Тексерген: Зайнеттинова Д. Б орындаған: Табысбек Ж. Тобы



бет18/25
Дата06.02.2022
өлшемі177,14 Kb.
#79957
түріҚұрамы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25
Байланысты:
желинсау аку

Аусылдың қоздырушысы - сүзгіден өткiш вирус, ол ауру малдардың сүтiнде де кездеседi. Аусылмен мал және адам, әсiресе балалар ауырады. Сүт iшiнде вирус 45 тәулік сақталады. Суықтық оны консервiлейдi. 60-700С дейiн сұйық ортада қыздырғанда 15 минуттан кейiн өледi. Аусылмен ауырған сиыр сүтiнде лейкоциттердiң саны көбейедi (7 есе), майы 7-8% көтерiледi, сондай-ақ сарысудың ақзаттары, кальцийдiң мөлшерi артады. Май және сүзбе дайындайтын сүттi 85-900С 30 минут бойы пастеризациялау ұсынылады. Кейде аусылмен ауырған сиыр сүтiнде жағымсыз дәм мен иiс бiлiнедi, консистенциясы шырышты болады. Мұндай сүт утильге немесе жоюға жіберіледі.
Сальмонеллалар қатты ауру сиырдың сүтiнде болуымен қатар, сүтке сыртқы ортадан да түседi. Сауылған сүт ауру адам арқылы да ластанады. Сальмонеллезбен ауырған мал сүтiн 5 минут бойы қайнату ұсынылады. Бұзаудың салмонеллезi бар шаруашылықта, аурудың шыққан кезеңiнде және ауру тоқтағаннан кейiн 2 ай бойы сүттi 800С 30 минут бойы пастерлейді. Сальмонелла табылған дайын сүт өнiмдерiн техникалық өңдеуге жiбередi.
Листериозбен малмен қатар адам да ауырады. Аурудың қоздырушысы сауын сиырлардың сүтiмен бөлiнедi. Ондай сүттi 800С ыстықтықта 30 минут пастерлегеннен кейiн тағамға пайдалануға болады.
Паратуберкулез. Құс туберкулинiне оң реакция берген ауру сиыр сүтiн 700С – 30 мин, 900С 10-15 мин пастерлегеннен кейін немесе 5 мин қайнатқаннан соң тағамдыққа пайдалануға немесе өңдеуге шығарады.
Күлден таза емес шаруашылықта алынған сиыр, ешкi мен қой сүттерiн қайнатады немесе пастерлейді, сол жердi де өңдейдi. Өңделген сүт өнiмдерi карантинге алынғаннан кейiн шаруашылықтан тыс жерге шығаруға болады.
Туляремияның қоздырушысы сүтпен бөлiнедi, жаңа сауылған сүт iшiнде 8 тәулік, тоңазытылған сүтте 104 тәулікке дейiн сақталады. Бұл аурумен адам да ауырады. Кеміргіштер жаппай ауырған шаруашылықтарда және оң реакция берген малдың сүтi пайдаланар алдында пастерленеді немесе қайнатылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет