Туберкулез ауруы бар малдың сүтiн iшкен адам мен мал осы ауруға шалдығуы мүмкін. Сондықтан да, ауру сиыр немесе туберкулинге реакция берген сиыр туберкулез ауруының өрiс алып кең таралуының бiрден-бiр көзi болып табылады. Мұндай сүт, әсіресе балалар үшін өте қауіпті. Олардың 90-100 пайызы ауруға шалдығады. Туберкулезбен ауырған сиыр сүтiнiң сапасы өзгереді.
Ауру мал сүтінде ақзат 2 есеге (7,2 пайыз дейін) артады, тұтқырлығы, минералды заттар және су мөлшері артып, май (0,7 пайызға дейін), лактоза және титрлеу қышқылдығы келмейді. Сүт сұйық, ішінде үлпершектер байқалып, жасыл-сарғыш түске енеді, дәмі тұз татиды. Бiрте-бiрте ақ үлпектiң көлемi көбейіп, ыдыс түбiне тұнба тұнады. Егер де, сиыр желiнi қабынса, сүттiң түсi көкшiл тартады.
Көпшiлiк деректерге қарағанда, аурудың ауыр-жеңiлiне қарамастан, туберкулездiң бактериясы сүттiң iшiнде жиi кездеседi. Мұздатылған май iшiнде 6,5 жылға дейiн, қышқыл сүттiң iшiнде 20 тәулік, сырда – 60 тәулік, майда - 100 тәулік туберкулездiң бактериясы өмiр сүредi. Ыстық, туберкулездiң бактериясына жайсыз тиедi, сондықтан да ол сұйықтықтың iшiнде 600С ыстықта 30 минутта өледi. Туберкулезбен ауырған мал сүтін 10 минут қайнатқаннан кейін, бордақылаған малға беруге болады.
Желiнi туберкулезбен зақымдалған сиыр сүтiн мал дәрiгерiнiң бақылауымен құртады. Туберкулинге реакция берген сиыр сүтiн, сол шаруашылықтың өзiнде қайнатқаннан соң пайдаланады немесе күйдірілген май алады. Ауру малдың сүтін 10 минут қайнатқаннан кейін бордақылаудағы малға беріледі.
Туберкулез ауруы бар шаруашылықта, аллергиялық реакция бермеген сиырдың сүтiн 900С температурада 5 минут немесе 850С – 30 минут пастерлейді. Сүт зауытына, сүт қабылдау пунктіне май зауытына тек қана пастерленген кілегейді жіберуге болады.
Бруцеллезбен ауыл шаруашылығы малдарының бәрі де ауырады. Қоздырушысы - қой мен ешкiде – мелитензис, шошқада – суис, iрi қарада – бовис деп аталатын бруцеллез бактериясы. Адамды осы қоздырушылардың бәрі де зақымдайды деп есептеледі. Алайда, өте қауiптiсi қой мен ешкi бруцеллезiнiң қоздырушысы – мелитензис. Қоздырушы түрлерiнiң бiр түлiктен екiншi түлiкке ауысып отыруы мүмкiн. Демек, мелитензис қой мен ешкi сүтiнде ғана кездесiп қоймай, сиыр сүтiнде де болуы ықтимал.
Адамның бруцеллезбен зақымдануының 45-80% бруцеллез қоздырушысымен зақымданған сүт пен сүт өнiмдерi арқылы жүреді. Салқындатылған сүттiң iшiнде бруцеллез бактериясы 60 тәулік, қышқылдығы кілегейде – 10 тәулікке дейін, сары майда - 67 тәулікке дейін, iрiмшiкте (сырда) 42 тәулікке дейiн қышқылдығы 120-1400Т қымызда 3 тәулікке дейiн өмiр сүредi. Сүттi 600С температурада 30 мин бойы пастерлеу бруцеллез бактериясын өлтіреді.
Бруцеллез мал сүтi 5 минут қайнатылады немесе күйдірілген май дайындалады. Серологиялық реакциясына оң нәтиже бергенімен, аурудың клиникалық белгiсi бiлiнбеген мал сүтiн 700С ыстықта - 30 мин пастерленгеннен кейiн ғана тағамға пайдаланады. Аурудан таза емес фермалардағы реакция бермеген сиырлардың сүтiн сеператордан өткiзедi және осы шаруашылықтың өзiнде пастерлеу әдiсiмен залалсыздандырады. Сүт қабылдайтын пункт, сүт зауыты немесе май зауытына тек қана пастеризациядан өткен кілегей шығарылады.
Бруцеллез ауруы бар шаруашылықтарда қой мен ешкiнi саууға тиым салынады. Ауру мал жойылады. Вакцина егілген малдан алынған сүт, табындағы сиырдың соңғы түсік тастап, сол сиырды табыннан шығарғаннан кейінгі 6 ай бойы пастерлейді.
Достарыңызбен бөлісу: |