ІV Үйге тапсырма: Абайтану – қазақ әдебиеттану ғылымының бір саласы туралы түсінік.
V Оқушыларды бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
Тексерілді:
Күні: 21.09.2016
Пәні: Абайтану
Сыныбы: 11-сынып
Сабақтың тақырыбы: Абайдың отыз бесінші қарасөзі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға Абайдың қарасөздері, отыз бесінші қарасөзі жайлы толық түрде мәлімет бере отырып, олардың ой-пікірін қалыптастыру;
2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу;
3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер, «Қара сөздер» жинағы.
Сабақтың формалары: топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;
2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;
3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;
4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау:
Абайтану ғылымы туралы түсінік.
Реферат жазу.
Өткен сабақты сұрақтар қою арқылы қорытындылаймын.
Абайтану ғылымы қандай зерттеу еңбектерін қамтиды?
Абайдың өмірі мен шығармашылық мұрасын зерттеу қай ғалымдардың мақалаларынан басталады?
Абайға: «Одан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ» - деп баға берген ғалым.
Ақын шығармалары жинақ болып шыққанға дейін кімнің қолжазбалары арқылы жеткен?
Абай шығармаларының тұңғыш жинағын бастырып шығарған кімдер еді?
Абай шығармаларын қандай ғалымдар зерттеген?
Достарыңызбен бөлісу: |