ІV Сабақты бекіту:
Абай мектебінің қалыптастырған дәстүрі.
Жаңашылдығы мен прогрессивті мақсат-мүддесі не?
Абай мектебінің шәкірттері.
V Үйге тапсырма:
Абай мектебінің қалыптасқан дәстүрі, жаңашылдығы, прогрессивті мақсат-мүддесі туралы түсінік.
Реферат жазу.
VІ Бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
Тексерілді:
Күні: 03.05.2017
Пәні: Абайтану
Сыныбы: 11-сынып
Сабақтың тақырыбы: Абайдың талантты ақын шәкірттері: Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия, Көкбай, Әсет, Әріп, Әубәкір
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға Абайдың ақын шәкірттері: Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия, Көкбай, Әсет, Әріп, Әубәкір жайлы толық түрде мәлімет бере отырып, олардың ой-пікірін қалыптастыру.
2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.
3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу..
Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, бағалау, қорытындылау,
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;
2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;
3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;
4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
5. Cабақтың мақсатымен таныстыру;
Достарыңызбен бөлісу: |