Тексерген: Зайнеттинова Д. Б орындаған: Табысбек Ж. Тобы



бет21/25
Дата06.02.2022
өлшемі177,14 Kb.
#79957
түріҚұрамы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
желинсау аку

Желінсау. Сауын малдарының арасында желiнсаудың бiрнеше түрлерi кездеседi, оның iшiндегi ең қауiптiсi, оның жасырын түрi. Желiнсау ауруының негiзгi қоздырушылары - стрептококктар, сонан соң стафилококктар, туберкулез кейде перфрингенс, ұсақ саңырыуқұлақтар т.б. Сиырды желiнсауға шалдықтыратын стрептококктар, стафилококктар адам үшiн де қауiптi, өйткені олар тағамдық уланулар туғызады, пастерлеу микроб токсинін жоймайды. Ауру сиыр сүтiнiң құрамы өзгередi. Ауру сиыр сүтiндегі сүт қантының, кальцийдiң, казеиннiң майдың мөлшерi, майсызданған құрғақ зат мөлшері және сүттiң тығыздығы кемидi де, хлорид, альбумин және лейкоциттер көбейедi. Желiнсау ауруы мал шаруашылығына, сүт өндiру iсiне үлкен зиян келтiредi, сүттiң сапасы кемидi, мұндай сүт адамның денсаулығына да жағымсыз болады. Ауру сиырдың сүтi iрiмтiк тәрiзденiп, түсi көгiлдiр тартып немесе сарғыштанады, дәмi тұз татиды. Мұндай сүттi қайнатқаннан кейін жояды.
Сау сиырлардың сүтiне желiнсау сиыр сүтiнiң 5 ғана араласса, бұндай сүттен дайындалған iрiмшiктiң көптеген кемшiлiктерi болады. Желiннiң сау бөлiгiнен сауылған сүттi 850С – 30 мин пастерленген немесе қайнатқаннан соң, сол шаруашылықтың өзiнде мал азығына пайдаланады. Ал, зақымдалған бөлiгiнен сауылған сүттi жояды. Жасырын желінсауды сүттің сезімдік көрсеткіштері арқылы анықтау өте қиын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет