VІІІ Сабақты қорытындылау:
Абай – ұлы ақын, ғалым, философ, көркем әдебиеттің темірқазығы.
Абай насихаты – ынтымақшыл, арлы, адал, еңбекқор, иманды, талапты, үлкен жүректі кісі болу. Абай «Жиырма тоғызыншы» қарасөзі арқылы кез келген нәрсені сол қалпында қабылдай бермей, сын көзбен қарауға, өзіңе керекті нәрсені танып, талғап ала білуге шақырады. Абайдың өз сөзімен айтсақ:
Терең ойдың түбінде теңізі бар,
Тесіле көп қараса, көңіл ұғар.
ІХ Бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
Х Үй тапсырмасы:
«Абай қарасөзін оқығаннан кейінгі түйген ойым» эссе жазу.
«Отыз бірінші» қарасөзін жаттау.
Тексерілді:
Күні: 05.10.2016
Пәні: Абайтану
Сыныбы: 11-сынып
Сабақтың тақырыбы: Осы мен өзім – қазақпын
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға Абайдың қара сөздері, тоғызыншы қара сөз жайлы толық түрде мәлімет бере отырып, олардың ой-пікірін қалыптастыру;
2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу;
3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: лекция сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер, «Қарасөздер» жинағы.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;
2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;
3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;
4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.
Достарыңызбен бөлісу: |