Тексерілді: Күні



бет18/78
Дата08.09.2024
өлшемі230,66 Kb.
#203928
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   78
Байланысты:
11-сынып Абайтану қмж

Бөтен елде бар болса
Бөтен елде бар болса,
Ежеттесің, сыйласың, 
Сыбырлас, сырлас көп болған.
Көптен тату қимасың.
Басыңа жұмыс түскен күн
Татулықты бұрынғы
Не қылып ол ойласын.
Ашып берер жауыңа
Өзі көрген қоймасын.
Желіккен жауға кез болса, 
Араздығы сөз болса,
“Бәрекелді батыр” деп, 
“Мықты боп бара жатыр” деп,
Мақтап-мақтап қоздырар.
Ескі досын көргенде,
Есебі жоқ ант ішіп,
Аруақ, құдай айтысып,
Сыр алғалы айттым деп, 
Жауыңды алдап қайттым деп, 
Құдайдан қорықпай, антұрған 
Иман жүзін тоздырар.
Келіп-кетіп көп жүріп,
Мен досыңмын деп жүріп,
Дұшпандығын оздырар.
Алдайды деп жауыңа,
Ел тарттырмай баурына,
Көрінгенді азғырар.
Кеселді болып бітеді
Жақсыға біткен жақындар.
Жау жағадан алған күн
Өздері иттей тақымдар.
Үйде отырып ескенде,
Бәрі шешен қақылдар.
Аулаққа шығып бірінің
Бірі сөзін мақұлдар.
Жау көп болса басыңда,
Бірі қалмас қасыңда.
Жетектесең, табандар.
Далаға шығып өзіңді
Жаттан бетер жамандар.
Жалбарынып күн көріп,
Жақынын сатып, жөн көріп,
Қалтаң-құлтаң амалдар.
Туысқанға кекшілі
Жас баладан бетерді,
Ойлау да жоқ, білу жоқ,
Келер менен кетерді.


ІV Үйге тапсырма:

  1. «Жақсылық ұзақ тұрмайды» өлеңін жаттау.

  2. Өлеңді құрылысына қарай талдау.



V Бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
Тексерілді:


Күні: 26.10.2016
Пәні: Абайтану
Сыныбы: 11-сынып

Сабақтың тақырыбы: «Сегіз аяқ» өлеңі


Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік:
оқушыларға Абай өлеңдерін терең меңгерту, мәнерлеп жатқа айту, өлеңдерінің идеялық мазмұнын меңгерту, «Сегіз аяқ» өлеңін талдау;
2. Дамытушылық:
әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік бере, өзінше ой түюге баулу, шығармашылық жұмыс жасауға жұмылдыру арқылы таным-түсініктерін, сөйлеу мәдениетін дамыту, мәнерлеп оқи отырып талдау;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет