Тексерген: пән оқытушысы Алтай Ә. А. Есік-2022 мазмұНЫ


-бап. Жауға соғыс жүргізу құралдарын беру немесе тастап кету



бет19/22
Дата19.05.2022
өлшемі396 Kb.
#143972
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
курстік жұмыс — копия
КТП-9, 5лф, курстік жұмыс — копия
383-бап. Жауға соғыс жүргізу құралдарын беру немесе тастап кету
Бұл қылмыстың нақты объектісі болып – жауын­гер­ші­лік әрекеттерді жүргізудің белгіленген тәртібі болып ке­ле­ді. Қосымша объект – адамдардың өмірі және ден­сау­лығы немесе ауыр зардап.
Объективтік жақ – бастықтың жауға соғыс құрал­да­рын беру немесе тастап кетуде болады. Беру – жаумен жа­­уын­­гершілік әрекеттерді тоқтатуда және осының негі­зін­де оған сеніп тапсырылған әскери күштерді тұтқынға алы­нуын­да, бекіністерді, әскери техниканы және соғыс жүр­гізу­дің өзге құралдарын басып алынуында көрініс та­ба­ды. Жау­ға соғыс жүргізу құралдарын қалдырып кеткен­де бас­тық бұл құралдарды құрту, әлде жарамсыз қылу үшін еш­қандай шараларды қолданбайды және осы себеп­тен олар жаудың қолына түседі немесе түсуі мүмкін бо­ла­ды.
Бұл норма бойынша бағалау үшін жауға соғыс жүр­гізу құралдарын қалдыру жауынгершілік жағдаймен бұ­йы­рылмағанын анықтау керек. Егер бастық аталған құ­рал­дарды құтқару бойынша барлық қажетті шараларды қол­данса, бірақ та қалыптасқан жағдайға байланысты олар­ды алып шығуына немесе құртуға шынайы мүм­кін­дігі болмаса, онда оның әрекеті қылмысты құрамайды [17].
Субъективтік жақ, әдетте, кінәнің абайсызда ныса­ны­менен сипатталады, бірақ та бөлек реттерде бұл қыл­мыс қорқақтық, жігерсіздік салдарынан қасақана да жасалынуы мүмкін. Егер жауға көмектесу мақсатын көздесе, онда осындай іс-әрекетті мемлекеттік опасыздық ретінде бағалау тиіс (ҚК 165-бап).
Қылмыстың субъектісі – арнайы. Ол ретінде тек әске­ри күштер, бекіністер, жауынгершілік техника және со­ғыс­ты жүргізудің өзге құралдары сеніп тапсырылған бас­­тық болады.
386-бап. Әскери сипаттағы құпия мәліметтерді жария ету немесе әскери сипаттағы құпия мәліметтері бар құжаттарды жоғалту
Бұл қылмыстың объектісі болып – мемлекеттік құ­пия­сы жоқ әскери сипаттағы мәліметтерді құпиялықта сақтаудың белгіленген тәртібі келеді.
ҚК 386-бабының 1-бөлігінің объективтік жағы бо­лып, нәтижесінде осы құжаттар немесе заттар жоғалған, мем­лекеттік құпиясы жоқ әскери сипаттағы құпия мә­лі­мет­тері бар құжаттарды немесе заттарды күтіп ұстаудың бел­гіленген ережелерін бұзу келеді.
Бұзушылық әрекетте (мысалы, құжатты белгіленген тәр­тіпті бұзып жіберуде, осының салдарынан ол жо­ға­ла­ды), сол сияқты әрекетсіздікте (мысалы, құжатты нем­құ­рай­ды сақтау салдарынан ол ұрланады және с.с.) көрініс та­буы мүмкін.
Алайда, мемлекеттік опасыздық (ҚК 165-бап) си­пат­тары болмай тура, белгіленген тәртіптерді бұзу нәти­же­сін­де мемлекеттік құпияны ұстайтын құжаттар немесе заттар жо­ғалатын болса, онда жасалынған мемлекеттік құпияны жа­рия етуді құрайды (ҚК 172-бап).
Құжат немесе зат сеніп тапсырылған адамдар қата­ры­ның иелігінен шыққан сәттен қылмыс аяқталған бо­лып есептеледі. Қылмыс құрамы үшін осы құжат немесе зат­тағы құпиялы мәліметтердің бөтен адамға белгілі бо­луы талап етілмейді.
Қылмыстың субъективтік жағы – менмендік, сол сияқ­ты немқұрайлық түрлеріндегі кінәнің тек абай­сыз­дық нысанында болады.
ҚК 386-бабы 2-бөлігінің объективтік жағы – мем­ле­кет­тік құпияны ұстамайтын әскери сипаттағы құпиялы мә­ліметтерді таратуда болып келеді. Тарату – бұл мә­лі­мет­тер­ді ауызша сұхбаттасу кезінде (сөйлесуде, лекцияда, баян­дамада, телефон арқылы сөйлесуде, радио бойынша, теледидар арқылы сөйлесуде) немесе жазбаша нысанда (басылған және жазбаша құжаттарда, хаттарда және с.с.) жүзеге асырылуы мүмкін. Таратуға құжаттарды, заттарды, объектілерді бөтен адамдарға көрсетудің әр түрлі нысан­дары жатады. Құпияны тарату бойынша пассивті әрекет­тер болуы мүмкін, мысалы, құжаттар мен заттарды онда бөтен адамдар кіріп олармен таныса алатын жерде тастап кету.
ҚК 386-бабыменен қарастырылған қылмыстың су­бъектісі арнайы – оған қызмет бойынша әскери си­пат­тағы мәліметтер бар құжаттар мен заттар сеніп тап­сы­рыл­ған немесе оған осы мәліметтер қызметіне байланысты бел­гілі болған әскери қызметші.
ҚК 386-бабының 3-бөлігі жауапкершілікті ауыр зар­дап­қа әкеліп соқтырған дәл сол әрекеттері үшін қа­рас­ты­рады.
Осындай зардап болып – адамдардың өлуі, әскери мү­лік­тің ірі немесе аса ірі мөлшерде құруы немесе бүлі­нуі, бөлім, бөлімшенің өткізіліп жатқан немесе өткізуге жос­парланып жатқан әскери шараның сәтсіздікке ұшы­ра­уы және с.с. танылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет