Тексерген: Зайнеттинова Д. Б орындаған: Табысбек Ж. Тобы



бет25/25
Дата06.02.2022
өлшемі177,14 Kb.
#79957
түріҚұрамы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
желинсау аку

Кефирдi дайындау үшiн кефир саңырауқүлақтарын ұйытқы ретiнде пайдаланады. Сүттi пастерлейді, сонан соң оны 220С жылылыққа дейiн суытады да 5 ұйытқы қосады, оны бөтелкелерге құйып, 20-250С жылы жерге қойып ашытады. Осылай, ашу мерзiмiне қарай кефирдiң 3 категориясы болады: (оның құрамындағы спирт мөлшері және қышқылдылығына байланысты) 1 күндiк (күшсiз), 2 күндiк (орташа) және 3 күндiк (күшті) ашыған. Оның майлылығына қарай, майлы (майлылығы 1,0, 2,5, 3,2 кем емес) және майсыз (майын алған сүттен дайындалған) деп екiге бөледi.
Кефир диеталық тағам болып есептелiнедi. Оның құрамындағы ақзат қасиетiнiң өзгеруiне байланысты ол қаймағы айырылмаған сүттен әлде қайда сiңiмдi келедi. Кефир асқазан жүйелерінің созылмалы ауруларында, бронхы, подагра, сусамыр, атеросклероз, инфаркт ауруларында және зиянды семiргенде жақсы көмек бередi.
Қымыз. Қымызды бие сүтiн сүт қышқылды бактерияларымен қымыз ашытқысының қосындысымен ашытып дайындайды. Қымызда сүт қышқылды ашу мен спирттiк ашу бiрдей жүргендiктен, оның құрамында 2,5 дейiн алкоголь пайда болады. Қымызды шикi сүттен дайындайды, пастерлесе оның дәмi бұзылады және «С» дәрумені жойылып кетедi, 1л қымыздағы оның мөлшерi 200-250 мл жетедi. Қымызбен емдейтiн санаторияларда қымызды дайындау үшiн жаңа сауылған бие сүтiне 25 қымыз ашытқысын араластырады. Осы қоспаны ауадағы оттегiмен шынықтыру үшiн 20-30 минут бойы пiспекпен араластырып, 18-200С жылылықта 2-3 сағат ұстайды. Сонан соң, қымызды араластырып бөтелкеге құйып, 40С жылылықтағы мұздатқышта 24-74 сағат бойы жетiлдiруге қояды. Жетiлу мерзiмiнiң ұзақтығына қарай қымызды жуас (1 тәулiк), орташа (2 тәулiк) және күшті ашыған (3 тәулiк) деп ажыратады. Туберкулезде және асқазанда болатын жаралы ауруда, адамның жүйкесi шаршап, жалпы нашарлағанда қымыз жақсы әсер етедi. Асқа тәбетті арттырады, тамақты жақсы қорытады, сондықтан да қымыз iшкен адамның жалпы жағдайы жақсарады. Қымыз iшiндегi «С» дәруменінің мөлшерi, сиыр сүтiндегi мөлшерден 3 есе көп. Халық сүйiп, көп iшетiн болғандықтан қымыздың сапасын дұрыстап тексеруге мал дәрiгерлерi қатты көңiл бөлулерi керек.
Жуас қымыздың қышқылдығы 950Т дейін, майы 1,5, құрғақ заты – 9,5, С дәрумені 10 мг, құрамында 1 дейiн спиртi болады; орташа қымыздың қышқылдығы 1100Т, құрғақ заты – 9,2, спиртi 1-1,75, С дәрумені – 18 мг  жетедi. Күштi ашыған қымыздың қышқылдығы 1300Т, кейде одан да артуы ықтимал, ал спиртiнiң мөлшерi 1,75-2,5 болады.
Пайдаланған әдебиет
  • Интернет желісі
  • Википедия
  • Акушерлік көмек №3


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет