Алтыншы. Әрбір шумағында төрт жол бар, бастапқы жолы жеті буынды, соңғы үш жолы сегіз буынды, үйлесі – а,б,а,б боп келетін өлең.
Желсіз түнде жарық ай,- а Сәулесі суда дірілдеп,- б Ауылдың алды терең сай- а Тасыған өзен дүрілдеп. - в.
Жетінші.Әр шумағында алты жол бар, әр жолында жеті буын бар, үйлесі – а,а,б,в,в,б боп отыратын өлең.
Өзін - өзі күндейді - а
Жақынып жаттай міндейді - а Ол – арсыздық белгісі - в Ұятсынбай, ойланбай - в «Қой» дегенге тіл алмай - в Іс қылмай ма ол кісі - б Сегізінші. Бір шумағында алты жол бар, 1,2,4,5 жолдары бес буыннан, 3,6 жолдары жеті буыннан, үйлесі – а,а,б,в,в,б болып келетін өлең.
Бай сейілді - а
Бір бейілді, - а
Елде жақсы қалмады. - б
Елдегі еркек, - в
Босқа селтек - в
Етіп елін қармады, - б
ІV Сабақты бекіту: Абай поэзиясындағы тілдік ерекшеліктер.
Абайдың қазақ поэзиясына енгізген жаңалығы.
Абай енгізген ұйқастар.
V Үйге тапсырма: Абай өлеңдерінің тілі және қазақ поэзиясына енгізген жаңалығы
туралы түсінік.
Реферат жазу.
VІ Бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: оқушыларға Ақынның шеберлік тәсілдері, даралық ерекшеліктері жайлы толық түрде мәлімет бере отырып, олардың ой-пікірін қалыптастыру.
2. Дамытушылық:ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.