«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін үздік ұйым» конкурсының құжаттары


МАМАНДЫҚТАР БОЙЫНША ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАР



бет13/17
Дата08.12.2023
өлшемі4,16 Mb.
#195971
түріКонкурс
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
шығаруға

МАМАНДЫҚТАР БОЙЫНША ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАР

«Токарлық іс және металлөңдеу» мамандығы


    1. ОҚЫТУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ - КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ЕНГІЗУ

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен.


Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің жаңашыл педагогтардың іс- тәжірибесі зерттеліп, оқу процессіне енді. Атап айтсақ, BOPPS, CLIL, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ), интерактивтік, модульдік, дуальдік, кредиттік оқыту технологиялары және әдістері.
Қазіргі кезде қоғам өмірінің ақпараттануы және компьютерлік техника құралдарының кеңінен таралуы білім берудің мазмұнына ғана үлкен әсерін тигізіп қоймайды, ол оқу-тәрбие үрдісінің нысандары мен әдістеріне де ықпал етіп отыр. Мұндай оқыту әдістері мен нысандары «білім берудегі АКТ» (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар) деген атау алды.
Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледж педагогтардың АКТ пайдалану қызметі дайындығынан мыналарды байқауға болады:

  • педагогтардың компьютерлік техниканы пайдалануға қызығушылықтарының артқандығы;

  • оқыту құралдары ретіндегі компьютерлік техниканы пайдаланудың ең маңызды психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін сақтау.


АКТ қолданудың бір шарты – сабақтарды педагогикалық бағдарламалық құралдарды пайдалану арқылы өткізу үшін онымен жұмыс жасау жөніндегі нұсқаулықтардың болуы. Колледж оқытушылары әр мамандық бойынша нұсқаулықтарын әәзірлеп бекітті (29.10.2019жылғы әдістемелік кеңес отырысының №2 хаттамасы).


Ақпараттық-коммуникативтік технология жағдайындағы жалпы оқыту үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады.
Оқытудың ақпараттық-коммуникативтік және интерактивтік технологиялары бағыттары:
а) электронды оқулықтар;
ә) телекоммуникациялық технологиялар;
б) мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар;
в) қашықтықтан оқыту (басқару) Интернет.


Ақпараттық-коммуникативтік технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізуде педагог алдына жаңа бағыттағы мақсаттар қойылады:


1) Мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын кәсіптік стандарттары, халықаралық білім бру бағдарламалары, Worldskills стандарттары, сонымен қатар, колледж әлеуметтік серіктестердің, өңірдің еңбек нарығының сұраныстары негізінде әзірлеу;
2) Өз пәні бойынша оқу-әдістемелік электронды кешендер құру, әдістемелік пәндік Web –сайттар ашу;
3) Жалпы компьютерлік желілерді пайдалану;
4) Бағдарламалау ортасында инновациялық әдістерді пайдаланып, бағдарламалық сайттар, құралдар жасау (мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар).
5) Қашықтықтан оқыту (Internet желісі) барысында өздігінен қосымша білім алуды қамтамасыз ету.
Колледж оқытушылары әр мамандық бойынша білім беру бағдарламаларын кәсіптік стандарттары, халықаралық білім бру бағдарламалары, Worldskills стандарттары, сонымен қатар, колледж әлеуметтік серіктестердің, өңірдің еңбек нарығының сұраныстары негізінде әзірледі және республикалық, облысмтық деңгейде таратуға ұсынылды, өз пәні бойынша оқу-әдістемелік электронды кешендер, бағдарламалық сайттар, құралдар жасап, нұсқаулықтарын әзірлеп бекітті (2019, 2020, 2021, 2022,2023 жылғы колледж әдістемелік кеңес отырысының хаттамалары).
Интерактивтік оқыту технологиясы - бұл коллективтік, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу процесіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастыру.
Интерактивтік оқыту - бұл, ең алдымен оқушы мен оқытушының қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады. Сабақтағы интерактивтік әрекет өзара түсіністікке, өзара әрекетке, қатысушының әрқайсысына қажет есепті бірлесіп шешуге алып келетін - ұйымдастыру және сұқбаттасып қарым-қатынас жасауды дамытуды ұсынады.



