Абай әндері бойынша сұрақ-жауап:
І топ – қазіргі ұрпақ, ІІ топ – Абай атамыз, қазіргі ұрпақ сұрақ қояды, Абай атамыз жауап береді.( Виртуальді түрде сөйлесеміз)
ІV Топпен жұмыс:
І топқа: Білгенге маржан
Білмеске арзан
Өрнегін сендей сала алмас – өлең жолдарын талдау.
1 абзацты оқып, одан адамға керекті жақсы қасиеттерді теріп жазу.
ІІ топқа: мәтіннің екінші бөлімінен адам неден аулақ болу керек немесе адамға жақын болатын қасиеттерді теріп жазу.
ІІІ топқа: Өткірдің жүзі
Кестенің бізі
Өрнегін сендей сала алмас. Жолдарын талдату. (Жауаптарын әр топтан бір оқушы оқып береді)
Ақынның «Сегіз аяқ » өлеңіне Абай атамыз ән шығарған. Осы өлеңнің 8 түрі бар. 1920 жылы әнші-ақын Мұстафа Нұрбаев нотаға түсірген. 1922 жылы А.В.Затаевич жалаң нотаға түсіреді. «Әр халықтың әндері» жинағына енгізіп халыққа насихаттаған.
V Сабақты бекіту:
Абай атамыз бұл сөздерін бізге не үшін жазған? Неге қалдырған?
Қара сөздердің тақырыбы әр алуан. Біз үшін ең қажеттісі: «оқу керек, оқығанды көңілге тоқи білу керек, білім алу үшін талап керек». Жақсыға жақын, жаманнан қашық болу керек. Сонымен, Абайдың өлеңдерін тану арқылы біз оны кім деп білдік?
VІ Үйге тапсырма: «Абай – ұлы ойшыл» атты эссе жазу.
VІІ Бағалау: оқушылардың сабаққа қатысына, берген жауаптарына, ынтасына қарай білімдерін бағалаймын.
Тексерілді:
Күні: 16.11.2016
Пәні: Абайтану
Сыныбы: 11-сынып
Сабақтың тақырыбы: «Ішім өлген, сыртым сау», «Қажымас дос халықта жоқ» өлеңдері
Сабақ мақсаты:
Білімділік: оқушыларға Абайдың «Ішім өлген, сыртым сау», «Қажымас дос халықта жоқ» өлеңдерінің мәнін түсіндіре отырып, сол кездегі дәуір тынысын, қазақ халқының мінез ерекшелігін ұғынуға жағдай жасау;
Достарыңызбен бөлісу: |