VІІ Үй тапсырмасы:
«Сегіз аяқ» өлеңін жатқа айту.
Өлеңді құрылысына қарай талдау.
VІІІ Бағалау: оқушылардың сабаққа қатысына, берген жауаптарына, ынтасына қарай білімдерін бағалаймын.
Тексерілді:
Күні: 09.11.2016
Пәні: Абайтану
Сыныбы: 11-сынып
Сабақтың тақырыбы: «Сегіз аяқ» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға Абай өлеңдерін терең меңгерту, мәнерлеп жатқа айту, өлеңдерінің идеялық мазмұнын меңгерту;
Дамытушылық: Әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік бере, өзінше ой түюге баулу, шығармашылық жұмыс жасауға жұмылдыру арқылы таным-түсініктерін, сөйлеу мәдениетін дамыту мәнерлеп оқи отырып талдау;
Тәрбиелік: Ақын өлеңдерін оқи отырып, оқушы дүниетанымын қалыптастыру, адамгершілік қасиеттерді бойға сіңіру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: Абай портреті, шығармалар жинағы.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;
2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;
3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;
4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау:
«Сегіз аяқ» өлеңін жатқа айту.
Өлеңді құрылысына қарай талдау.
ІІІ Жаңа сабақ:
«Сегіз аяқ» өлеңі
Ақынның «Сегіз аяқ» өлеңін оқып, мазмұнының жаңа қырынан тану
Осындай сөздер Абай атамызда бар. Жаңа тақырыпты дәптерлеріңе жазыңдар:
Өлең өрнегінің ерекшелігі, өлең шумағын талдау.
Сөздік жұмысы (жазғызу, оқыту)
Өлеңнің мазмұнын ашу үшін өз пікірлерін білдіреді. Әр топ сегіз жолды, бір шумақ өлең жолынан қанатты сөздерді табады. Қанатты сөздердің мәнін ашады. (Мұғалім өзі мәнерлеп оқиды) Тақырыбы қандай? Адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған.
Достарыңызбен бөлісу: |