Тексерілді: Күні



бет6/78
Дата08.09.2024
өлшемі230,66 Kb.
#203928
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78
Байланысты:
11-сынып Абайтану қмж

Отыз бесінші қарасөзі
Махшарға барғанда құдай тағала қажы, молда, сопы, жомарт, шейіт - соларды қатар қойып, сұрар дейді. Дүниеде ғиззат үшін, сый-құрмет алмақ үшін қажы болғанды, молда болғанды, сопы болғанды, жомарт болғанды, шейіт болғандарды бір бөлек қояр дейді. Ахиретке бола, бір ғана құдай тағаланың разылығын таппақ үшін болғандарды бір бөлек қояр дейді.
Дүние үшін болғандарға айтар дейді: «Сендер дүниеде қажеке, молдеке, сопеке, мырзеке, батыреке аталмақ үшін өнер қылып едіңдер, ол дүниең мұнда жоқ. Сендердің ол қызықты дүниең харап болған, сонымен қылған өнерлерің де бітті. Енді мұнда құрмет алмақ түгіл, сұрау беріңдер! Мал бердім, өмір бердім, не үшін сол малдарыңды, өмірлеріңді, бетіңе ахиретті ұстап, дін ниетің дүниеде тұрып, жұртты алдамақ үшін сарып қылдыңдар?» деп.
Ана шын ниетіменен орнын тауып, бір құдайдың разылығы үшін өнер қылғандарға айтар дейді: «Сендер бір ғана менің разылығымды іздеп малдарыңды, өмірлеріңді сарып қылып едіңдер, мен разы болдым. Сіздерге лайықты құрметті орным бар, дайын, кіріңдер! Һәм ол разылықтарыңнан басқа осы махшар ішінде, сендердің осы қылғаныңа өзі қылмаса да, іші еріп, ынтық болған достарың табылса, шафағат қылыңдар!» - деп айтар дейді.


ІV Сабақты бекіту: өтілген тақырыпты сұрақ қою арқылы бекітемін.

  1. Абайдың дінге деген көзқарасы қандай болды?

  2. Абайдың дінге деген көзқарасын бағалап, тұжырым жасаушылар қандай пікірде болды?

  3. Абай қазақ жерінде ислам дінінің қалай тарағандығын және оның шаманизммен байланысын қандай еңбегінде талдайды?

  4. Абайдың Алла туралы ұғымы қандай болды?

  5. Отыз бесінші қарасөзінде не туралы айтады?



V Үйге тапсырма:

  1. Абайдың отыз бесінші қарасөзі туралы түсінік.

  2. Реферат жазу.



Оқушыларды бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет