23.1. Стандарт: Инфарктті анықтауға арналған тест / Қандағы тропонин Мақсаты: Қанның сары суында тез арада тропонинді анықтау, жедел миокард инфарктісі диагнозын қою.
Керек жабдықтар: Тест- плашка, пипетка, скарификатор, спиттелегн салфетка - 2дана, буфер (ерітінді), инструкция, капилярлы түтікше
Іс- әрекет алгоритмі Пациенттің қолын жылы сумен сабындап жуыңыз, спирттелген салфеткамен сүртіңіз де, кепкенше тосыңыз.
Тесттілеудің нәтижесін 15 минут аралығында бағалаңыз. 15 минут өткеннен кейін бағаламаңыз.
Нәтижесі: Оң ( + ) : Анық 2 күлгін сызық пайда болады: біреуі «Т» зонада, екіншісі «С» зонада.
Теріс (- ) : «С» бақылау зонасында бір күлгін сызық пайда болады, «Т» зонада сызық көрінбейді.
Қате тест: Бақылау зонада сызық пайда болмайды. Инструкцияны сақтамағанда немесе қанның мөлшері аз болғанда.
24. Бронх демікпесі ұстамасындағы шұғыл көмек . Мақсаты: бронхоспазмды жою.
Керек жабдықтар : Қалта ингаляторы , небулайзер, оттегі балоны.
Стерильді заттар: Бір рет қолданылатын шприц, көктамырға дәрілерді енгізуге арналған система, мақта домалақтары,70% этил спирт, жгут, перчатка, дезертіндегі пинцет, клеенкалы валик, латок, дәрілік препараттар, преднизалон 120-180мг, гепарин 5000-10000ЕД, бронхолитиктер(беротек, беродуал,сальбутамол), 0,9% натрий хлорид ерітіндісі.
Іс -әрекет алгоритмі:
1.Науқасты тыныштандыру, таза ауамен қамтамасыз ету 2.Науқасқа ынғайлы жағдай жасау. 3. Кеудедегі киімін босату 4. Қалта ингаляторын қолдану; 5. Бронхолитигі бар (сальбутамол) небулайзерді қолдану . 6. Маска арқылы ылғалданған оттегі беру . 7. К/т 2,4% - 10мл эуфиллин 5-7мл. 8. К/т Преднизолон 90-120 мг. 9. К/т тамшылатып 500мл 0.9 % натрий хлорид ерітіндісі немесе 500мл 4% натрий гидрокарбонат ерітіндісі . 10.көк тамырға 5000-10000 ЕД гепарин 11. Наукастың қан қысымын, пульсін, ТАЖ қадағалау . 12.Науқасты реанимация бөліміне немесе қарқынды терапия бөліміне жеткізу.
13.Науқастың басын көтеріп жатқызып немесе отырғызып тасымалдау.