384
11.15 сурет. Монтаждық сыналы қысқыш:
1
— құрсау;
2
— сына; 3 — сым;
4
— саңылау
орналасатын, жазықтығында сымға қатысты шағын кертігі бар сыналы
монтаждық қысқышын кигізеді (11.15 сурет). Құрсауда тартқыш
арқанды жалғауға арналған 4 саңылау бар. Сымда қысқышты бекіту
үшін оны құрсаудың үстіңгі жағына кигізіп, сынаны оның бұрышының
кему жағына қарай қолмен жылжытып (кертіктің сыммен жанасуына
дейін), одан кейін тура сол жаққа сымды қатты тартып қалу керек.
Қысқышқа салынған тартқыш күші қаншалықты артық болған сайын,
сына сымды сырғып кетуді болдырмай, құрсаудың жоғары жағына
соғұрлым қатты қысады. Тарту үжерісі аяқталғаннан кейін қысқыш
сымнан жеңіл шешіледі (ол үшін тарту бағытына қарама-қарсы жақтан
құрсау бойынша балғамен ақырын соғып қалу жеткілікті болады).
Қысқыш сымда бекітілген кезде, оған тартқыш арқанды бекітеді
және жүкшығырдың көмегімен (шағын аралықтар мен сымдардың кіші
қималары кезінде – қол әдісімен) атанақтан сымды тартату үдерісін іске
асырады. Сымның ұшы келесі тіреуге жеткеннен кейін, оған да аунақшы
ілінеді және тарқату жалғастырылады. Осы кезде атанақты оның сымы
орамнан шығып кетпеуі үшін, сәл тоқтатады. Тарқату аунақшаларын
қолдану сүйрету кезіндегі сымдардың сақтығын арттырады.
Жылжымалы атанақтан тарқату кезінде
сымның ұшын
монтаждалатын учаскінің басына бекітеді, ал атанақты көлік құралына
орнатады. Соңғысы трасса бойымен қозғала бастаған кезде,сым
атанақтан топырақ бойынша сүйретілмей, байсалды шығып отырады
және оның бұзылуы айтарлықтай мүмкін емес. Тарқатқаннан кейін
сымды тіреуге көтереді және тарқату аунақшаларына кигізеді.
Еңбек өнімділігін арттыру үшін бірнеше сымды біруақтылы
тарқатып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: