Тәжірибелік дағдылардың кәсіби стандарттары. Мамандығы: «Емдеу ісі»


Ескерту: нитроглицеринді 3 реттен артық қолдануға болмайды. 29. Миокард инфаркті кезінде шұғыл көмек



бет20/28
Дата13.11.2022
өлшемі95,23 Kb.
#157968
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28
Байланысты:
Стандарттар ішкі аур. проп.-1

Ескерту: нитроглицеринді 3 реттен артық қолдануға болмайды.
29. Миокард инфаркті кезінде шұғыл көмек.
Мақсаты: ауырсыну синромын жою, миокардтың оттегіге сұранысын басу.
Керек жабдықтар: тонометр, фонендоскоп, оттегі балоны, маска, дәке салфеткасы,
Стерильді: бір рет қолданылатын шприцтер, система, мақта домалақтары, 70% этил спирті, резеңкелі жгут, қолғап, дезерітіндіге салынған пинцет, валик, лоток.
Дәрілік заттар: нитроглицирин, изокет- спрей, аспирин 325 немесе 500 мг, клопидогрел немесе плавикс, 2-4мг морфин, 5000 ЕД гепарин, актелизе, стрептокиназа 1500000Ед, преднизолон 60мг, 10мл физ.ерітінді.
Іс- әрекет алгоритмі:
1.Науқасқа физиқалық және психиқалық тыныштық ,науқасты жатқызу немесе отырғызу, таза ауамен қамтамасыз ету;
2.Тіл астына нитроглицеринді әр 5мин (3реттен көп емес) беру немесе тіл астына изокет - спрей 1-2доза;
3.Аспиринді 325-500мг шайнап жұтқызу немесе клопидогрел немесе плавикс; 4. Ылғалды оттегін беру; 5. К/т 2-4мг морфин ; 6.АҚҚ 100с.б.төмен болса к/т 60 мг преднизолон 10мл физерітіндіге ерітіп ; 7. К/т тамшылатып стрептокиназа 1500000Ед 30мин бойы; 8. 5000 Ед гепарин к / т және 90 мин бойы 3 этаппен актелизе беру: 15 мг к/ т ағызу 50мг к/т тамшылытып 35 мин бойы 35мг к/т тамшылатып 60мин бойы ; 9. Пациентің жағдайын бақылау, (АҚҚ, ЖСЖ,ТАЖ бақылау). 10. Науқасты жатқызып тасымалдау.


30. Кардиогенді шок кезіндегі шұғыл көмек.
Мақсаты: АҚҚ көтеру.
Керек жабдықтар: тонометр, фонендоскоп, оттегі балоны, маска, дәке салфеткасы,
Стерильді: бір рет қолданылатын шприцтер, система, мақта домалақтары, 70% этил спирті, резеңкелі жгут, қолғап, дезерітіндіге салынған пинцет, валик, лоток.
Дәрілік заттар: 2-5мг морфин немесе фентонил аспирин 0.25 мг, 5000 ЕД гепарин , 0,9 % физерітінді 200мл, допамин200мг,5% глюкоза 400мл
Іс -әрекет алгоритмі:
1.Науқасты аяқтарын 20º бұрышта көтеріп жатқызу .
2.Ылғалды оттегін беру.
3.К/т 2-5мг морфин, 30мин кейін қайталау немесе фентонил 1-2 мл 0,005% еріндісі.
4.5000 Ед гепарин к/т ағыспен.
5.Аспирин 0.25гр шайнап жұту.
6. 200мл 0.9% натрий хлорид ерітіндісін к/т 10мин тамшылату.
7.200 мг допаминді 5% 400мл глюкозаға к/т тамшылатып енгізу .
8.Науқасты реанимация бөліміне немесе кардиологиялық бөліміне госпитализациялау.
9.Науқасты зембілде басын жоғары көтеріп тасымалдау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет