40.Асқазаннан қан кетуде шұғыл көмек.
Мақсаты: қан кетуді тоқтату.
Құрал жабдықтар: тонометр, фонендоскоп, мұздатқыш,
Стерильді: бір рет қолданылатын шприцтер, мақта домалақтары, этил спирті 70%, резеңке жгут, қолғап, дезерітіндіге салынған пинцет, лоток.
Дәрілік заттар: 10мл 10% кальций хлорид ерітіндісі, 4мл викасол, 2-4мл 12,5% дицинон ерітіндісі, 50мл 5% аминокапрон қышқылы ерітіндісі.
Іс- әрекет алгоритмі:
1.Науқасқа психикалық және физикалық тыныштық сақтау.
2.Науқастың басын жоғары көтеріп жатқызу.
3.Эпигастрий аймағына мұздатқыш қою.
4.К/т 10мл 10% кальций хлорид ерітіндісін енгізу.
5.Б/е 4мл викасол енгізу.
6.К/т 2-4мл 12,5% дицинон ерітіндісін енгізу немесе 50мл 5% аминокапрон қышқылы ерітіндісін тамшылатып құю.
7.Науқас жағдайын бақылау, пульс, АҚ өлшеу.
8.Науқасты хирургия бөліміне зембілде басын жоғары көтеріп тасымалдау.
41.Бүйрек шаншуында шұғыл көмек.
Мақсаты: ауырсыну синдромын басу.
Құрал жабдықтар: тонометр, фонендоскоп, жылытқыш,
Стерильді: бір рет қолданылатын шприцтер, мақта домалақтары, этил спирті 70%, резеңке жгут, қолғап, дезерітіндіге салынған пинцет, лоток.
Дәрілік заттар: Атропин 0,1% 1мл ерітіндісі, 5мл баралгин, 2-4мл 2% Но-шпа, морфин, промедол ерітінділері 1-2мл, 1мл 1-2% промедол ерітіндісі, 1мл 0,2% платифилин ерітіндісі.
Іс -әрекет алгоритмі:
1.Науқасқа психикалық және физикалық тыныштық сақтау.
2.Жылытқышты бел және іш аймағына қою.
3.к/т 5мл баралгин баяу енгізу.
4.Тері астына атропин 0,1% 1мл ерітіндісі мен 1мл 1-2% промедол ерітіндісін қосып енгізу.
5.Тері астына 1мл 0,2% платифилин ерітіндісін енгізу.
6.Б/е 2-4мл 2% Но-шпа ерітіндісін енгізу.
7.Эффект болмаса 10-15мин кейін 1-2мл тері астына морфин, промедол ерітінділерін енгізу.
8.Науқас жағдайын бақылау.
9.Науқасты хирургия бөліміне немесе урология бөліміне жеткізу.
Ескерту: жылыту процедураларын және анальгетиктерді жедел хирургиялық патологияларды жоққа шығарғаннан кейін ғана қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |