Тексерген: Зайнеттинова Д. Б орындаған: Табысбек Ж. Тобы



бет24/25
Дата06.02.2022
өлшемі177,14 Kb.
#79957
түріҚұрамы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
желинсау аку

Айран (простокваша). Айранды дайындау үшiн майлы немесе майын алған сүттi ең алдымен пастерлеуден өткiзедi немесе қайнатады. Сүтқышқылды стрептококкпен немесе ацидофил бактериясының көмегiмен ұйытады. Сонан соң, - 37-400С дейiн салқындатып, 5 бактериялық ұйытқыны араластырады да, жылы жерге қояды. 6-10 сағаттың iшiнде айран ұйып болады.
Сүтқышқылдық бактериялардың түрлерi мен сүттi ұйыту әдiстерiне қарай айранның көптеген түрлерi (кәдiмгi айран, оңтүстiк лактобациллин, моцони, ряженка, варенец, т.б.) болады. Айранның әр түрiн дайындау үшiн керектi ұйытқыны кептiрген түрiнде сатады. Майын алмаған сүттен дайындалған айранды майлы айран, ал майын алған сүттен дайындалған айранды майсыз айран деп атайды. Майлы айранның майлылығы 3,2  кем болмауы керек.
Майы алынған сүттен дайындалған сүзбе мал дәрiгерлiк жұмысында жас шөжелердiң iшек ауруларын емдегенде жақсы нәтиже бередi. Сүзбе дайындайтын (майлы сүзбе үшiн майлы сүт, майсыз сүзбе үшiн майы алынған сүт) сүттi ең алдымен пастерлейді, 20-340С жылылыққа дейiн салқындатады, сонан соң ваннаға құйып, 5 сүт қышқылдық бактериялардан дайындалған ұйытқы қосып араластырады, аздап пепсин немесе мәйектiң ұнтағы салынады. 6-8 сағаттан соң ол қоюланады, оны сым пышақтың көмегiмен текше пiшiндi етiп кеседi де, бiр сағаттай қозғамай қалдырады. Сонан соң, сарысуын бөлiп алып, сүзбенi бөз қалтаның iшiне салып, пресспен бастырады. Пресстен шыққан сүзбе тез арада 3-60С жылылыққа дейiн салқындатылады. Жаңа туған сиырдың сүтi алғашқы 7 күн iшiнде (уыз) және суалтылуына 2 апта қалған сиыр сүтi сүзбе дайындауға жарамайды.
Қаймақ. Сиыр сүтiнен алынған кілегейді пастерлеп, сүт қышқылды стрептококкпен ашытып дайындайды. Сапалы шикi қаймақтың хош иiсi мен сүйкiмдi дәмi болады, бөгде дәмi мен иiсi болмайды. Сәл ғана мал азығының және ағаш ыдыстың дәмi бiлiнуi, болар болмас ащы дәмiнiң болуы мүмкін. Қышқылдығы Тернер бойынша 60-1200С-тың шамасы.
Шикi қаймақты дайындау үшiн 850С ыстықтықта пастерлеп, 18-220С жылылыққа дейiн салқындатады, сонан соң 5 ашытқы қосып, 22-240С жылылықта ашытады. 16-20 сағаттан кейiн қаймақты 5-60С дейін салқындатады, қаймақтың жақсы жетiлуi үшiн осы температурада 24-48 сағат бойы ұстайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет