Технологиялық бөлім



бет24/33
Дата08.03.2022
өлшемі1,1 Mb.
#134660
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33
Байланысты:
4 Қалған бөлімдер... Бағыжан

4.2 Ұйымдастыру іс-шаралары

Қауіпсіздік техникасы мен өндірістік санитария нұсқаулары жұмыс орын-дарында және қауіпсіздік әдістерді қолдануға, сонымен бірге нақты кәсіпкерлік жұмыстарды жүргізуге жұмысшыларға арналған негізгі әдістемесі болып табы-лады.


Әр мамандықтағы жұмысшыларға арналған қауіпсіздік техникасы мен өн-дірістік санитария нұсқаулары цехтың техникалық-әкімшілік қызметкерлерімен құрастырылып, келісіп, техника қауіпсіздігі бөлімшесімен және кәсіпорындағы Бас инженерімен бекітіледі.
Жұмыс орнында нұсқама жүргізілгеннен кейін, қауіпсіздік техникасы нұсқауы жұмысшыға беріледі.
Қауіпсіздік техникасы бөлімі еңбек қорғау бойынша өте күрделі жұмыс- тарды жүргізеді. Еңбек гигиенасы мен мәдениеті, рационалды жарықтандыру, желдету, құрылғылардың дұрыс орналасуы, электр қауіпсіздігі, қоршау техни-касы, діріл және шумен күресу, өрт қауіпсіздігі және тағы да басқа еңбек жағ-дайымен қамтамасыз ету, бұл бөліммен қадағалануы тиіс.
Өндірістегі қауіпсіздік техникасы бөлімінің атқаратын негізгі міндеттері бар. Олар: өндіріс орындарына жаңадан келген жұмысшыларды білікті қауіпсіз-дік техникасы нұскамасымен қамтамасыз ету,бұл нұсқама жұмысшыларды оқы-туға алғашқы міндетті нұсқама болып табылады; жұмыс орындарында дұрыс және уақытылы нұсқаманы жүргізу мен рәсімдеуді бақылау;қауіптілігі жоғары бөлімдерге жіберілетін жұмысшыларды сапалы және уақытылы арнайы оқыту шараларымен қамтамасыз етуді бақылау; бөлім басшыларының, шеберлердің, жұмысшылардың білім деңгейін жоғарлату мақсатында дәріс оқыту және есеп беру, еңбек қорғау жөнінде жалпы және арнайы сұрақтарға жауап ретінде ар-найы кинофильмдерді көрсетуге іс-шараларды ұйымдастыру; еңбек заңдылығы бойынша туған сұрақтарға цех жұмысшыларына кеңес беруге шараларды енгі-зу, жұмысшыларды арнайы киіммен, арнайы аяқ-киіммен, қорғау құралдары-мен, қауіпсіздік техникасы нұсқамасымен қамтамасыз ету, жабдықтарды ар-найы қоршайтын құрылғылармен қоршау және т.б; цехтарда өндірістік санита-рия және қауіпсіздік техникасы нормалары мен ережелерді сақтауды, аймақтың территориясыда және қоймаларда тексеру жүргізуді күнделікті тексеру, соны-мен қатар ауаның ластануын аспаппен анықтау, жарықтандырудың деңгейін, шу, метеорологиялық факторлар; цехтарда,учаскелерді, машиналарды және са-нитарлы-тұрмыстық құрылғыларды қайта жаңғырту, өнеркәсіптік санитария мен қауіпсіздік техникасының талаптарына сәйкес жобаларды қарастыру; өнді-ріспен байланысты жазатайым оқиғаларды тіркеу мен есепке алу,уақытылы және дұрыс іс-жүргізу шараларын бақылау, тиісті профилактикалық шараларды жүргізуге цехтарға кеңес беру ретінде көмек көрсету және айыптыларды жауап-қа тарту; жарақаттанушылық бойынша мәліметтерді құрастыру және жазатай-ым оқиғалардың себептерін зауыт бойынша және цех бойынша ауруларды ана-лиздеу;еңбек қорғау комиссиясымен бірге еңбек қорғау шараларының жоспарын өңдеу және Бас инженердің карастыруына жіберу.
Өндірістік қауіпсіздік техникасы бөлімінің мынадай құқықтары бар: кәсіпорынның барлық цехтарында қауіпсіздік техникасының жағдайын тексе-руге; цех, бөлім, өндірістік учаскелердің басшыларына бар жетіспеушіліктерді және қауіпсіздік ережелерін бұзуды жою; қауіпсіздік талаптарына сәйкес емес құрал-жабдықтарды, қондырғыларды өндірістен алып тастауға сәйкес іс-шара-ларды жүргізу; жүйелік тіркеу бөлімінің және цех басшыларынан өндіріспен байланысты болған жазатайым оқиғаларды тергеу жүргізуді, сонымен қатар жұмыс орындарында қауіпсіздік техникасының нұсқамалардың бар болуын қа-таң түрде қадағалау.
Кәсіпорындардағы жұмысшыларға міндетті түрде қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар берілуі тиіс.
Нұсқаманың бірнеше түрлері бар:
Кіріспе нұсқама – одан міндетті түрде барлық жаңадан келгендер өтуі ти-істі. Сонымен қатар іс-сапарға жіберілгендер, тәжірибеге келген шәкірттер бұл нұсқамадан өтуі тиіс. Нұсқаманы еңбек қорғау инженері жүргізеді.
Бастапқы нұсқама – кәсіпорынға жаңадан қабылданған, бір бөлімшеден екінші бөлімшеге ауысқан жұмысшыларға жүргізеді.
Қайталанған нұсқама – алты айдан кейін жүргізіледі. Бұл нұсқаманың мақсаты жұмысшының қауіпсіздік техникасы ережелерін қайта елестету болып табылады.
Ағымдағы нұсқама – наряд пен рұқсат бекітілетін өндіріс жұмысының ал-дында жұмысшыларға жүргізіледі.
Жоспардан тыс нұсқама – егер технологиялық процесстерде өзгеріс пайда болса, қауіпсіздік ережесі өзгерілсе, апаттарда және т.б.
Жұмысшылар мен қызметшілерге келесі міндеттер жүктеледі. Олар: қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау және жеке қорғану құралдарын пайдалану.
Өндіріс орындарында үшқадамды тексеру әдістері кең өріс алды:
Шебер және қоғамдық еңбек қорғау инженері қатысады;
Цех басшысы мен еңбек қорғау комиссиясының төрағасы қатысады;
Кәсіпорынның бөлім және қызмет жетекшілері қатысады.
Тексерудің нәтижелері кәсіпорынның директорымен немесе бас инжене-рімен басшылар жиналысында талқыланып, сәйкес бұйрықпен бастырылады. Бұл бұйрықта қауіпсіздік техникасын жақсарту мақсатында көрсетілген уақыты мен оның орындалуы және орындаушылар бекітіледі.
Механикалық-құрастыру цехында жұмыс істейтін қызметшілер мен жұ-мысшыларға қауіпсіздік техникасы бойынша жалпы талаптар:
Механикалық-құрастыру цехында жұмыс істейтін жұмысшылардың саны:

  • жұмысшылар 38

  • ИТҚ 4

  • баптаушы 5

  • механик 3

  • темір шебері 3

Цехта 21 станок орналасқан; жұмыс сағаты 8 сағат.
Жұмысшылар мен қызметшілер, сонымен бірге мердігерлік ұйымдары-ның жұмысшылары жұмысқа тіркелінген уақытында өрт қауіпсіздігі жөнінде бастапқы нұсқамадан міндетті түрде өтуі тиіс, содан кейін тікелей жұмыс орын-дарында екінші нұсқамадан өтуі тиіс.
Жұмысқа жаңадан кірген қызметкерлерді бастапқы нұсқамадан өтпеген-ше, жұмысқа жіберілмеуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет