«Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі» МКҚК материалдық техникалық базасын нығайту мақсатында «Жас маман» жобасына қатысып іріктеуден өтті.
"Жас маман" жобасын жүзеге асыру ережелері, механизмдері 27 қыркүйек күні қабылданып, ҚР Білім және ғылым министрлігінің №425 бұйрығымен бекітілген. Бұл жоба аясында 180 колледж бен 20 жоғары оқу орнын қайта жаңғырту қарастырылған. Оның ішінде материалдық-техникалық базасын жаңғырту және оны жетілдіру, кадр даярлаудағы халықаралық стандарттарды енгізу жұмыстары бар.
Холдинг төрағасының сөзінше, қайта жаңғырту тізіміне оқу орындары іріктеу үшін алдымен әр аймақта өңірлік комиссия құрылған. Сол комиссияның ұсынымымен республикалық комиссияға колледждердің тізімі берілді.
"Жас маман" жобасы Қазақстан Республикасының бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2019 жылдың 23 қаңтарында Жастар жылы салтанатты шарасының ашылуында берген тапсырмасы негізінде әзірленген. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына сәйкес "Жас маман" жобасының операторы болып "Кәсіпқор" холдингі" КЕАҚ белгіленген.
Колледждерде кадрларды дайындаудың халықаралық стандарттарын енгізу үшін шетелдік серіктестер тартылады. Шетелдік серіктеспен бірлесіп кадрларды дайындау бағдарламаларын жаңарту, оқытушыларды даярлау және оқу орны мен менеджмент процестерін жетілдіру бойынша жұмыс ұйымдастырылған.
«Жас Маман» жобасын іске асыру нәтижесінде білім беру ұйымдары ұлттық және халықаралық деңгейде сұранысқа ие мамандарды даярлауға қажетті заманауи құрал-жабдықтармен жарақтандырылады, өз аймағының мәлімделген мамандық бойынша құзыреттілік орталықтарына айналады, сонымен қатар қатысушыларды WorldSkills чемпионаттарына дайындайды.
2020 жылы республикалық бюджеттен 80 колледжді заманауи жабдықтармен жарақтандыруға 25,8 млрд. теңге қарастырылған. Халықаралық стандарттарға сәйкес жаңа жабдықтар мен бағдарламалармен колледждерде оқуды бастау ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап, ал қалған 100 колледжді келесі жылы жабдықтау жоспарланған.
Колледждерді жабдықтауға арналған жабдықтардың тізімі жергілікті атқарушы органдар мен колледждердің ұсыныстарына, жұмыс берушілердің талаптары мен WorldSkills стандарттарына сәйкес жасалды. Жабдықтарды сатып алу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
«Жас маман» жобасының нәтижелерінің іске асырылуы барлық мүдделі тараптардың қатысуымен бақыланады.
Салалық халықаралық стандарттардың енгізілуіне байланысты кәсіпорындардың жұмыс істеп тұрған қызметкерлерін олардың талаптарына сәйкес оқыту және қайта даярлау бөлігінде кәсіпорындармен өзара тиімді ынтымақтастық орнатылады. Бұл колледждерге компанияның оқу/тренинг орталығы ретінде қызмет етуге мүмкіндік береді, осылайша колледждің одан әрі дамуына қосымша бюджеттен тыс кірісті қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ, құзіреттілік орталықтарының базасында жастарды инновациялық және стартап-жобаларға тарту үшін бизнес- инкубаторлар/технопарктердің жұмысы ұйымдастырылады, онда тартымды жобаларды қаржыландыру үшін бизнес-орта шоғырландырылатын болады.
Жоғары да аталған жобаға «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі» МКҚК ие болды.
«Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі» МКҚК «Жас маман» жобасы бойынша «Дәнекерлеу технологиясы», «Токарлық іс және металлөңдеу», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» және «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша қатысушысы болып табылады. Жалпы колледждің материалдық – техникалық базасын жаңартуға республика есебінен 344327721 (безНДС)млнтеңге жұмсалды. Нақтырақ айтатын болсақ:
«Токарлық іс және металлөңдеу» құзыреттілігі бойынша - 22,
«Дәнекерлеу технологиясы» құзыреттілігі бойынша -44, «ІТ» құзыреттілігі бойынша 403 құрал - жабдықтары алынды.