Оқытудың ақпараттық-коммуникациялық және интерактивтік технологияларын пайдалану - педагогикалық іс-әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы. Компьютерлік желілерді, интернет жүйесін, электрондық оқулықтарды, мультимедиалық технологияларды, қашықтан оқыту технологиясын пайдалану оқу орындарында ақпаратты-коммуникациялық технологиялар кеңістігін құруға жағдай жасайды.



Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда.


Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады.


Әсіресе қашықтан оқыту жүйесі жедел қарқынмен дамуда, бұған бірнеше факторлар, ең бастысы - білім беру мекемелерінің қуатты компьютер техникасымен қамтылуы, оқу пәндерінің барлық бағыттыры бойынша электрондық оқулықтар құрылуы және Интернеттің дамуы мысал бола алады. Бүгінгі таңда білім беруді ақпараттандыру формалары мен құралдары өте көп. Оқу процесінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдар мүмкіндігін комлексті түрде қолдануды жүзеге асыру көп функционалды электрондық оқу құралдарын құру және қолдану кезінде ғана мүмкін болады.


Білім беруді ақпараттандыру жағдайында оқушылардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығысияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр.

Ақпараттық құзіреттілік:



  • сын тұрғысынан ұсынылған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға;

  • өз бетінше мақсат қоюға және оны негіздеуге, мақсатқа жету үшін танымдық қызметті жоспарлауға және жүзеге асыруға;

  • ақпаратты өз бетімен табуға, талдауға, іріктеу жасауға, қайта қарауға сақтауға, түрлендіруге және тасмалдауға, оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыруға;

  • логикалық операцияларды (талдау, жинақтау, құрылымдау, тікелей және жанама дәлелдеу, аналогия бойынша дәлелдеу, моделдеу, ойша эксперименттеу, материалды жүйелеу) қолдана отырып, ақпаратты өңдеуге;

  • өзінің оқу қызметін жоспарлау және жүзеге асыру үшін ақпаратты қолдануға мүмкіндік береді.



Ақпараттық-коммуникациялық құзырлылық - бұл оқу, тұрмыс және кәсіби бағыттағы міндеттерді шешуде ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті.


Коммуникативтік құзіреттілік:

  • нақты өмір жағдайында өзінің міндеттерін шешу үшін қазақ және басқа тілдерде ауызша және жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын қолдануға;

  • коммуникативтік міндеттерді шешуге сәйкес келетін стилдер мен жанрларды таңдауға және қолдануға;

  • әдептілік ережелеріне сәйкес өзіндік пікірін білдіруге;

  • нәтижелі өзара іс-әрекетті, түрлі көзқарас және әртүрлі бағыттағы адамдармен сұхбат жүргізе отырып, шиелініскен ахуалдарды шешуді жүзеге асыруға;

  • жалпы нәтижеге қол жеткізу үшін түрлі көзқарастағы адамдар тобымен қатынас (коммуникация) жасауға мүмкіндік береді.



Жалпы білім беру, базалық және кәсіптік модульдердің сабақтарында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.




Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру қазіргі таңда үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесіндегі ең көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр.


Сабақта ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:

  • оқушының өз бетімен жұмысы;

  • аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;

  • білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;

  • шығармашылық есептер шығару;

  • қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;

  • қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;

  • экономикалық тиімділігі;

  • іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;

  • қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;

  • оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.


Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жеке тұлғаның құзыреттілігін дамыту құралы:


Қазіргі білім беру ісінің басты шарттарының бірі болып оқушының өзіне керекті мәліметті өзі іздеп табуына үйретіп, олардың өз оқу траекторияларын өзінің таңдай білуі есептеледі.
Ақпараттық-білім беру ортасын жобалаудағы басты мақсат – білім алушының өздігінен оқуға талаптандыру, яғни ізденімпаздыққа үйрету болып саналады.
Жедел дамып отырған ғылыми -техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналды. Ақпараттық технологиялық дамуға және оның қарқынына экономиканың жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің рөлі тәуелді болады.

Заман ағымына қарай ақпараттық технологияларды қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Ақпараттық-коммуникативтік технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.
Қорыта келгенде, ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Бүгінгі бала - ертенгі жаңа әлем. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет