Тексерген: пән оқытушысы Алтай Ә. А. Есік-2022 мазмұНЫ


-бап. Кеме жүргізу ережелерін бұзу



бет16/22
Дата19.05.2022
өлшемі396 Kb.
#143972
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22
Байланысты:
курстік жұмыс — копия
КТП-9, 5лф, курстік жұмыс — копия
393-бап. Кеме жүргізу ережелерін бұзу
ҚК абайсызда кісі өліміне немесе өзге ауыр зар­дап­тарға әкеп соқтырған кемелерді жүргізу немесе пайдалану ережелерін бұзу үшін жауапкершілік белгіленген.
Қылмыстың нақты объектісі – әскери кемелерді жүр­гізу мен пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, Әс­ке­ри-Теңіз Флотның Кемелік Жарғысымен, уағыздармен жә­­­не нұсқаулармен реттелетін әскери қатынастар келеді.
Қылмыстың заты: арнайы тағайындаудағы жауап­кер­шілік кемелер, су астында жүзетін қайықтар, авиа та­сы­малдаушылар, крейсерлер, торпедалық катерлер, қам­та­масыз ету кемелері және с.с.
Объективтік жақ адам өлімін немесе өзге ауыр зардапты туындатқан кеме жүргізу ережелерін бұзуда болып келеді. Құрлымы бойынша қылмыс құрамы– материалды. Кінәлінің іс-әрекеті мен адамның өлімі немесе өзге де ауыр зардап араларындағы себепті байланыс анықталуы тиіс [9].
Кеме жүргізу ережелерін бұзу – нормативтік акті­лер­­мен белгіленген кемені басқару туралы бұйырымдар­дан, өкім­дерден ауытқуда, оның курсы мен жылдамдығын құ­­қыққа қайшы өзгертуде, кемелерді тарту және өткізу тәр­тіп­­терін бұзуда және с.с.болуы мүмкін.
Бір адамға болса да өлім келтірумен қатар, ауыр зар­дап кеменің құруы немесе елеулі күрделі жөндеуді талап ете­тін кеменің бүлінуі, бірнеше адамның денсау­лы­ғына ауыр немесе орта ауырлықтағы зиян келтірілуі, ма­ңызды әс­кери шараның сәтсіздікке ұшырауы және с.с. танылады.
Қылмыстың субъективтік жағы – кінәнің тек абай­сыз­дық нысанымен сипатталады.
Қылмыстың субъектілері – кеменің командирі, оның көмекшілері, штурман, вахталық офицер және олар­ға кемені жүргізу және оны пайдалану бойынша мін­дет­тер жүктелетін өзге де әскери қызметшілер.


2.4. Әскери басқарудың қалыпты қызмет етуіне және Қарулы Күштердің мәртебесіне қиянат жасайтын қылмыстар

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін рефор­ма­лау кезінде бірталай маңызды роль әскери басқару ор­гандарында да болып келеді. Оның қызмет етуінің үз­дік­сіз­дігіне, оның жұмысшыларының адалдығы мен жа­уап­ты­лығына байланысты республика қорғаныс қа­бі­лет­ті­лі­гін нығайту бойынша ірі масштабтық міндеттері ше­ші­леді. Осыған орай әскери басқару органдарының өз қыз­мет­керлері арасындағы қылмысты көріністер кө­те­рің­кі қа­уіпті болып келеді.


Не десек те, қылмыстық – біздің елдің Қарулы Күш­те­рінің басқару қатарларына да еніп кетті. Бұл ор­ган­­дар­дың жұмысшылары өздерінің құқыққа қайшы әре­кет­тер­менен соңғылардың қалыпты қызметін бұзады, олардың беделін, мәртебесін қоғам көзінде төмендетеді. Сондықтан әскери басқару өкілдерінің қылмыстық әрекеттеріне жол беруге болмайды және олар қылмыстық жауап­кер­ші­лік­ке әкеліп соқтыруы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет