Тексерген: Орындаған: Дутбаев. Н



Дата16.05.2022
өлшемі5,39 Mb.
#143436
Байланысты:
СРО 12
СРОП 10

Тақырыбы: "Рухани жаңғыру" Қазақстан Республикасындағы сана мен ойлаудың жаңа моделінің стратегиясы
Тексерген:
 Орындаған: Дутбаев.Н
Жаңғыру дегеніміз не?
Ғылыми әдебиетте «Жаңғыру» қоғамның әлеуметтік эволюциясына, оның өсуіне алып келетін саясаттағы, экономикадағы және мәдениеттегі инновациялардың тарихи ұзақ процесі ретінде белгіленеді.
Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Елбасы халыққа Жолдауында Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жариялады. Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алдық. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу
Қазақстан үш жаңғыруды жүзеге асырды
1 жаңгыру Қазақстан жаңа тәуелсіз мемлекет құрды.
2 жаңғыру 2030 стратегиясын қабылдап және Астананы салып, Қазақстан 50 дамыған елдің қатарына енді.
3 жаңғыру Ұлт жоспарын орындау негізінде әлемнің 30 озық елінің қатарына ену.
Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай. Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс.
*Рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды.
Қоғамның санасын жаңғыртудың бірнеше бағыты
*Бәсекелік қабілет
*Прагматизм
Ұлттық бірегейлікті сақтау
*Білімнің салтанат құруы
*Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы
*Сананың ашықтығы
*Бәсекелік қабілет-өзгелерден ұтымды дүние ұсына алу. Ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы немесе сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы (материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары)
*Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі: ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану. Нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, саламатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану – мінез-құлықтың прагматизмі деген осы. Бұл – заманауи әлемдегі бірден-бір табысты үлгі 
Жүзеге асатын жобалар:

1. Латын әліпбиіне көшу жобасы 2. «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы. 3. «Туған жер» бағдарламасы. 4.«Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы. 5.«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы. 6.«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы.
ҚОРЫТЫНДЫ:

Президенттің бағдарламалық мақаласы - бұл рухы жетілген ұлттың өз бірлігін одан сайын нығайтып, оны материалды деректі түрінде іске асыра алу мақсатында зерттеу және ұйымдастырушылық тәжірибелік жұмыстарды бірдей бастауға мүмкіндік беретін қуатты ресурс болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет