371-бап. Әскери қызметшіге тіл тигізу
Қылмыстық заң әскери қызметті атқару кезінде немесе оны атқарумен байланысты бір әскери қызметшінің екіншісіне тіл тигізгені үшін жауапкершілікті бекітеді (ҚК 371-бап).
Қылмыстың объектісі – әскери жарғыларымен анықталған, реттелінген, әскери сыпайылық, әскери қызметшінің және адамның ар-ожданын және қадір қасиетін қамтамасыз ететін әскери құқықтық қатынастардың саласы.
Қылмыстың объективтік жағы – бір әскери қызметшінің екіншісіне тіл тигізуі. Қазақстан Республикасы Әскери Жарғылары әскери қызметшілерінің өзіндігін сыйлау, олардың жеке қадір-қасиетін таптауға жол бермейтіні, әскери сыпайылылық және сәлем беру туралы талаптарды қарастырған. Тіл тигізу – әскери қылмыс ретінде дәл осындай жалпы қылмыстан ол адамның ар-ожданы мен қадір-қасиетіне және бір уақытылы әскери жарғылармен бекітілген әскери қызметшілері арасындағы өзара қатынастар тәртібіне озбырлық ететінімен және жәбірленуші немесе тіл тигізуде кінәлі адам араларында әскери міндеттерді орындау кезінде әлде орындауға байланысты болатынмен ерекшеленеді.
Тіл тигізу сөз, жазбаша немесе ұятты нысанда жасалынатын әрекеттер арқылы білдірілуі және арсыз ұрысуда, кір келтіретін мадақтауларда және сыпайылықпен сыйыспаудың қандай да болсын қимылдарда, соққыларда, погондарды, марапаттау белгілерін жұлып тастауда және с.с. көрінісін табуы мүмкін.
Тіл тигізу әрекеттері жәбірленуші әскери қызметшінің көзінше, әлде тіл тигізген адамның жәбірленушіні оның әскери қызметшісі және адам ретінде ар-ожданы мен қадір-қасиетін табалануы жөнінде белгілі болатынына үміттенуі салдарынан, ол жоқ болған кезде де жасалынуы мүмкін.
Қылмыс құрамы – формальды. Қылмыс тіл тигізетін әрекеттер жасалынған сәттен бастап аяқталған болып есептеледі.
Субъективтік жақ тікелей қасақаналықпен сипатталады. Кінәлі әскери қызметшінің ар-ожданын және қадір-қасиетін табалайтынын сол сияқты тіл тигізуді өзі әлде жәбірленуші әскери қызмет міндеттерін атқарған кезде немесе атқаруға байланысты жасайтынын сезінеді және тіл тигізуді қалайды.
Тіл тигізудің себептері мен мақсаттарының бағалау үшін мәні болмайды.
Қылмыстың субъектісі – қандай да болсын қызметші.
ҚК 371-бабының 2-бөлімі жауапкершілікті қылмыстың дәрежеленген түрі үшін қарастырады: бағыныштының бастығына немесе бастықтың бағыныштысына әскери қызмет міндеттерін атқару кезінде немесе атқару байланысты тіл тигізуі үшін. Яғни дәл сол баптың бірінші бөлімінен айырмашылық тіл тигізілген және тіл тигізетін әскери қызметшілерде бағынушылық қатынастары болуынан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |