31. Жүрек демікпесі кезіндегі шұғыл көмек.
Мақсаты: қан айналым шеңберінде қанның өкпе қан тамырларында тұрып қалуын азайту , оттегі жетіспеушілігін жою, өкпе капиллярларының өткізгіштігін азайту, АҚҚ қалпына келтіру .
Керек жабдықтар: тонометр, фонендоскоп, оттегі балоны, маска, дәке салфеткасы,
Стерильді: бір рет қолданылатын шприцтер, система, мақта домалақтары, этил спирті 70%, резеңкелі жгут, қолғап, дезерітіндіге салынған пинцет, валик, лоток.
Дәрілік заттар: 2 мл лазикс,нитроглицерин.
Іс -әрекет алгоритімі
1.Науқастың аяғын төмен түсіріп, отырыңқы жағдай жасау.
2.Аяқ-қолға жгут салу.
3.Ылғалды оттегін беру.
4.К/т 2 мл лазикс енгізу.
5.Нитроглицеринді тіл астына салу.
6. к\т 5000 Ед гипаринді 10 мл 0,9 % физиологиялық ерітіндімен енгізу.
7.к\т немесе б/е 1мл 1% морфин ерітіндісін енгізу.
8.Гипертониялық криз кезінде қосымша 1 мл клофелинді натрий хлоридтің физиологиялық ерітіндісіне қосып к\т енгізу.
9.Бронхоспазом кезінде 2,4% эуфилин ерітіндісін к\т енгізу.
Ескерту: миокард инфаркті кезінде жүрек гликозидтері қарсы көрсеткіш болып табылады, себебі олар миокардтың жиырылу қызметін күшейтіп некроз аймағын үлкейтеді.
32.Өкпенің ісінуі кезіндегі шұғыл көмек.
Мақсаты: кіші қанайналым шеңберінде қанның тұрып қалуын азайту , тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру, өкпе капиллярларының өткізгіштігін азайту, АҚҚ қалпына келтіру .
Керек жабдықтар: тонометр, фонендоскоп, оттегі балоны, маска, дәке салфеткасы,
Стерильді: бір рет қолданылатын шприцтер, система, мақта домалақтары, этил спирті 70%, резеңкелі жгут, қолғап, дезерітіндіге салынған пинцет, валик, лоток.
Дәрілік заттар: 1мл -1% морфин, 1мл физ. ерітінді немесе 5мл 10 % глюкоза, нитроглицерин 0.5мг, фурасемид 40-80мг, 1-2 мл 5% пентамин, 33% этил спирті, 60-90мг преднизолон.
Іс- әрекет алгоритімі
1.Науқасқа отырыңқы жағдай жасау.
2.Науқасты тыныштандыру, таза ауамен қамтамасыз ету;
3.1мл-1% морфин 1мл физерітіндіге ерітіп жіберу;
4.Нитроглицерин 0.5 мг тіл астына әр 15-20мин сайын (3 ретке дейін);
5.40-80 мг фурасемид к\т (АҚ бақылау);
6.АҚ жоғарылағанда к\т 1-2мл 5% пентамин 20 мл физ ерітіндісіне ерітіп жіберу;
7.Ылғалды оттегін беру;
8.33% 2 мл этил спирті к\т;
9.Преднизолон 60-90 мг к\т;
10.Көрсетілген көмек нәтиже бермесе, өкпенің ісінуі үдесе, АҚҚ төмендеуінде жасанды өкпе вентиляциясын жүргізу;
11.Стационарға госпитализациялау.
12. Отырғыза тасымалдау.
Достарыңызбен бөлісу: |