Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Жетісу гуманитарлық-техникалық колледжі
«Қылмыстық құқық»
пәні бойынша
К У Р С Т Ы Қ Ж Ұ М Ы С
Тақырыбы: Әскери Қылмыстық құқық бұзушылықтар
Орындаған: 201 топ студенті Хамырза М.Е.
Тексерген: пән оқытушысы Алтай Ә.А.
Есік-2022
МАЗМҰНЫ
Кіріспе……………………………………………………………………….
1 БӨЛІМ. Әскери қылмыстардың түсінігі және жалпы сипаттамасы ……………………………………………..........………………………………….
2 БӨЛІМ. Әскери қылмыстардың түрлері………………..…………..
2.1. Әскери қызметшілері арасында бағынушылық тәртібіне және жарғылық қарым-қатынастарға қиянат жасайтын қылмыстар…….……..….
2.2 Әскери қызметті өту тәртібіне қарсы бағытталған қылмыстар..……
2.3. Қаруды, оқ-дәрілерді, басқа әскери мүлікті ұстау тәртібін және әскери техниканы пайдалану ерекшеліктерін бұзатын қылмыстар….………
2.4. Әскери басқарудың қалыпты қызмет етуіне және Қарулы Күштердің мәртебесіне қиянат жасайтын қылмыстар………..........………….
2.5. Қарулы Күштердің беделіне және әскери тәртіпке қарсы бағытталған қылмыстар………………………………….........………………..
Қорытынды……………………………………………………………….
Қолданылған әдебиеттер………………………………………………..
К і р і с п е
Еліміздің Қарулы Күштері – оқшауланған әлеуметтік тетік емес, ол қоғамның негізгі ажырамас бөлігі болып танылады. Әлеуметтік қайшылықтар қатты шиеленістен ыдырау процестері ұдайы асқынып жаатқан жағдайда әскерилер еңбегінің беделі мен қадірі шұғыл төмендеп әскерилер еңбегінің беділі мен қадірі шұғыл төмендеп әскери қызметшілердің құқық бұзушылық жасауы арта түседі
Қылмыстық заңнама Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін құрудағы жаңа үрдістерді және қазіргі жағдайда әскери құқық тәртібін нығайту қажеттілігін көрсетеді. Ол Қазақстан Республикасы Конституциясының әскери құрылысты реттейтін ережелеріне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жалпы әскери жарғыларына, мысалы ҚР 1993 жылғы 9 сәуірдегі Қорғаныс және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері туралы заңына; Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы ІІ-1897 Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы заңына және ҚР 1993 жылғы 20 қаңтардағы Әскери қызметшілер және олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі мен әлеуметтік қорғалуы туралы заңына және 2001 жылғы 20 наурыздағы Келісім-шарт бойынша әскери қызмет туралы заңына сәйкес келтірілген.
Қылмыстық құқық пен әскери заңнаманы бөліп қарастыруға болмайды. Бұл ерекшелік әскери қылмыстық заңнамаға қылмыстық құқықтың міндеттері мен принциптері туралы ережелердің, қылмыстық жауапкершлік негіздерінің толық таралатынымен түсіндіруге болады.
Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінде көзделген барлық қылмыс құрамдары бар іс әрекет қана қылмыстық жауапкершілікті тудырады. Қылмыстық заңда берілген қылмыс, кінә және оның нысандары түсінігі, іс әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын мән-жайлар, аяқталмаған қылмыс, қылмысқа қатысуы үшінжауапкершілік жағдайлары бүкіл қылмыстық заңнама үшін біртұтас болып келеді.
Қылмыстық және әскери қылмыстық заңнаманың біртұтастығы әскери қылмыс ұғымынан көрінеді.
Қазақстан Республикасы ҚК 366-бабында қылмыстың жалпы белгілері қайталанбай, тек қана әскри қылмыс объектісі мен субьектісінің ерекшеліктері көрсетіледі.
Арнайы орныдалған диплом жұмысында әскери қылмыстардың қылмыстық құқықтық сипаттамасы беріліп олардың мазмұнын ашуға бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: |