3. Тәрбиелік: ақын өлеңдерін оқи отырып, оқушы дүниетанымын қалыптастыру, адамгершілік қасиеттерді бойға сіңіру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: Абай портреті, шығармалар жинағы.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;
2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;
3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;
4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Өткен сабақты сұрау:
«Жақсылық ұзақ тұрмайды» өлеңін жаттау.
Өлеңді құрылысына қарай талдау.
ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру:
«Сегіз аяқ» өлеңі
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусының қандырған кім?
Өзіне - өзі орнатып ескерткішті
Мұра қып, кейінгіге қалдырған кім?
Абай қазақ халқының рухани көсемдерінің бірі емес, бірегейі. Баршаның мақтан ететін ойшыл да сыршыл данышпанымыз. Ұлы ақын өзі өмір сүрген қоғам келеңсіздіктерін көріп өскендіктен, солардың бәріне де қарсы болып, ел бірлігін аңсады, мәдениетті елдердің қатарына жетуді, азат ел болуды арман етті.
Бүгінде ақын арманы орындалды. Еліміз тәуелсіздігімізді алды, биыл біз «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылдығын» тойлап отырмыз, еліміз қабілетті 50 елдің қатарында.
Абай әлемі терең мұхит, сол мұхитты жүзіп өтіп, Абай әлемінен білім алайық.
Бүгін біз ұлы ақынның жазушылық еңбегінің орта тұсында туған үлкен әрі мол, әрі көркемдік жағынан келісті, зор шығармаларының бірі - «Сегіз аяқ» өлеңімен танысамыз. «Сегіз аяқ» Абайдың 1889 жылы жазған өлеңі.
1. Абай оқуларының аудандық жүлдегері Динара «Сегіз аяқ» өлеңінен үзінді оқып береді.
2. Өлеңді мәнерлеп оқу. /әр топтан 1 оқушыдан/.
3. Өлеңде не жайында айтылған? Не түсіндік?
а/ Ақын бұл өлеңде әлеуметтік мәселелерді сөз қылады. Қазақ өмірімен байланысты мәселелердің әрқайсысына ерекше тоқтап, үлгілі сөздер айтады.
б/ Ақын тек өмірдің шындығын ғана ашып қоймай, алға қойған мақсатты орындау үшін не керек екендігін де ашып көрсетеді.
г/ Ұлы ақын жастардың адам болу үшін ең алдымен еңбек ету керек, білімді болуы керек және халқына пайдалы еңбек ету керек деп қорытынды шығарады.
4. Дұрыс айтасыздар, «Сегіз аяқ» өлеңінде ақын өз кезіндегі өмір шындығын көрсетуден туған өлеңдерінің бірі, мұнда бір жағы – сын, сықақ болса, екінші жағы – өсиет, ғибрат беру.
Достарыңызбен бөлісу: |