Тексерген: Алматы,2020 Жоспар


ІІ.ІІ Батыс өркениеті мен мәдениеті



бет4/6
Дата07.02.2022
өлшемі32,01 Kb.
#87719
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Мәдениет пен өркениет реферат

ІІ.ІІ Батыс өркениеті мен мәдениеті.
Батыс өркениетіне Ежелгі Греция және Рим. Ұлы державалары орта ғасырлардағы Англия, Франция, Испания, Италия және кейінрек Германия, Австро-Венгрия, АҚШ. XIX ғ. соңғы ширегінде Тигр және Ефрит (Қос өзен) өзендерінің бойында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде ежелгі ескі қалалардың орны ашылып, әлемге «Шумер өркениеті» деген жаңа мәдениет белгілі болды. Адамзат баласының ғасырлар бойы жинақтаған мол мәдени мұраларына қомақты үлес қосқан, дүниежүзілік өркениеттің тағы бір бастауына айналды бұл жаңа мәдениеттің аты аңызға айналды, адамзат қауымының «фәлсафалық мәйегі», ілгерілеу мен дамуының қайнар бұлағы деп дәріптелді. Жер бетінде алғаш өркениетті қауым, іргелі мемлекет құрған шумерлердің мәдениеті дүниежүзілік мәдени ошақтардың бірі Египет мәдениетіндей өте жоғары болды. Шумерлер адамзат тағдырын шешетін 50-ден астам құдай бар деп есептеген. Олардың біразының аты белгілі: Ан, Ан-Ки, Ан-Лил, Ереш-қигал, Инанна, Нурур-Саг, Мама, Мами, Уту, Марту, Ие, Мардук, Шамаш және т.б. Шумер-Аккад өркениетінің тікелей мұрагері ежелгі Вавилон болды. Б.з.б V ғ. Вавилонда астрологиялық мектептер болған, ал жұлдыздардың өзара қашықтығын көрсететін таблицалар күні бүгінге дейін сақталған.Кейінгі ғасырларда Вавилонның қуаты мен саяси маңызы адамдардың ең ежелгі және ұлы мәдениеттерінің бірін гүлдендіріп, одан әрі дамыту ассириялықтардың үлесіне тиді. Олар Вавилонның дінін, мәдениеті мен өнерін қабылдап, оны одан әрі дамытты. Ғалымдар Ассирия патшасы ашшурбанилпал (б.з.д. 665-635) сарайының қирандыларынан бірнеше ондаған мың сына жазу тексті, соның ішінде вавилон әдебиетінің аса құнды шығармалар бар кітапхана тапты. Шығыс елдерінің ішінде гі ең әйгілі, ең бай бұл кітапханада вавилондық әдеби шығармалармен қатар, заңдар жинағы, тарихи туындылар мен ғылыми еңбектер де жинақталған. Ассирияның алдағы Азиядағы үстемдігі тым ұзаққа созылған жоқ, б.з.д. VI ғ. Вавилон мен Ассирияның орнын қуатты Иран империясы басты. Иран өркениетің тірегі-зороастризм діні болды. Зороастризм тек қана діни наным-сенім жүесі ғана емес, сонымен қатар философиялық, дүниетанымдық жүйе болып табылды. Иран өркениетінің тағы бір жетістігі –ондағы ескі парсылық сына жазуы.
Антик дүниесінің өнері деп аталатын ежелгі Грекия мен Рим мәдениетінің әлемдік өркениетте алатын орны ерекше. Мәдениет тарихының қай кезеңін алсақ та, ол өзінің баға жетпес жетпес мәдени құндылықтармен ерекшеленеді. Сондықтан да болар, ғалымдар көне мәдениеттің ішінде, әсіресе, грек мәдениетіне ерекше мән береді, өйткені ежелгі Грекияның әдебиеті, өнері, философиясы және т.б. ғасырлар бойы Еуроппаның барлық елдерінің ақындарына, мүсіншілеріне, суретшілеріне, жазушыларына, композиторларына сарқылмас шалқар шабыт берді. Мұндай ақыл-ой даналығы рухани және саяси-әлеуметтік өмірдің барлық салаларында- поэзияда, саясатта, ғылымда, құқықта , кескіндеме, сәулет, мүсін және т.б. өнер салаларында кеңінен көрініс тапты. Көне мәдениеттің жарқын беттері Эсхил, Софокл, Еврипид, Геродот, Фукидит, Демокрит, Платон, Аристотель, сияқты ұлылар есімімен тығыз байланысты болды. Б.з.д. II-мықжылдықтарда Грекия мәдениетінің аса маңызды орталықтары Крит аралы мен Пелопоннес түбегіндегі Микены болғандықтан да Эгей өркениетін Крит-Микены мәдениеті деп атады. Грек аңыздарына қарағанда Крит- ұлы жебеуші найзағай тәңірі Зевстің туған жері. Ежелгі Грекия мәдениетің келесі кезеңі ұлы Гомердің атымен – Гомер кезеңі (б.з.д. XI-VIII ғ.) деп аталды. Б.з.д. VIII ғ. туған «Илиада» мен «Одиссея» дастандары. Бұл кезеңнің мүсін өнеріне тән нәрсе –құдайларға сыйға тартуға арнайы жасалынғапһн қыш немесе қола мүсіншілер. Демек , б.з.д. I-мыңжылдықтың алғашқы ғасырларда өнер салссында көркемдік кәсіп –керамика жетекші орын алды. Гомер дәуірінде мәдениет құлдырау, тоқырау кезеңін басынан кешіргенмен де, дәл осы тұста грек қоғамының дамуына, мәдениеттің гүлденуіне қолайлы алғышарттар жасалғандығын естен шығармауымыз керек. Грекияның мәдениетінің архаикалық кезеңі б.з.д. VII-VI ғ. аралығын қамтиды. Бұл кезең гректердің Мрамор және Жерорта теңіздерінің жағалауларындағы жерлерді меңгеру – ұлы отаршылдық кезеңі, бұл- құлиеленушілік құрылыстың кірігу кезеңі, грек мемлекет-қалаларының өзара саяси-әлеуметтік күрес жағдайында қалыптасу кезеңі, дәлірек айтқанда қилы-қилы қоғамдық – саяси оқиғаларға толы түбегейлі терең өзгерістер кезеңі. Дәуір басында-ақ, әсіресе материалдық мәдениет қаулап дами бастады. Жолдар тартылып, көпірлер тұрғызылды, қалаларда су құбырлары салынды, темір қару-жарақтар кеңінен қолданыла бастады, металлургия мен құйма тәсілі одан әрі жетіле түсті. Әлемнің жеті кереметінің бірі Артемида ғибадатханасы-Артемиданың құрметіне салынды. Антикалық сәулет өнерінің шыңы- ежелгі заманның өзінде –ақ дорийлік стильдің ең тамаша ескерткіші деп танылған Парфесон сарайы еді. Өзіндік сипаты бар архаикалық мәдениет дүниежүзілік мәдениетте айрықша рөл атқарған Эллада тарихындағы жаңа кезеңге- классикалық гүлдену дәуіріне даңғыл жол ашып берді. Б.з.д. грек-парсы соғыстары (500-449 ж) ежелгі грекияның тарихында бетбұрыс кезең болды, өйткені дәл осы уақыттан бастап грек мәдениеттінің классикалық кезеңі басталды. Классикалық грек трагедиясының негізін салушы- ұлы Эсхил (б.з.д. 525-456ж.) болды. Эсхил трагедияларында шындық, әділеттілік, діни-этикалық мұра ұғымдары одан әрі айқындалып, азаматтардың рақымшылдығы мен адамгершілігі, өз еліне деген сүйіспеншілік бірінші орынға шықты. Б.з.д. V-IV ғ. жасалған сәулетшілердің, мүсіншілер мен суретшілердің даңқты өнер туындылары кейінгі ғасырларда да үлгі-өнеге алуға лайық болды, сондықтан да оларды классикалық мұра, яғни үлгі деп есептейміз. Қорыта келгенде, классикалық дәуір өнерінің басты жеңісі, адамның архаика өнірінің шарттылығынан құтылған тәуелсіз, табиғи қалпын бере білу шеберлігі болып табылады. Эллинизм (б.з.д. IV ғ. аяғы-б.з. I ғ.) – ертедегі грек құлиеленушілік қоғамының соңғы, аяқталған кезең болды. Грекия тарихындағы бұл тарихи кезең Александр Македонскийдің (б.з.д. 356-323 ж.) бүкіл Грекияны жаулап алуымен тығыз байланыста болды. Сауданың қаулап өсуі, әсіресе Шығыста жаңа қалалардың дүниеге келуіне зор ықпал етті. Грекияның сан ғасырлар бойы жинақталған мәдени жемістерінің шығыс өркениетімен өзара ұштасуының зор тарихи маңызы бар. Бұл дәуірдегі ғылыми жаңалықтардың басым көпшілігін Александрия ғалымдары ашты. Мысалы, Эвклид геометрияның бастауы туралы еңбек жазды, Гиппарх іргелі жұлдыз каталогын құрастырды, географ Эратосфен жер шеңберін біршама анықтады, астроном Аристрих Самоский тұңғыш рет мен планеталар күнді айналады деп данышпандық болжам айтқан. Ең бастысы- Александрияда дүние жүзіндегі кітаптардың басым көпшілігі шығарылды, дәлірек айтқанда, ғылымның барлық саласынан шығармалар жинақталған 700 мың папирус орамы бар әйгілі кітапхана орналасты. Қорыта келгенде, ежелгі грек мәдениетінің шұғыласы антика өркениетінен анағұрлым кеш пайда болып, ғасырлыр бойы өз сәулесін түсіріп келеді. Дәл осы тұстан бастап қазіргі Италия мемлекетінің жері көне мәдениеттің орталығына айналды. Сөйтіп антика өнерінің жаңа тарауы болып есептелетін Ежелгі Рим мәдениеті басталды. Дүниежүзілік өркениетте гректердің де, римдіктердің де қосқан үлесі ұшан теңіз, бұл ұлы халықтардың бірін-бірі толықтырып отырды. Римдіктердің табиғи шығармашылық даналықтары сәулет өнері ескерткіштерінде мейлінше байқалады. Рим сәулетшілері ғимараттарың өзіндік ерекшелігі, олардың мемлекет қажеттілігін ескертіп салуы болатын. Рим әдебиетіне келетін болсақ, бұл салада грек әдебиетінің ықпалы зор болды. Бұл дәуірдің ең дарынды жазушылары, прозаның шеберлері Варрон мен Цицерон болды. Империя заманында императорлар гладиаторлар шайқасы үшін орасан зор мамфитатрларт салғызды. Солардың ішіндегі ең ірісі Римде б. ғ-дың 75-80 жылдары және орта ғасырларда салынган Колизей.Колезей құрлысының негізін арқалар мен итарқа күмбез құйяды. Грекия сәулет өнеріне колоналар қандай тән болса, Рим сәулет өнеріне бұлар да сондай жарасымды. Шығыс Рим империясы, Византия империясы деген атпен атпен 1453 жылға дейін өмір сүрді, бұл христиандық бағыттағы грек мәдениетінің заңды жалғасы болды. Ал Батыс Рим империясы германдықтардың соққысынан 476 ж. құлады. XI-XII ғ. бастап Еуропада ашыла бастаған алғашқы университеттер ғылыми-зерттеу жұмыстарының орталығына айнала бастады. XI ғ. Италияда Балон құқық мектебінің негізінде Балон университеті (1038 ж.) ашылды. XII ғ. Батыс Еуропаның басқа елдерінде де университеттер ашыла бастады. Англияда Оксфорд университеті (1167 ж.), ал одан кейін Кембриж университеті (1209 ж.)- ортағасырлық білім ордаларына айналды. Франциядағы алғашқы және ең ірі оқу орны- Париж университеті (1160 ж.). Батыс Еуропаның барлық елдеріндегі университеттерде сабақ латын тілінде жүрді. XIII ғ. Ағылшын әдебиетінің мәңгілік өшпес мұраларының бірі- Робин Гуд жайындағы балладалар. Италия әдебиетінде итальян тілінде жазылған жырлар балладалар, сонеттер басым болып келеді. Францияда қала мәдениеті XI-XII ғ. туындады.Қаланың халық көп жиналатын алаңдарында актерлер, акробаттар, аң үретушілер, музыканттар және әншілер жаппай өнер көрсететін. Театр өнері Англияда да қанат жайды. Ең бастысы театр қойлымдарды XIII ғ. бастап ағылшын тілінде жүргізіле бастады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет