Тексерілді: Күні



бет12/78
Дата08.09.2024
өлшемі230,66 Kb.
#203928
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   78
Байланысты:
11-сынып Абайтану қмж

ІІ Үй тапсырмасын сұрау:

  1. «Абай қарасөзін оқығаннан кейінгі түйген ойым» эссе жазу.

  2. «Отыз бірінші» қарасөзін жаттау.

Сұрақтар қою арқылы өткен сабақты сұраймын.
1. Бұл қара сөздің идеясы қандай?
Естіген нәрсені ұмытпаудың, есте сақтаудың жолдарына тоқталған.
2. Бұл шығарманың бас кейіпкері бар ма?
Иә, бар.
3. Егер болса, ол кім?
Абай. Жеке өз аузынан айтылған пікір. Осындайда кейіпкер ойы мен автор ойының бір жерден шығып отыратынын байқау қиын емес.
4. Абайдың қарасөзі кімнің ойын білдіреді?
Абайдың әр қара сөзі жалпы халықтың, қалың жұртшылықтың ойын білдіріп, үлкен ғибратты түйін жасайды.
5. Абай бар асыл ойын кімге арнады?
Абай бар асыл ойын замана жастарына, келер ұрпаққа арнады. Оның шығармашылық қызметінің негізгі мұраты – адам тәрбиесі.


ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру:


Осы мен өзім қазақпын
Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға Абайдың қара сөздері, тоғызыншы қара сөзі жайлы түсіндіремін. Абайдың бұл қара сөзі 1892 жылы жазылған.
Халқының өткеніне қиналған, қазіргісіне күмәнданған, алайда келешегінен үміттеніп, «шиыршық атып толғанған» Абай: «Осы мен өзім – қазақпын. Қазақты жақсы көрем бе, жек көрем бе? Егер жақсы көрсем, қылықтарын қостасам керек еді... Ондайым жоқ. Егер жек керсем, сөйлеспес ем, мәжілістес, сырлас, кеңестес болмасам керек еді, тобына бармай, «не қылды, не болды?» демей жата беру керек еді... бұлардың бәрі де жоқ... Мен өзім тірі болсам да анық тірі емеспін... Сыртым сау болса да ішім өліп қалыпты. Ашулансам, ызалана алмаймын. Күлсем, қуана алмаймын...» деп, халқының қамын ойлап қиналады, қапаланады, халқының мінін, кемістігін көрсетіп, бетіне баса сынайды. «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың. Жақсы менен жаманды айырмадың. Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың» деп бір жағынан қатты қиналса, екінші жағынан «Дүниеде еш нәрседе баян жоқ екені рас, жамандық та қайдан баяндап қалады дейсің? Қары қалың қатты қыстың артынан көгі қалың, көлі мол жақсы жаз келмеуші ме еді?» деп, үміттенеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет