Тәйімбет Көмекбаев



бет2/9
Дата26.06.2018
өлшемі13,09 Mb.
#44923
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Сермаханов Мектеп
Сермаханов Мектеп 1925 жылы бұрынғы «Томарбөгет» ұжшарының жерінде дүниеге келген. Сол ұжшардағы 8 жылдық мектепті бітіріп, әр түрлі жұмыстар істеген. 1943 жылы 14 наурызда 18 жасқа толып,соғысқа аттанған. Соғыста Ленинград майданында болған. Соғысқа дейін «Ақжар» МТС-інде тракторшы жұмысын атқарған.

Ленинград майданында жүріп, 1944 жылы 30сәуірде оң жақ жамбасынан жараланып, Ленинград қаласындағы госпитальда емделген. 1948 жылы елге оралған. «Ақжар» МТС-інде тракторшы, 1959 жылдан Ленин атындағы кеңшарда механизатор, бригада механигі болып істеген.

1983 жылы құрметті еңбек демалысына шыққан.

Еңбек етіп жүргенде жұмыстағы табыстары үшін «Лениннің туғанына 100 жыл» медалімен, «Социалистік жарыстың озаты» белгісімен, көптеген алғыс, мақтау грамотасымен, «СССР Қарулы Күштеріне 60 жыл» медалімен наградталған.

Ал соғыстағы батырлығы мен ерлігі үшін «Отан соғысы» орденімен, көптеген мерекелік медальдармен марапатталған. Мұның өзі Мектеп Сермахановтың еңбек және соғыс майданының ері екенін айқындайтын наградалар. Расында да ол соғыста да, жұмыста да тынымсыз еңбек етіп, өзінің қатар құрбыларына үлгі-өнеге болған кісі. Сондықтан қазір оны өзі тұратын Ленин атындағы кеңшардың халқы ерекше құрметтеп, сыйлайды. Өйткені, ол соғыстағы ерліктерімен қоса одан кейінгі елу жылға жуық уақыттан бері техниканы тізгіндеп, егін шаруашылығын өркендетуге барлық күш-жігерін жұмылдырып келеді.

Мектеп Сермахановтың шәкірттері көп. Олардың көпшілігі техника тілін жетік білетін майталман механизаторлар.



Мектеп ақсақалдың балалары мен немерелері де әке жолын қуып, механизаторлық мамандықты шебер игерген жандар.

Отты жылдар куәгері

1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германия Кеңес Одағына екі ел арасындағы шабуыл жасаспау туралы шартты опасыздықпен бұзып, Кеңес Одағы мемлекетінің шебіне баса көктеп кірді. Фашистік Германияға және оның одақтастарына қарсы 1418 күн мен түнге созылған Ұлы Отан соғысы әр күнгі Кеңес адамдарының майдан мен тылдағы өшпес ерлігінің жарқын шежіресі, олардың табандылығының, қайсарлығының, қаһармандылығының айқын айғағы болды. Бүгін міне сол сұрапыл соғыстың Жеңіске жетіп Ұлы Жеңіс туын желбіреткеніне – 70 жыл толып отыр. Кешегі Ұлы Отан соғысында от – жалын кешкен майдангер әкелер рухы ешқашанда ұмытылмайды. Дүниежүзі бойынша Ұлы Отан соғысына Қармақшы жерінен аттанған 5 мыңнан астам қазақ азаматтарының ішінде жас жауынгер Қарақасов Әбдіхалық атамыз да бар еді.

Қарақастың баласы Шонайдан Бектібай, Тәттібай аталарымыз тараған. Тәттібай аталығында 1914 жылы Қарақасов Әбдіхалық атамыз дүниеге келген екен. Шонай атамыз өте ауқатты, халықтың адамы болса керек. Үлкен кісілерден естіген деректерімізде Шонай атаның асына 300 үй тігілген, сойылған малда есеп жоқ, халық құрметіне бөленген жан еді деп айтып отыратын көреген көз қариялар. Міне сондай бір ұлағатты әулеттің ұрпағы Қарақасов Әбдіхалық әкеміз де ерлік пен елдіктің кепілі болған Ұлы Жеңістің куәгері еді.

Батырлық пен батылдықты орынды бағалай білген халқымызда «Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран» деген өнегелі сөз бар. Майдан шежіресінің маңызды беттерінде Қармақшы ауданынан 5 мыңнан астам жауынгер майданға аттанғанын, жауға атылған әрбір оқтың тоғызы Қазақстанда шығарылса, Жосалы механикалық заводында әскери снарядтар жасалып, майданға жіберілгені нақты айғақ. Ел басына күн туған сұрапыл сын сағатта Қарақасов Әбдіхалық әкеміз Қармақшы вокзалынан майданға аттанды. Бұл кезде небәрі 27 жаста еді. Орск, Омск қалаларында әскери оқу – жаттығуынан өткеннен кейін Дондағы Ростовты жаудан тазартуға қатысады. Сталинград түбіндегі шайқасқа қатысып, батыр қаланы жаудан азат етуге атсалысады. 1942 жылдың наурызынан 1943 жылдың қарашасына дейін 37-атқыштар полкінде болып, мергендігімен командирдің көзіне түсіп, бірнеше рет алғыс алғанын кездесу сағатында ұрпақтарына айтып отыратын. Сондай-ақ Льгов қаласын жаудан қорғауда кескілескен шайқаста ел қорғаған ерлер сапында болды. 1943 жылы 10 ақпанда 37-атқыштар полкінде сұрапыл шайқаста басынан оқ тиіп, бет сүйегі зақымданып ауыр жарақат алады. Чита аумақтық госпиталіне жеткізіліп, емделіп шыққан соң, 1943 жылдың қарашасынан 1944 жылдың қазанына дейін 58-танк бригадасында атқыштар қатарында болады.

1943 жылы Орел, Болгород, Харков қалаларын жаудан азат етуге қатысты. 1945 жылдың қараша айына дейін санитар батальонында болды. Майдан даласында қолынан, аяғынан ауыр жарақат алып Самара госпиталіне түседі. Ұзақ емделіп қайтадан Отанға деген жігер қанымыз да, жанымыз да Жеңіс үшін деп майданға қосылдық деп күрсінетін. 1945 жылдың 10 желтоқсанында КСРО жоғарғы кеңесінің 25.09.1945ж Призидиум Жарлығы бойынша әскерден босатылып, елге келеді. Жергілікті ақын Үрліхан Өндібаева апамыздың «Енді соғыс болмасын» деген өлеңінде:

Осы күнге жетті кімдер жетпеді,

Бірі майдан, тылда еңбек еткені.

Жау оғынан қол-аяғы жұлынып,

Жағы сынып, бұзылған да беттері.

Жігер оты жасымаған жасынан,

Деп жауынан мен айламды асырам.

Оқ атқанда қарсы тиіп жау оғы,

Қарақасов жараланды басынан – деп жырлаған еді.

Ұлы Отан соғысынан ІІ топтағы мүгедек болып оралып, Шығыс Қазақстанға бауырларын, қарындастарын іздеп барып, Самара ауданы Песчанка селосында тұрады. 1953 жылы 26 ақпанда Қағазбаева Бағиламен шаңырақ көтереді. өнегелі отбасы болып шаңырақты шаттыққа бөлеген балалары Сақыпжамал, Марзия, Жанат қыздары бүгінде өмірден өз орындарын тауып, еңбектің тәтті нанымен ұрпақ өсіріп, елге сыйлы болған жандар. Кейіннен елге көшіп келіп Қуаңдария қой совхозында қой бағып, бейбіт өмірде де елге деген жанашырлық Еңбек майданына жетелейді. Ұлы Отан соғысында басынан жараланып, бір аяқ, бір қолы жарымжан болып қайтқанына қарамастан, елге аянбай еңбек етті. Бұл кісіге мың рет тағзым етсе де артық емес деп, ауыл тұрғыны Берманова Шәркүл апамыз еске алады. Биыл Әбдіхалық әкеміз – 100 жасқа толады екен. Осындай ғибратты жол, өнегелі із қалдырған ардагер әкелеріміз әрбір ұрпақтың туған жер, Отанына деген патриоттық сезімін үрлейтін өнеге иесі. Қарапайым еңбек адамының халқына деген қалтқысыз қызметі Бағила апа екеуі артында ұялтпайтын ұрпақ тәрбиеледі. Қызы Сақыпжамал Комсомол жастар бригадасымен 2 жыл қой бағып елге қызмет етіп 1978 жылдан бүгінгі күнге дейін 35 жыл Қазпочта саласында қызмет етті. Отбасылы, 3 бала тәрбиелеп отырса, Мәрзиясы 1977ж Шиелі ауданында Ы.Жақаев мектебінен оқып «звенавод» сертификатын алып Социалистік еңбек Ері, Батыр Ана Сәлима Жұмабекованың шәкірті болып ұзақ жылдан бері күріш егіп келеді. Еңбегі де нәтижелі, абырой биігіне жетелеген жан. 2012 ж облыс әкімінің қабылдауында болып мадақталды. Аудан, облыс әкімдерімен бірнеше рет мақтау қағаздармен мадақталды. Қазір Тұрмағамбет ауылында тұрады. Отбасылы, жолдасы Жалғас Баймұратов та Ленин совхозының ауыл шаруашылығын өркендетуге елеулі үлес қосқан еңбеккер азамат. Жанаты Қызылорда қаласында. Кешегі жауынгер, бүгінгі соғыс ардагері болған Қарақасов Әбдіхалық әкеміздің омырауы орден медалдарға толы болатын. 1945ж Ұлы Жеңіс үшін медалімен Ұлы Отан соғысының І – дәрежелі орденімен, Ұлы Жеңістің 20, 30, 40 жылдық медалдарымен, СССР Әскери күшінің 70 жылдық медалімен т.б. орден медалдармен марапатталған, жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленген Әбдіхалық әкемізді, барша майдангер әкелерімізді әр жыл сайын құрметпен еске аламыз. Биыл 100 жасқа толған Әбдіхалық әкеміз ел тыныштығын, ел – халқының амандығын тілеген баталы қария еді.

Зарипа Тасымова Жаппарқызы

Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебінің

басшысы, тарих пәні мұғалімі



Тұрмағамбет ауылы

Мұқанбетқали Ерекешов
Ерекешов Мұқанбетқали 1926 жылы бұрынғы №10 ауыл, қазіргі Ленин атындағы кеңшардың жерінде туған.

1934 – 1941 жылдары Ленин атындағы жетіжылдық мектепті оқып бітрген. Кейін «Ақжар» ұжшарында колхозшы, ал 1943 жылдан 1944 жылдың аяғына дейін сол ұжшарда есепші болып қызмет істеген. 1944 – 1950 жылдар аралығында әскер қатарында болып, Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1949 жылдың қаңтар айынан бастап СОКП мүшесі.

1950 жылы әскер қатарынан босап ауылға келгеннен кейін Сталин атындағы ұжшарда есепші және партия ұйымының хатшысы болып жұмыс істеген. 1950 – 1951 жылдары ол ҚКП (б) аудандық комитетінде техникалық хатшы, нұсқаушы болған. Содан кейін аудандық әлеуметтік қорғау бөлімінде аға инспектор, Ленин тұтынушылар қоғамында есепші, ауылдық кеңестің төрағасы, 1953 – 1954 жылдар аралығында Сталин атындағы ұжшарда бастауыш партия ұйымының хатшысы болып жұмыс атқарған.

ССРО Жоғары Кеңесі Президиумының жарлығымен, соғысқа қатысқаны үшін «Ұлы Отан соғысында 1941 – 1945 жылдары Германияны жеңгені үшін» медалімен, 1948 жылы 22 ақпанда «Совет армиясы мен флотының ХХХ жылдығы» медалімен наградталған. Сол сияқты ССРО Жоғары Кеңесі Президиуымының жарлығымен 1975 жылы «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 30 жыл» мерекелік медалімен, 1985 жылы 12 сәуір күні «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 40 жыл» мерекелі медалімен наградталған. «Отан соғысы» орденінің екінші дәрежесінің иегері.

1954 – 1993 жылдар аралығында осы Ленин атындағы кеңшарда бас есепші, есепші жұмыстарын абыроймен атқарып, құрметті еңбек демалысына шыққан.

Балалары мен немерелері өсіп, қазір солардың қызығын көруде.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет