Тексерген: Зайнеттинова Д. Б орындаған: Табысбек Ж. Тобы



бет19/25
Дата06.02.2022
өлшемі177,14 Kb.
#79957
түріҚұрамы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25
Байланысты:
желинсау аку

Некробактериоз. Сүт бездерi зақымданбаса, сүттi қайнатқаннан соң пайдаланады.
Ауески ауруы. Сүттi пастерлеуден өткiзiп немесе қайнатқаннан кейiн тағамға пайдалануға жiбередi.
Қой мен ешкiнiң инфекциялық агалактиясы. Аурудың қоздырушысы ауру малдың сүтімен және ауырып жазылғанынан соң 4 ай бойы оның сүтiмен бөлiнедi. Сезімдік көрсеткiштерi өзгерген және желiнсаудың белгiсi байқалған мал сүттерiн қайнатқаннан соң жояды. Көздерi мен буындары зақымдалған малдың сүтiн қайнатқаннан кейін тағамға пайдаланады. Осы ауру кездесетiн отардағы қой мен ешкi сүттерiн пастерлегеннен соң, сол шаруашылықтың өзiнде пайдаланады.
Лейкозбен ауру сиыр сүтiн тағамға пайдалануға тиым салынады. Оны қайнатқаннан соң лейкозбен ауырған сиырлардан туған бордақы бұзауларды және бордақылаудағы шошқаларға береді немесе жояды. Ауруға күдiкті сиыр сүтiн 850С - 10 мин пастерлейді немесе 5 мин қайнатқан соң тағамға пайдалануға болады. Бұндай сүттен күйдірілген май, айран (ряженка, кефир) және ацидофилин дайындауға болады. Лейкоз ауруы кездесетiн шаруашылықтағы сау сиырдың сүтiн сүт зауытына жiберуге рұқсат етедi, әкелiнген жерде ол пастерленеді.
Сәуле аурулары. Жеңiл және орта дәрежедегi ауру мал сүтiнде бактериялармен ластануы мол болуы мүмкін. Сүттегi радиоактивтi заттың мөлшерi, рұқсат етiлетiн деңгейiнен аспаса, оны 950С - 10 мин пастерлегеннен кейiн пайдаланады. Радиациямен зақымданған мал сүтi 30 тәулік бойы мiндеттi түрде пастерленеді.
Аурудың ауыр және өте ауыр түрiнде сиырдың сүтi 60-90 кемуi, кейін тіпті тоқтап қалуы ықтимал. Бұндай сүтте бактериялар шектен тыс көбейедi, оның iшiнде тағамдық токсикоинфекциялардың қоздырғыштары да болады, бұндай сүттi қайнатқаннан соң мал азығына пайдаланады немесе жояды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет