Тәйімбет Көмекбаев



бет3/9
Дата26.06.2018
өлшемі13,09 Mb.
#44923
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Ахмет Бектасов
Бектасов Ахмет 1920 жылы қазіргі Ленин атындағы кеңшардың жерінде кедей шаруаның жанұясында туған. Ауылдық мектепті бітіргеннен кейін Қызылорда педагогикалық институтында оқып, соғыс бастауына байланысты институтты аяқтамай 1942 жылы қаңтар айында соғысқа аттанған. Батыс Украина майданында соғысып, Смоленск қаласында аяғынан жараланып, госпитальға жатып шыққан.

1946 жылы соғысты аяқтап, елге оралған. Ауылға келген соң ұстаздық жұмысқа кірісіп, бала тәрбиелеу ісіне белсене араласты. Сол жұмыспен 1980 жылы құрметті еңбек демалысына шығып, жеті бала тәрбиелеп өсірген.

Ахмет Бектасов бірінші, екінші дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, «Жеңістің 20 – 30 – 40 жылдығы» медальдарымен, басқа да көптеген медальдармен наградталған.

Ол қазіргі Ленин атындағы кеңшарда тұрған. Жауынгер қартты бүкіл ауыл тұрғындары ерекше құрметтеді. Өйткені, ол осындай бейбіт өмірді орнату үшін төрт жыл бойына Отан соғысының майданында қан төгіп, елін, жерін қорғаған азамат.

Оның есімі Отанын жаудан қорғаған азаматтардың қатарында атала береді.

Ахаң майданнан офицер болып оралды. Бірақ, ол туған жерден жырақ кеткен жоқ. Егін егіп, мал баққанды тәуір көрді. Ата – баба кәсібін алға жылжытуды, халықтың тұрмысын жақсартуды армандады. Сондықтан ол «Туған жерге туын тік» дегендей елден ұзап кетпеді. Міне, осындай еңбегі үшін де бүкіл ауыл тұрғындары қатты сыйлайды.



Бұл күндері Ахаңның балалары да әке жолын қуып, бірі кеңшарда егінші болса, бірі механизатор болып дән молшылығын жасауға өздерінің үлестерін қосып жүр. Осының өзі-ақ Ахмет Бектасов сияқты жауынгер жанға үлкен қуаныш. Ал, майдангердің қуанышы бүкіл елдің қуанышы.


Нұрғали Әлиев
Әлиев Нұрғали 1924 жылы №10ауылдық кеңесіне қарасты «Өндіріс» ұжшарының жерінде кедей шаруа жанұясында дүниеге келген. 7 сыныптық мектепті 1942 жылы бітірген. 1942 жылы наурыз айында әскер қатарына алынып, Аягөз қаласына барып, соғыс өнерін үйренген. Сол Аягөз қаласынан аттанып, Смоленск қаласына барып, бірден соғысқа қатысқан. Ол жаяу әскер сапында болған. 1943 жылдың маусымына дейін Смоленск майданында ұрыстарға қатысып, сол жерде жараланған. Бір айдай госпитальда жатып емделген. Госпитальдан шыққан бойдан оны №94 дивизия қарамағына жібереді.

Майдан қолбасшысы сол кезде армия генералы Малиновский болған. Сол дивизияның №3 батальонының 8 ротасының қатарында соғысқан.

1945 жылдың 3 тамызына шығыс шекараға барып, 3 тамызда Жапонияға қарсы ұрысқа қатысқан. Мукден, Циникар, Жэкэ, Дайран, Порт – Артур қалаларын жапон басқыншыларынан азат еткен. 1945 жылы Жапониямен бітім шартын жасасқаннан кейін сол жерде 1947 жылдың наурыз айының аяғына дейін болып, ауылға оралған.

Соғыс кезінде «Ерлігі үшін» медалін алған. Бұл медаль оған Смоленскіде барлауға барып, тапсырманы ойдағыдай орындағаны үшін берілді. Соғыс аяқталған соң «Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» медальдарымен наградталған.

Ауылға келгеннен кейін «Өндіріс» колхозында есепші болып, 1950 жылға дейін жұмыс істеді. 1950 – 1951 жылдары Жосалы темір жол бойында жұмысшы, 1951 – 1959 жылдары ауылға келіп күріш еккен. 1960 жылы Ленин атындағы кеңшардың мүйізді іріқара фермасында шаруашылық меңгерушісі, 1965 – 1984 жылдары кеңшарда бригада есепшісі, күрішші болған. 1984 жылы зейнет демалысына шыққан.

2 ұл, 4 қыз балалары бар. 14 немересі өсіп келеді.



Шәрібек Іздібаев


Іздібев Шәрібек 1910 жылы 10 қаңтарда дүниеге келген. 1918 жылдан бастап мешітте діни білім «мұқтасар - быданнан» сабақ алып, арабша оқып сауаттанған. 1927 жылы он жылдық мектепті бітіріп, оқуды аяқтайды. 1928 жылы колхоздандыру науқанына белсене араласып, ауылдық кеңес хатшысы болды.

1929 жылы 1300 үйден құралған колхоз орталығы 12 секцияға бөлініп, соның бір секциясын басқарады. 1930 жылы колхоз шаруашылығы тағы да нашарланып, 12 шағын колхоздарға бөлінеді. «Шеңгелді» атты колхозында хатшы болады. 1936 ж «Шеңгелді» колхозы «Ақжар» колхозы болып бірікті, бастығы Ерекешов Тілеу, Шәрібек әке есепші болып бекітіледі. 1937 жылы зобалаңда Ерекешов Тілеу «халық жауы» болып жала жабылып, ұсталып кетеді. «Ақжар» колхозының Шәрібек әке бастығы болып сайланады. 1938 жылы колхоз мол астық алып, сол еңбегіне орай Шәрібек әке Москвада (қазіргі Ресей) өткен Бүкіл Одақтық халық шаруашылығы көрмесіне (ВДНХ) қатысады. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталады. Арнайы бронмен қалдырылған Шәрібек әке патриоттық сөзімен өзі сұранып, 1942 жылдың 15 маусым күні соғысқа аттанады. Сонан кейін Тоцкий лагерінде дайындықтан өтеді. Шәрібек әке Бугурсландағы жасақталып жатқан № 381 дивизияға қосылып, Сталинград майданына соғысқа аттанады. Майданда жүріп жараланған ардагер әкеміз Кандағаш госпиталында емделіп шығады.

1943 ж Воренеж облысы Мецкий станциясынан түсіп, Харьков Полтава облысына жақындағанда біздің армия шегініп, көне Белградқа келеді. Ол жерде жерлесі Жанаев Нұрмағанбетке кездесіп, сағынып көрседі. Белград қаласын қорғау үшін ұрыста немістер шабулына төтеп беріп оларды шегіндіріп қуады. 6 маусым күні Белградты неміс фашистерінен босатып, Петихатк мен Кривой Рог қаласына болған ұрыстарға қатысады. 1944 ж армияны толықтыру үшін алға жіберді.

1944 жылдың тамыз айында 11 майдан құрылып, Кишенев-Яссы бағытымен шабуылға шығады. Қала мен селоны жаудан босатып, Румыния астанасы Бухарестке 25 шақырым жер қалғанда Шәрібек әке үш жерінен ауыр жараланып, әр жерлердің госпиталдарында жеті ай емделіп шығады. Соңғы емделген жері Ставрапольский өлкесінің Железноводск қаласы. 1945 жылы сегізінші наурызда елге аман есен оралады. Үш күннен соң 1945 жылы 11наурызда «Қызыл әскер» колхозына бастық етіп жіберіледі. Бір жылдан соң 1946 жылы «Ленин» колхозына (қазіргі Тұрмағамбет ауылына) бастық болады. 1960 жылы заготскотта, ауыл шаруашылығының әр саласында 1989 жылға дейін жұмыс істейді. Ардагер, асыл әке 1999 жылы 12 қаңтарда дүниеден өтті.

Соғыстың бел ортасынан аман оралған Шәрібек әке жанұясында 3 бала, 12 немере, 8 шөбересі бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет