Технологиялық құрал-саймандарды жобалау



бет106/147
Дата28.01.2018
өлшемі16,32 Mb.
#34158
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   147

Тетік тексерілгенде ішкі цилиндрлік бетіне тексеру құралбілік қондырылады. Егер тетік бақылау құралбілікке саңылауы бар қодырғымен орнықтандырылса, онда өлшеген өлшемдердің мәндерінде қателік болады. Сондықтан ондай қателік болмау үшін конусті бақылау құралбіліктер қолданылады. Олардың конустігі 1:1000 – 1:10 000, бірақ конусті құралбілікте тетік ұзындығы бойынша фиксацияланбайды және бүйіржағы бұрылып бүйір ауытқу пайда болады. Сонымен бірге конусті құралбілікке сатылы цилиндрлік беттерімен тетік қондырылмайды. Сондықтан мұндай ақаулар болмас үшін жазыңқы құралбіліктерде қолданылады.

Егер тетік сатылы тесігімен орнықтандырылса, онда тесіктің сатыларының арасындағы осьсіздікпен санасу керек.



9.2-сурет – Тетікті сатылы құралбілікке орнықтандыру кездегі қателіктерді есептеу сұлба
Егер е тесіктердің осьсіздігінің мөлшері азғантай болса, онда тетіктің осімен құралбілік осінің бір біріне қатысты бұрылу бұрышын мына формуламен шамалауға болады
, (9.2)
мұнда L – тетіктің тесіктерінің шетжақтарының арақашықтығы,
(9.3)
және
. (9.4)
Егер өлшеу жұмыс l қашықтықта орындалса онда құралбіліктің қондырылу қателігін мына формуламен есептейміз
.
Тексеру айлабұйымдарды жобалағанда жалпы ұстаным қондыру орнықтармен өлшеу орнықтарды қиыстыруға тырысу. Егер қондыру орнық өлшеу орнықпен қиыстырылмаса, онда орнықтандыру қателік пайда болады.

Әрбір сұлбаға орнықтандыру қателіктерді геометриялық есептер арқылы есептеуге болады.

Қысу құрылғылар тексеру айлабұйымдарда өлшеу құрылғыға қатысты тетікті жылжытпай ұстап тұруға арналады. Өлшеу жұмыстары жүргенде күш мөлшері көп болмайды, сондықтан кейбір кездерде тетікті қысу керегі болмайды.

Тексеру айлабұйымдарда өлшейтін, көрсететін шекті құрылғылармен қамтылады. Мұнда пневматикалы, индуктивті және әртүрлі бергіштер қолданылады.



а – пневматикалы, б – индуктивті.
9.3-сурет – Бергіштердің жұмыс істейтін ұстаным сұлбалары
Шекті пневматикалы құрылғылар тесіктерді тексеруге пневматикалық тығын, ал цилиндрлік біліктің сыртқы бетін өлшеуге пневматикалық қапсырма ретінде қолданылады.

9.4-сурет – Пневматикалық тығын мен қапсырманың сұлбасы
Пневматикалық басқа өлшейтін құралдар қолданылады, мысалы пневматикалық микрометр. Аталған өлшеу құралдардан басқа электртүйіспелі құралдарда қолданылады.

Көмек құрал ретінде әртүрлі құралдар қолданулары мүмкін. Олар не тетіктің бұрылуына, тетіктерді итеріп шығаруға, не көтеріп түсіруге, не өлшейтін элементті қозғалтуға және басқадай мақсаттармен қолданылады.

Өлшейтін айлабұйымның тұрқысы СЧ15, СЧ25,СЧ 30 шойындардан құйылады.


Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жүсіпов нартай қуандықҰЛЫ
buuk -> Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»
buuk -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
buuk -> Кітаптану және кітап тарихы 050418 «Кітапханатану және библиография»
buuk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
buuk -> Психотерапия технологиялары
buuk -> ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс
buuk -> Ашимбетова Р. Д. Журналистің тіл мәдениеті Оқу құралы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   147




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет