Тәйімбет Көмекбаев



бет4/9
Дата26.06.2018
өлшемі13,09 Mb.
#44923
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Рахатов Зайыр
Рахатов Зайыр Рахатұлы – бұрынғы «Қалыңбас» ауылында /қазіргі Тұрмағамбет ауылы/ 1915 жылы 5 – қаңтарда дүниеге келген. 15 – 16 жасынан бастап шаруашылық істеріне араласа бастаған. 1938 жылы Советтік Қызыл Армия қатарына алынып, өзінің Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған. 1941 жылы өзінің Отан алдындағы борышын өтеп, елге қайтқалы жатқанында 22- маусымда Ұлы Отан соғысы басталып кетіп, одақтас Украина жерінен бастап, фашистік Германияның астанасы Берлинге дейін соғыс жолдарында болып, өзіміздің жерлерімізді азат етуге қатысқан.

Осы Ұлы Отан соғысы барысында атамыз Рахатов Зайыр зениттік артиллерия батареясының басқарушысы болып соғыс барысында Австрияны, Венгрияны, Болгарияны, Румынияны азат еткені үшін, «Фашистік Германияны жеңгеніміз үшін» мадақтау медальдармен және «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталған.

1959 жылы ауыл шаруашылығына сіңген еңбектері үшін Үкімет тарапынан «Ауылшаруашылығы қызметкерлерінің жарыстағы үздігі» ентаңбасымен, ал 1985 Ұлы Отан соғысының 1 – дәрежелі орденімен марапатталған.

Атамыздың жанұясы атамыз соғыста жүрген кезінде майдангерлерге қыстық жылы киімдер тігіп және тоқып беріп, бұған қоса қаражаттай да жәрдем көрсеткен.

Бұған қоса атамыз Рахатов Зайыр Рахатұлы өзінің зейнетке шығу қарсаңында «Коммунистік еңбек екпіндісі» дәрежесін алған.

Соғыс және Еңбек ардагері атамыз 1990 жылы қазан айының 15 – жұлдызында дүниеден өтті.



Әбдімәлік Бегалиев
Бегалиев Әбдімәлік 1925 жылы Қазалыауданы Майлыбай ауданы «Үштемір» деген жерде дүниеге келген. Ауылдағы мектептің 7 сыныбын бітірген. 1942 жылы қыркүйектен бастап Қазалы қаласында мектеп бітіргендерді іріктеп, әскери дайындықтан өткізеді. Онда мылтық атуды, басқа соғыс тәсілдерін үйретеді.

1943 жылы 3 ақпанда соғысқа аттанған. Поездбен бір ай дегенде Чита қаласына барып жетіп, сонда жаттығады. Сөйтіп, Жапон шекарасына барады. Мұнда «КБЖД отпор» станциясында орналасқан 207 батальонда болып, шекара күзетіне орналасқан. Танкке қарсы ор қазып, 1945 жылы Жапониямен соғыс басталғанда бірінші болып зеңбірікпен оқатып, Манчжурия шекарасын бұзып кірген. Хайлар бекінісін талқандауға, Манчжурияны, Хартинді алуға бағытталған ұрыстарға қатынасқан.

1948 жылы сәуір айында елге оралған.

1948 жылы Гурьев қаласындағы зоовет техникумына оқуға түсіп, оны 1952 жылы бітіріп шыққан. 1952 жылы 1 қыркүйектен бастап Қармақшы ауданындағы Ленин және Карл Маркс атындағы ұжшардың мал фермасына зоотехник болып жұмыс атқарған. 1955 жылдан ұжшар төрағасының мал шаруашылығы жөніндегі орынбасары, 1957 жылдан Ленин атындағы кеңшарда бас зоотехник, ферма зоотехнигі, бригадир болып қызмет істеген. 1985 жылы зейнет демалысына шыққаннан кейін де кеңшарда зоотехник, шөп қоймасының меңгерушісі болып қызметтер атқарған. Қазіргі уақытта екінші топтағы соғыс мүгедегі, зейнеткер.

Ол «Отан соғысы» орденімен, басқа да көптегенмедальдармен наградталған.

Балалары мен немерелерінің қызығын көріп отырған майдангер қарт Әбдімәлік Бегалиевтің өмір жолы осындай.



- Соғыс қиыншылығын кітаптардан оқып, кинофильмдерден көріп жүрген жастар бәріне түсінеді ғой деп ойлаймын, - дейді ол.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет