Тексерген: пән оқытушысы Алтай Ә. А. Есік-2022 мазмұНЫ


Қаруды, оқ-дәрілерді, басқа әскери мүлікті ұстау тәртібін және әскери техниканы пайдалану ерекшеліктерін бұзатын қылмыстар



бет12/22
Дата19.05.2022
өлшемі396 Kb.
#143972
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22
Байланысты:
курстік жұмыс — копия
КТП-9, 5лф, курстік жұмыс — копия
2.3 Қаруды, оқ-дәрілерді, басқа әскери мүлікті ұстау тәртібін және әскери техниканы пайдалану ерекшеліктерін бұзатын қылмыстар


382-бап. Құрып бара жатқан әскери кемені тастап кету
Қылмыстың нақты объектісі Қазақстан Республи­ка­сы Әскери-Теңіз Флотының Кемелік Жарғысымен бе­кі­тіл­ген, әскери кемені оның құруының қаупін тудыратын жағдайда ұйымдасқан түрде қалдыру қамтамасыз ететін, кемеде әскери қызметті атқару тәртібі.
Қылмыстың объективтік жағы құрып бара жатқан әс­­кери кемені өзінің әскери міндеттерін ақырына дейін орындамаған кеме командирінің, сол сияқты командирдің оған тиісті үкімінсіз қызмет атқаратын кеме құра­мын­да­ғы адамның тастап кетуінен құралады.
Қылмыстың құрамы – формальды. Қылмыс көрсе­тіл­ген адамдармен құрып бара жатқан кемені құқыққа қай­шы тастап кетуі сәтінен бастап аяқталған болып есеп­те­леді.
Қылмыстың субъективтік жағы – тек тікелей қаса­қа­­налық.
Қылмыстың субъектісі арнайы – кеменің командирі не­месе кеме командасының құрамына кіретін қандай да бол­сын әскери қызметші.
ҚК 382-баптың 2-бөлігі жауапкершілікті осы бап­тың бірінші бөлігімен қарастырылған, соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайда жасалынған іс-әрекеттер үшін бел­гі­лейді.
387-бап. Әскери мүлікті қасақана құрту немесе бүлдіру
ҚК-де қару-жарақты, оқ-дәріні, қозғалыс құрал­да­рын, әскери техниканы немесе өзге де мүлікті қасақана құрту немесе бүлдіру үшін жауапкершілік белгіленген.
Қылмыстың нақты объектісі әскери мүлікті сақ­тау­дың белгіленген тәртібі. Қылмыстың заты - қару-жа­рақ, оқ-дәрілер, қозғалыс құралдары, әскери техника не­ме­се өзге де әскери мүлік.
Қылмыстың объективтік жағы әскери мүлікті құрту немесе бүлдіру де болып келеді. Қылмыстың құра­мы ма­те­риалды. Қылмыс әскери мүлік құртылған, яғни толы­ғы­нан жарамсыз болған және қалпына келтіруі және тү­зе­тілуі мүмкін болмаған кезде аяқталған болып есеп­те­ле­ді. Мүлікті бүлдіру оны тек жөндегеннен және қасиет­те­рін қалпына келтіруден кейін мақсатына сай пайдалануды мүмкін ететін жағдайға жеткізуде көрініс табады. Кінәнің әрекеттері мен зардап (мүліктің құруы немесе бүлінуінің) араларында себепті байланыс анықталуы тиіс.
Қылмыстың субъективтік жағы – тікелей немесе жа­нама қасақаналық. Кінәлі әскери мүлікті құртатынын немесе бүлдіретінін сезінеді, барлық салдарды алдын ала болжайды, олардың болуын тілейді немесе осының болу мүмкіндігін алдын ала біле тұра осыны тілемегенмен бол-уына саналы түрде жол береді не бұған немқұрайды қарайды. Себептері әр түрлі болуы мүмкін: бұзақылық ниет­тері, мүліктің сақтығы үшін жауапкершілікті көте­ре­тін адамнан есесін алу және с.с..
Қылмыстың субъектісі арнайы – қандай да болсын әс­кери қызметші.
ҚК 387-бабының 2-бөлігі осы қылмыстың дәре­же­лен­ген түрін қарастырады: ауыр зардаптарға әкеліп соқ­тыр­ған дәл сол әрекеттерді. Осындай зардап ретінде әс­ке­ри мүлікті ірі немесе аса ірі мөлшерде құрту немесе бүл­ді­ру бөлім, бөлімшенің өткізіліп жатқан немесе өткізуге жоспарланып жатқан әскери шараның сәтсіздікке ұшы­рауы және с.с..


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет