Тәжірибелік дағдылардың кәсіби стандарттары. Мамандығы: «Емдеу ісі»


Астматикалык статус кезінде шұғыл көмек



бет18/28
Дата13.11.2022
өлшемі95,23 Kb.
#157968
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28
Байланысты:
Стандарттар ішкі аур. проп.-1
265559, Отзыв, 4-группа Русский яз, 3 дәріс. Танымдық процестер психологиясы, термохимия тест, 2срс2
25.Астматикалык статус кезінде шұғыл көмек
Максаты: бронхоспазмды жою.
Керек жабдықтар: Оттегі балоны,маска, дәке салфеткасы,тонометр,фонендоскоп,
Стерильді: Бір рет қолданылатын шприц, көктамырға дәрілерді енгізуге арналған система, мақта домалақтары,70% этил спирт, жгут, перчатка, дезерітіндегі пинцет, клеенкалы валик, латок, дәрілік препараттар,реополиглюкин 1000мл, эуфиллин 2.4% ерітіндісі, преднизолон 90мг немесе гидрокартизон 250мг, гепарин 10000ЕД.
Іс -әрекет алгоритмі: 1.Науқасты тыныштандыру, науқасқа ынғайлы жағдай жасау, қысатын кимін босату,таза ауа жеткізу, физикалық және психикалық тыныштық; 2.Қалта ингаляторын қолдану; 3. Бронхолитигі бар (сальбутамол100мкг) небулайзерді 5-10 мин аралығында колдану;
4.Маска арқылы ылғалды оттегін беру. 5.Көк тамырға 10-15мл 2.4 % эуфиллин алғашында 5-7 мл , содан кейін 3-5 мл инфузиялық ертіндіге араластырып тамшылатып к/т жіберу;
6. К/т 90-150мг преднизолонды тамшылатып еңгізу
7.К/т гепарин 5000-10000ЕД; 8. К/т тамшылатып 500мл 0.9 % натрий хлорид ертіндісі немесе 500мл 4% натрий гидрокарбонат ертіндісі . 9. Науқастың қан қысымын, пульсін, ТАЖ қадағалау. 10.Науқасты реанимация бөліміне немесе қарқынды терапия бөліміне жеткізу.
11.Науқасты басын көтеріп жатқызып немесе отырғызып тасымалдау .
Ескерту:
1.Седативті, антигистаминді, зәрайдағыш, кальций және натрий препараттарын (соның ішінде физерітінді) қолдануға тыйым салынады!
2.Бронхоликтерді көпретті қолдану өлімге әкелумен қауіпті.


26.Өкпеден қан кету кезіндегі шұғыл көмек.
Мақсаты: қан кетуді тоқтату.
Құрал жабдықтар: тонометр, фонендоскоп, мұздатқыш,
Стерильді: бір рет қолданылатын шприцтер, көк тамырға тамшылата ензігетін системалар,мақта домалақтары, этил спирті 70%, резеңке жгут, қолғап, дезерітіндіге салынған пинцет,клеенкалы валик, лоток.
Дәрілік заттар: 10мл 10% кальций хлорид ерітіндісі, 1мл викасол, 2-4мл 12,5% дицинон ерітіндісі, 100мл 5% аминокапрон қышқылы ерітіндісі.
Іс- әрекет алгоритмі:
1.Науқасқа психикалық және физикалық тыныштық жасау, жартылай отырыңқы жағдай жасау (қақырық бөлінуін жақсарту үшін), сөйлеуге және тұруға тиім салынады.
2.Кеуде аймағына мұздатқыш қою;
3.Науқасқа салқын су ішкіземіз, қалақай қайнатпасын немесе тұзды ертіндіні ішкізу. ( 1 стакан суға, 1 ас қасық тұз);
4.К/т 10мл 10% кальций глюконаты ерітіндісін енгізу.
5.Б/е1-2 мл викасол енгізу.
6.К/т 2-4мл 12,5% дицинон ерітіндісін енгізу немесе 100мл 5% аминокапрон
қышқылы ерітіндісін тамшылатып құю.
7.Науқас жағдайын бақылау, пульс, АҚ өлшеу.
8.Науқасты зембілде жартылай отырыңқы жағдайда тасымалдау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет