бұл кездегі іс қағаздары стилі XIX ғасырдың II-жартысына қарағанда дамып жетіле түсті. Дегенмен, Б.Əбілқасымовтың көрсетуінше, «XX ғасырдың бас кезіндегі қазақша іс қағаздарының тілінде көне түркі əдеби тілдік дəстүрлі грамматикалық формалар мен сөз өрнектері көп уақыт бойы сақталып келді. Олар уақыт озған сайын, қазақ арасынан шыққан оқыған интеллигенттердің саны көбеюімен байланысты өзгеріске ұшырап, ондағы өзге тілдік элементтер халықтық формалармен алмастырыла бастады».

ХХ ғасырдың басындағы ресми іс қағаздары тілінің лексикалық ерекшеліктері — олардың мəтіндерінен араб-парсы сөздері, көне түркі тілінің жəне орыс тілінің элементтері, диалектизмдер, қазіргі тілде айтылмайтын терминдік атаулар, татар, түркі тілдерінің элементтерінің кездесуі болып табылады. Бұл кездегі əдеби тілде лексикалық жарыспалылық (варианттылық) орын алған (низам/заң/закон; мерзім/уақыт/мезгіл/срок; бап/статья; шығын/расход; айып/штраф; жоба/проект) т.б.

Қазан төңкерісінен кейінгі жылдар — қазақ əдеби тілінің функционалдық стильдерінің жеке- жеке қалыптасып, сараланып, дами бастаған кезеңі. Бұл дəуірде əдеби тіліміздің лексикасы, төңкерістен бұрынғы күйімен салыстырғанда, жан-жақты толығып, жетіле түскені сөзсіз.

Дегенмен, бұл кезеңдегі ресми стильдің тіліне тəн құбылыс — бір мағынаны, ұғымды атау үшін бірнеше синонимдердің, вариант сөздердің қолданылуы болды: арыз//өтініш; хабарландыру// құлақтандыру; жоспар// план; баға// бəс т.б.

Қазан төңкерісінен кейін, 1920 жылғы 4 қазанда, ҚазАССР-інің құрылуына байланысты, Қазақстан дербестік алып, мəдениеті мен əдебиетінің дамуына жол ашылды. 1921 жылғы ақпанның 2- сіндегі «Республиканың мемлекеттік мекемелерінде орыс, қазақ тілдерін қолдану туралы» № 19 декреті бойынша қазақ тілі орыс тілінің шылауына тіркелді (ҚырАССР Орталық Атқару комитеті, халық Комиссарлар Кеңесі Декретінің № 1 жинағы, 174–175-б.).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет