Тексерген: пән оқытушысы Алтай Ә. А. Есік-2022 мазмұНЫ


-бап. Дене мүшесіне зақым келтіру жолымен немесе өзге тәсілмен әскери қызметтен жалтару



бет11/22
Дата19.05.2022
өлшемі396 Kb.
#143972
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22
Байланысты:
курстік жұмыс — копия
КТП-9, 5лф, курстік жұмыс — копия
374-бап. Дене мүшесіне зақым келтіру жолымен немесе өзге тәсілмен әскери қызметтен жалтару
Заң жауапкершілікті әскери қызметшінің ауруды сыл­тау ету немесе өзіне қандай да болсын зақым келтіру (де­не мүшесін зақымдау), не денсаулығына өзге зиян кел­тіру немесе жалған құжат жасау немесе өзгеше алдау жо­лы­мен әскери қызмет міндеттерін атқарудан жалтаруы үшін қарастырады (ҚК 374-бабы 1-бөлігі).
Қылмыстың объективтік жағы әскери қызметтен ау­руды сылтау ету, дене мүшесін зақымдау жолымен немесе өзге тәсілмен жалтаруда болып келеді [15].
Заңда аталған әскери қызметшінің әскери қызмет мін­деттерін атқарудан жалтаруының барлық тәсілдерінің не­гізінде алдау жатыр.
Ауруды сылтау еткенде әскери қызметші коман­дир­де (бастықта) және басқа да өкілетті адамдарда онда әске­ри қызмет міндеттерін атқаруға уақытша немесе ұдайы ке­дер­гі ететін аурудың барлығы туралы алданышты көз­қа­рас­ты қалыптастырады, әлде ондағы бар аурудың (көз көр­­­ме­уі, естімеу, сақаулық, мүшелердің ауруы) сипат­та­рын (белгілерін) әдейі арттырады.
Дене мүшесін зақымдау әскери қызметші өзі немесе басқа адамның (көмектесуші) көмегімен, оны әскери қыз­метті атқаруға жарамсыз деп тану үшін, өзіне бір не­ме­се өзге органдарын, мүшелерін, ткандарын зақым­дай­ты­­нында көрінеді.
Бұл үшін әр түрлі тәсілдер мен құралдар қолданы­ла­ды: механикалық (мысалы: кінәлі оқ-дәрілі, суық қару, ке­сетін құралдармен, жылжымайтын көлік және с.с. кө­ме­­гімен өзінің қолын, аяғын, көзін зақымдайды), химия­лық (мысалы: ішке қабылданған немесе терінің астына енгізілген дәрі-дәрмектер, улар), қызулық және с.с.
Жалған құжат жасау арқылы жалтаруда әскери қыз­мет­ші басшылыққа өзімен немесе оның сұрауы бойынша бас­қа адаммен жасақталған құжатты ұсынады (мысалы: жа­сы туралы, жақын туыстары біреуінің өлімі немесе ауыр ауруы, өртпен немесе табиғи апатпен олардың тұрғын үйін жою туралы және с.с.) және осының не­гі­зін­де әскери қызмет міндеттерін өткеруден уақытша не­ме­се тұрақты босатуды алады. Басқа алдау әскери қыз­мет­ші­мен әскери қызметті өткеру мерзімін қысқарту мақ­са­тын­да онда жоғарғы білім барлығы (алғаны) туралы мә­лі­мет­тер­ді беруде, кейбір реттерде – бір немесе әскери тап­сыр­ма орындалуын мүмкін етпейтін әскери техниканың бұзу­шы­лықтары және олардан асу мүмкін емес кедергілердің пай­да болғаны туралы жалған мәліметтерді хабарлауда кө­рі­ніс таба алады.
Кінәлімен әскери қызметті өткеруден жалтару мақ­са­тында алдаудың бір немесе басқа тәсілін таңдауы оның әс­кери қызмет міндеттерін өткеруден уақытша жал­тар­ғы­сы келгеніне (ҚК 374-бабы 1-бөлігі) немесе өзінің мақ­са­ты қылып осы міндеттерден толық босатылуды қоюына (ҚК 374-бабы 2-бөлігі) байланысты болады. Әскери қыз­мет міндеттерін атқарудан қысқа мерзімге босатылу ниетіне иемдене отыра (ҚК 374-бабы 1-бөлігі) әскери қыз­­­метші, әдетте, жалған құжат немесе өзге алдау жа­сай­ды, ал әскери қызмет міндеттерін атқарудан толық боса­ты­лу мақсатында (ҚК 374-бабы 2-бөлігі) ауруды сылтау ете­ді немесе дене мүшесін зақымдайды.
Субъективтік жақ тікелей қасақаналық және әс­ке­ри қызметтің бір немесе барлық міндеттерін өткеруден уа­қытша немесе тұрақты жалтару мақсатымен сипат­та­ла­ды.
Қылмыстың субъектісі қатардағы, сержанттық (стар­­шиналық) құрамның әскери қызметшілері, пра­пор­щик, мичман және офицерлік құрамдағы адам,сол сияқ­ты әскери жиынға шақырылған әскери міндетті тұлғалар.
ҚК 374-баптың 3-бөлігі жауапкершілікті осы бап­тың бірінші және екінші бөліктерімен қарастырылған, со­ғыс уақытында немесе ұрыс жағдайда жасалынған іс-әре­кет­тер үшін белгілейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет