Тексерілді: Күні



бет15/78
Дата08.09.2024
өлшемі230,66 Kb.
#203928
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   78
Байланысты:
11-сынып Абайтану қмж

ІІІ Жаңа сабақ:

  1. «Білу» теориясы.

«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңін ноутбуктың көмегімен оқу. Мәтінге талдау жасату. (Оқушылар өздері ұғынған мәліметтерді айтады) Бұдан соң «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңін Абайдың шығармалар жинағынан карап мәнерлеп оқып танысады.



  1. Түсіндіру әдісі:

«Дереккөз» Дәптермен, оқулықпен жұмыс.
Өлең алдымен қазақтың кескінін көз алдыңа алып кеп, кейін оның ішкі әлемі – мінезін аша бастайды. Қазақ халқына айтылған терең ой жатыр. Халықтың надандығы мен әкімсымақтарын сынайды. «Қазағым», «елім», «жұртым» дей отырып, Абай халық басындағы мұңға қинала сөйлейді. Іске жоқ, жыртың-жыртың мағынасыз күлкі, қу сөзді, мылжың, бөспе, күндіз күлкі, түнде ұйқы бұзу, себебі – өз малына өзі ие емес сорлы.



  1. Қосымша мәлімет:

Бұл өлең 1886 жылы жазылған. 30 жолдан тұрады. Өлең мәтіні 1909, 1957 жылғы жинақ және Мүрсейт қолжазбалары (1905, 1910) бойынша алынды.



  1. «Түсіну»теориясы.

Абай тілінің сөздігін жасау.
Тыртың – қолдан келмейтін тыраштанған іс-әрекет
Қиқым – Бір нәрсенің майда, ұсақ қалдығы
Ырық – өз қалауы, еркі
Сиық – түр-тұрпат, көрік, түр-сұрық
Қырт, қыртың – көп сөйлеу, мылжың
Шырық – берекені алу, мазалау



  1. «Қолдану» практикасы.

«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңіндегі көркем эпитетті табу.
Қан ұрт, май ұрт, аузымен орақ ору, бабасына би болған өңкей қиқым, тиянақсыз қылтың, жыртың-жыртың күлкі.
Эпитет – зат-құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз. Эпитет өмір суреттерін дәл өрнектеуге қызмет етеді. (З.Қабдолов, Сөз өнері Алматы, «Мектеп»,1976, 224 б.)



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет